Бағдарламалау | Бейсик тілінде берілген есепке программа құру

КІРІСПЕ
Программалаудың тілі БЕЙСИК 1964 жылы мамыр айының күндерінде пайда болды. Ол 70 – інші жылдың соңында ең жақсы алгоритм тілдерінің қатарына қосылды.
БЕЙСИК ( BASIC ) атауы ағылшынның Beginners All – purpose Symbolic Instruction Code деген сөздерінің алғашқы әріптерінен қысқартылып алынған, қазақшаға аударғанда - «универсалдық белгілеуіш кодын бастайын дегендерге». Әуел баста БЕЙСИК тілін жоғарғы оқу орындарының гуманитарлық факультеттерінің студенттеріне арналып жазылған еді. Алайда бұл тілдің грамматикасы мен синтаксисінің қарапайымдылығы, фортран алгоритмдік тіліне ұқсастығы оның математикалық және ғылыми – техникалық есептеулерге пайдалануға кең тарауына мүмкіндік берді. Негізінен БЕЙСИК жоғары дамытылған және дерек алмасу тілі болып есептелінеді. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Дене шынықтыру | Еркін күресшінің дене күш қабілетін арттыру

Бүгінгі күн жағдайынды қоғамның әлеуметтік- экономикалық дамуы табысты болуы үшін денсаулығы мықты жәнеде дене күштері жетілген тұлғаны тәрбиелеу қажеттігі туындап отыр.
Қазiргi кезеңдегi студент күресшілердің дайындау жүйесi өзiндiк мақсаты, мiндеттерi, құралдары, әдiстерi, ұйымдастыру түрлерiмен материалдық-техникалық шарттары т.б. бар, студенттердiң ең жоғарғы спорттық нәтижелерге жеткiзуге қамтамасыз ететiн күрделi де көп факторлы құбылыс болып табылады, сондай-ақ студент спортшыны жарыстарға дайындайтын ұйымдастырылған педагогикалық үрдiс.
Дүние жүзiндегi студент жастар арасында кеңiнен тараған спорт түрлерiне спорттық түрлер мен волейбол жатады.
Күресші студенттердiң спорттық шеберлiгiнiң шыңын анықтайтын факторлардың бiрi ойыншылардың техникалық тәсiлдерi қабылдап алу мен беру, тиiмдi орындау болып саналады. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Боксшының техникалық тактикалық дайындығының жас ерекшеліктер негіздерін жетілдіру

Тақырыптың көкейкестілігі. Бүгінгі таңдағы қоғам өмірінің экологиялық, экономикалық және әлеуметтік жағдайларының түрлі себептерінен, сондай-ақ жалпы білім беретін мектептер мен басқа да жоғары білім беретін оқу орындарында дене тәрбиесі мен спорт жүйелерінің нашарлауына байланысты оқушылар мен жас жеткіншектердің денсаулықтары төмендеп, жылдан-жылға аурулардың саны көбеюде. Бұл жағдай қоғамның да, мемлекет басшыларының да алаңдаушылығын туғызуда.
Осыған орай халықты, әсіресе, болашақ жастардың дене тәрбиесі жүйесін жақсартуға мемлекет тарапынан әр жыл сайын бірнеше шаралар жүзеге асырылып, заңдар қабылдануда. Мысалы, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан Республикасының 1996-2000 жылдар аралығында жалпы бұқаралық спортты дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» туралы Жарлығына қол қойса [1996 ж.], 1997 жылы «Қазақстан-2030» бағдарламасын жолдады. ....

Дипломдық жұмыстар
Толық

Топырақтану | Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы Ақтөбе ауылдық округының топырақтары және оны агроөндірістік топтастыру

Сарыағаш ауданының "Ақтөбе" ауылдық округы аумағында, бұрынғы Келес ауданы, Ғ. Мұратбаев атындағы кеңшарда алғаш рет ірі көлемдегі топырақ зерттеуі 1967 жылы өткізілді.
Топырақ түсірілімінің негізгі мақсаты топырақ жамылғысының егжей-тегжейлі сипаттамасын алу, сондай-ақ топырақ құнарлығын арттыру және ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыруға және ауыл шаруашылық мақсатта жер учаскелерінің паспорттарын дайындауға бағытталған іс-шаралардағы қажеттіліктерді анықтау болып табылады.
Топырақ материалдарының ескіруіне байланысты 2017 жылдың наурыз-сәуір айларында Оңтүстік Қазақстан еншілес мемлекеттік кәсіпорынының инженер – топырақтанушысы Г.Қамбаровтың басшылығымен, Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданындағы "Ақтөбе" ауылдық округы аумағындағы үлгілерді паспорттандыру және іріктеу мақсатында топырақ материалдарын жаңарту үшін топырақ зерттеуі жүргізілді. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Технология | Тағамдық құндылығы жоғары нан тоқаш өнімдерінің рецептурасын құру және сапасын анықтау

Зерттеудің өзектілігі. Қазіргі таңда елімізде күнделікті халықтың тамақтану рационы бұзылғаны басты мәселелердің бірі. Тұтынатын күнделікті тағамдарымызда дәрумендер, белок, тағамдық талшықтар, макро және микронитруенттердің жетіспеушілігі асқазан - ішек және де басқа да денсаулыққа қауіпті аурулардың өсуіне әкеліп соғуда. Күнделікті уақытылы дұрыс тамақтану адам организмінің қарапайым (суық тиу, асқазан ішек арурлары) және созылмалы аурулардың алдын алуға иммунитеттің көтерілуіне көмектеседі.
Hан - тоқаш өнімдері тағам өндірісінде ең басты орынды алатыны барлығымызға белгілі. Осыған орай еліміздегі тағамтану саласындағы мамандырымыз нан – тоқаш өнімдерінің құрамын адам организіміне қажетті ақуыз, дәрумендермен, минералдық заттармен байытуда елеулі жұмыстар атқарып жатыр және нан өнімдеріне деген сұраныс көп. Нан негізінен калорияның, ақуыздың, витаминдердің және минералдық заттардың тамаша көзі болып табылады және қоректік заттардың мөлшері бойынша адамның тәуліктік рационының үштен бір бөлігін құрайды, сонымен қатар нан ең арзан және қолжетімді өнім болып табылады. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Метрология | Стандарттау метрология және сәйкестікті растау жұмыстары

Стандарттау, метрология және сертификаттау өнімнің, жұмыстың және қызметтің сапасын қамтамасыз етудің басты құралдары болып табылады. Шет елдерде бизнестің табысты болуы өнім мен қызметтің сапасына тікелей байланысты екені жөніндегі тұжырым өткен ғасырдың 80-жылдарының басында қалыптасты. Осы елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай тауар сапасы оны жоғары бағамен өткізудің басты факторына айналды. Осыған байланысты сапаны қамтамасыз етудің стандарттауға, метрологияға және сертификаттауға негізделген тәсілдерін меңгеру дайындаушының нарыққа бәсекелесу деңгейі жоғары өніммен (қызметпен) шығуының басты кепілі, яғни коммерциялық табыстың негізі.
Сапа қай елде болса да өзекті мәселе. Мысалы, екінші дүниежүзілік соғыстан қалжырап шыққан Жапония мен Германия стандарттау мен метрологияны шебер қолдану арқылы өнімнің сапасын қамтамасыз етуге және сол арқылы өз елдерінің экономикасын дамытуға басты қадам жасады.
Қазіргі кезде дайындаушының және оның саудадағы келістірушісінің бәсекеде жеңуі және әлемдік рынокқа шығуы үшін олар тек қана стандарттардың міндетті талаптарын ғана емес, сонымен қатар тұтынушылар ұсынған талаптарды да орындауға мүдделі. Бұл стандарттардың нарықтың ынталандырушысы статусына ие болғандығын көрсетеді. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Психология | Студенттердің психологиялық - педагогикалық даму ерекшеліктері

КІРІСПЕ
Нарықтық қатынастар орныға бастаған тәуелсіз еліміздегі білім мекемелерінің алдына оқушыларға берілетін білім мен тәрбие сапасын көтеру және жақсарту міндеттері қойылды. Соңғы уақытта заман ағымына байланысты білім мазмұнында көптеген түбегейлі өзгерістер болуда.
Қазақстан Республикасының “Білім туралы заңында”[1], “Қазақстан Республикасы азаматтарының жаңа әлеуметтік мінез- құлқын қалыптастыру”[2],“Қазақстан Республикасы мәдени-этникалық білім беру”[3], “Білім мазмұнын гуманитарландыру”[4] тұжырымдамаларында білім беру ісінде жаңа рухани-мәдени құндылықтарды игеруге, ұлттық сананың қалыптасып өсуіне жағдай жасау, кәсіби білім берудің сапасын көтруге кең жол ашу талап етіледі.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру Мемлекеттік бағдарламасы қазіргі ақпараттық-коммуникациялық технологияларға бағдарланған болашақ мамандардың ақпараттық мәдениеті мен педагогикалық-психологиялық ерекшеліктерінің қалыптасуына объективті жағдай туғызуда. Бүгінгі білім саласында республикалық білім кеңістігін әлемдік деңгейге жеткізуге ұмтылыс байқалады және студенттерге тәрбие мен білім беру іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.
Елімізде болып жатқан әр түрлі бағыттағы өзгерістер егеменді еліміз жаңа XXІ-ғасырдың табалдырығын аттап, білім беру жүйесін дамытуда біршама табыстарға қол жеткізуде. Жаңа ғасыр бәсеке ғасыры болғандықтан, әсіресе болашағымыз ұрпақ тәрбиесімен айналысатын болашақ маманның педагогикалық- психологиялық даму ерекшеліктерін қалыптастыру қоғамның өзекті мәселелерінің бірі болмақ.
Қазіргі кезеңдегі ғылым мен техниканың даму қарқыны адамзат баласының талғамының өсуі, электронды есептеуіш (комьпютер) құралдарының кең көлемде қолданылуы, интернеттің т.б. ақпараттық құралдардың пайда болуы, білім беру саласында жаңа технологиялық әдістерді енгізуге ықпал етуде. Қоғамның даму кезінде білімнің қарқынды прогресімен ескі технологиялық идеялардың тез өзгеруімен, инноватциялық жаңашылдыққа көшуге болашақ мамандардың іс-әрекетімен байланыстыру ерекше сипат алады.
Жоғары оқу орындарында студенттердің біліктілігін жетілдіру мен қатар, кәсіби іс-әрекеттің ғылыми негіздерін іс-тәжірибелеріне қолдануға, адами-құндылық қасиеттермен қатар іскерлік пен дағдыны жетілдіру арқылы жаңа көзқарас, жаңа ой қалыптасады.
Қоғам талабына сай даму кезеңінде, ақпараттар тасқыны толассыз ағылған қоғамымызда әр студент өзінің болашақ ісіне қажетті өзгерістерді, әр түрлі тәжірибелер жөніндегі мағлұматтарды, жаңа әдіс-тәсілдерді дер кезінде қабылдап, дұрыс пайдалана білу керек.
Студенттердің психологиялық даму ерекшеліктері тұлғалық ақыл-ой қасиеттерімен қатар өзіндік іс-әрекерт ерекшеліктерімен бейнеленеді.
Студент проблемасын ерекше әлеуметтік-психологиялық жас ерекшелік категориялары ретінде негізгі еңбектердің бірі Б.Г. Ананьевтің [5] психологиялық мектебі.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Психология | Жеткіншек жастағы мінез-құлқы қиын балаларды анықтау және коррекциялау

Кіріспе
Балалық шақтан өткен, бірақ ересектікке әлі жетпеген 11-15
жас аралығындағы, балаларды психологияда жеткіншек жас кезеңіндегілер деп атайды. Бұл жас кезеңі «өтпелі кезең, «қиын жас», «проблемалы» т.б. көптеген қосымша белгілерге бай. Оның барлығы осы жас кезеңінде жүретін психофизиологиялық процестермен байланысты. Бұл жас аралығында бала ағзасы дамуының бір сатысынан екінші сатысына өтіп, ал әлеуметтік статусы бойынша олар әлі балалык шақта жүрген кезең. Психологияда мұндай құбылыс даму дағдарысы деп аталады.
Ең алғаш осы мәселе бойынша зерттеу жүргізген П.П.Бельский (1917 ж., 1924 ж.) болды, ол өз мінез-қүлқы шамасынан ауытқыған, кәмелетке жасы толмаған балаларды қарастырады. П.П.Бельский өзінің 30 жыл уақытын заң бұзушы балалар мен жасөспірімдердің ішкі әлемін зерттеуге арнады. Бірақ та оның теориялық позициясы жеткіліксіз болды. Ол Л.И.Петражицскийдің теориясына сүйенеді (1908), З.Фрейд пен К.Левиннен бірталай мағлұматтар алды.
Жеткіншек жастағы оқушылардың арасында мінез-қүлқында қиындықтары бар оқушылар көптеп кездесіп жүр. Мектеп тәжірибесінде мүндай оқушыларды «Мінез-құлқында ауытқулары бар оқушылар», «Қиын тәрбиеленуші», «Қиын балалар» деп атайды. «Мұндай оқушыларға қандай балаларды жатқызамыз?» деген сұрақ туындайды. Білім деңгейі төмен, тәртібі нашар, сабақтан көп қалатын, мүғалім талабын орындамайтын, адамгершілік деңгейі төмен, құрбыларымен тіл табыса алмайтын, сынып мәселелері қызықтырмайтын, ал кейде психикалық дамуы, ойлау қабылеті кейін қалған, ашуланшақ (әр түрлі жүйке ауруларына шалдыққан, тәрбиеге әрең көнетін) оқушыларды қиын балалар қатарына жатқызуға болады.

БӨЛІМ І ЖЕТКІНШЕК ЖАСТАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ЖАЛПЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗІ

1.1. «Қиын» балалардың пайда болу себептері және олардың негізгі ерекшеліктерінің теориялық мәселелері.

Жүйке аурулары (невроз) отбасындағы және басқа да әр түрлі қиын жағдайлардың салдарынан болуы мүмкін. Мәселен, кей оқушылар ата-ана тарапынан ешқандай жүрек жылуын көрмей өсіп, осыған мектептегі өз сыныбындағы оқушылардың, мұғалімдердің кері көзқарасы қосылып, ұзаққа созылған қайғыру, ренжулер болса, осындай жағдайлар ауруларына шалдықтырып, баланы ашуланшақ, ызалы қалыпқа түсіреді. Ата-ана тарапынан, мектеп қабырғасынан жылылық сезінбеген оқушы өмірде өзін ешкімге қажетсізбін деп есептеп, уайымға шалдығады, кей оқушылардың ұйқысы бұзылып, түнде қорқынышты түстер көріп, иммунитеті төмендейді.
Мінез-қүлқында қиыншылығы бар окушыларды әдетте екі топқа бөліп қарастырады: біріншісі – тән кемтарлығы және жан жарақаты бар оқушылар; екіншісі - отбасында, мектепте тәрбиелеуден шет қалған, жеке басын қалыптастыруда сыртқы кері факторлардың, әлеуметтік жағдайдың әсері болған және өтпелі кезеңнің күрделілігінен мінезі дұрыс қалыптаспаған оқушылар.....

Дипломдық жұмыстар
Толық

Анимация құру

Компьютер эрасының басында программистер есептеу машинасының құлы болған етін.
Сол кездердегі программа құрушылар өздерінің командаларын тек қана бір тілде жазуға мәжбүр болды, яғни тек қана екілік код түрінде жазды, сонымен программистер нөл мен бірліктің ізбасары ретінде көрінді. Уақыт өте келе алгоритмдерде күрделіне түсті, сонымен бірге программалауға көп көңіл бөлу қажет болды. Осылайша көптеген қиындықтарды бастан кешіре келе өмірге Фортран, Бейсик, Паскаль сияқты өте әйгілі, жоғарғы сатылы тілдер пайда болды.
ХХІ – ғасыр адамзат дамуының жаңа сатысы – ақпаратты қоғамға өтумен сипатталады.
Қазіргі ақпарат заманында информация ағымын компьютер информацияны жеделдетіп өңдеудің негізгі құралы болып табылады. Инженерлік – техникалық, экономикалық есептерді шешу және мәліметтерді компьютер арқылы автоматтандырып өңдеу мықты программаларды талап етеді.
Психологтар адамның бір мезгілде ондаған бірліктің аумағымен бірдей ақпататты қабылдай алатынын бұрыннан көрсеткен. Сөйтіп, программалық қамтамассыз етуді дайындағанда программиске көрінетін компоненттерінің санын кішірейтуге талап қойылады. Адамзат бірнеше өте тиімді декомпозиция жолдарын, яғни үлкен есептерді шағын есептерге бөлуді ойлап шығарған . Модульдік тәсіл көптен бері қолданып келеді, онда үлкен программалар бөлек дербес модульдерге бөлінеді. Программалар көптен бері «Жоғарыдан төмен » және құрылымдық декомпозицияны қолдану арқылы жасалынады. Осы тәсілге негізделген әдістердің ортақ сипаты болады: олардың ішінде деректер және оларды өңдейтін код бір – бірінен бөлек тұрады.
70-80 жылдары Норвегияның қарулы күштерінде қолданылған Sumila тілі класс түсінігінде құрылған өте алғашқы тіл болып табылды.
Шамамен сол жылдары жаңа программалау тілдерінің стандарты болып бекітілген, үлкен қуатты иеленетін, эффективті және бейімді атағына ие болған С тілі пайда болды. Бұл тіл ең жоғарғы сатыдағы және компьютерде жұмыс істеуге өте тиімді тіл болып табылды. Мысалы: мәліметтермен алмасуды іске асыратын, және тағы басқа. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Мемлекеттік балабақшада тәрбие жұмысын ұйымдастыру ерекшелігі (мектепке дейінгі педагогика)

Зерттеудің көкейкестілігі. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан болашағы - қоғамның идеялық бірлігінде» атты еңбегінде: «Ұлттық мәдениетке, ана тілге еркіндік беру, оны тәлім-тәрбие құрылымына айналдыру, тәрбие мәселелесінде ұлттық ізгілік пен өркениетті әлемдік имандылық үрдісінің ортақ мүддесін жаппай сезіну және оны кіріктіре пайдалану арқылы іске асыру керек» - деп атап өткен. Мұндай тәрбие жұмысын әдетте мектепке дейінгі тәрбиеден, яғни, балабақшадан бастаған дұрыс [1].
Қазіргі таңда халқымыздың баға жетпес асыл мұралары оқу-тәрбиелеу үрдісінде қолданылып келеді. Әйтсе де, олардың балабақшаларда қолданылуы өз деңгейінде болмай отыр. Әдетте адамның жеке басының қасиеттері бес жасқа дейін қалыптасады. Сондықтан да баланың жан-жақты қалыптасуы үшін мектеп жасына дейінгі балалардың бойына жақсы, жағымды қасиеттерді сіңіре білу керек.
Бала әр нәрсеге құмар, қызыққыш, ол өзінің айналасында болып жатқан өзгерісті, тамаша құбылыстарды сезінуге тырысады. Оның жан-жақты дамып, жеке тұлға болып тәрбиеленуіне, тілінің дамуына ең алдымен ата-анасы міндетті. Бала тілінің дамуы негізінен эмоциялық ортаға, әр баланың отбасында қалыптасқан әкесі мен анасының, атасы мен әжесінің, үлкен мен кішінің қарым-қатынасына тығыз байланысты. Баланың өзге адамдармен қарым-қатынасының негізі өзінің отбасында қалыптасады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық