Қазақша - орысша ертегі: Бауырсақ / Колобок (видео)

Ертеде бір Шал мен Кемпір болыпты. Кемпір бір күні қаймаққа нан илеп, оны майға қуырып бауырсақ пісіріпті. Оны терезенің алдына суытып қойыпты.

Бауырсақ суып тұрып тұрып, бір кезде домалай жөнеледі. Домалап келіп терезе алдындағы орындыққа, орындықтан еденге, еденнен дәлізге, дәлізден аулаға, ауладан сыртқа, одан әрі, одан әрі домалай....
Ертегілер
Толық

Маша мен Аю / Маша и Медведь

Ерте, ерте, ертеде кемпір мен шал өмір сүріпті. Олардың Маша атты немересі болыпты. Бірде Маша құрбыларымен орманға жиналыпты. Атасы мен әжесі оған:
- Құрбыларыңнан қалып қалма! – деп табыстады.
Бірақ Маша олардың айтқанын тыңдамады. Ол құрбыларынан алысқа ұзап кетіп, ақырында адасып қалды. Маша оларды шақырып айқайлай бастады. Құрбылары дауыс қатпады. Маша ымырт....
Ертегілер
Толық

Күз

Қарашы күз келді, күз келді
Жапырақ жауыпты іздерді.
Құс біткен керуен тізеді,
Қара бұлт қабағын түйеді.

Міне, қыркүйек туды, күз келді. Күн қысқарып, түн ұзарды. Аспаннан бұлттар қаптап, сіркіреп жаңбыр да жауып тұр. Күн сирек көрініп, аз жылытады. Анда-санда таңертең салқын болып қояды. Өткір суық жел арық малды, жұқа киімдіні тоңдыра бастады. Жұрт күземін алған, киізін де басып алды. Маса, шыбын, құрт-құмырсқа.....
Эсселер
Толық

«Алпамыс батыр» жыры

Алпамыс батыр жыры – қазақ халқының батырлар жырының ішіндегі ең көнесі. Батырлар жыры — қазақ ауыз әдебиетінің өте ертеден келе жатқан күрделі саласының бірі. Батырлар жыры бір ғасырдың ғана жемісі емес.Ол халықтың ертедегі тұрмыс-тіршілігіне, тарихына, қоғамдық өміріне байланысты туып, солармен бірге жасасқан. Сондықтан да батырлар жыры өзінің қалыптасып, даму процесінде көптеген өзгерістерге ұшыраған. XIX ғасырда батырлар жыры жазылып ала бастады. Бұл кезеңде көптеген ғалымдар қазақ эпостарын зерттеп....
Рефераттар
Толық

Ғашық жұпқа бір-бірінен не керек?

Адамдарды біріне бірін жақындастыратын ең маңызды жайт – екеуара ұқсастығы. Өмірге деген көзқарастары ұқсас болса, ой-пікір бір жерден шығып отырса, жігіт қыздың анасына, қыз жігіттің әкесіне ұқсайтынын байқаса, арадағы байланыс беки түседі. Ұқсастықтар жақындатқан қос ғашық бір-бірінен не тілейді? Алға бірге жоспар құрып, болашаққа бағыт алған соң, жай ғана жанында жүруі жеткіліксіз. Қыздар мен жігіттердің пікіріне сүйеніп, ортақ мынадай нәтиже шығардық.
Ерлерге (жігіт) пайдалы кеңестер | Қыздарға (бойжеткен) пайдалы кеңестер
Толық

Тілдер күні (Қазақстан тілімен егіз)

Мен бақыттымын... Себебі мен ынтымағы жарасқан, бірлігі ұласқан елде тұрамын. Бақыт бірлігі мен ынтымағы бар елге қонады екен. Демек, мен бақытты жерде туған елімнің бақытты перзентімін. Достығы дархан елімнің аты – Қазақстан! Туған елім – тірлігімнің айғағы.Тілім барда айтылар сыр ойдағы,Өссе тілім, мен де бірге өсемін,Өшсе тілім, мен де бірге өшемін! – деп, ақын Әбілдә Тәжібаев ағамыз жырлағандай тіл қай елде болса да қастерлі.......
Шығармалар
Толық

Қазақстан халықтарының тілдер күні

Ашық сабақтың тақырыбы: ? қыркүйек – Қазақстан халықтарының тілдер күні
Ашық сабақтың мақсаты: а) оқушыларға мемлекеттік тілді білудің маңызы жайлы айту және оны құрметтеуге үйрету, ыңғайлас салалалас туралы түсінік беру
ә) қазақ тілі туралы мақал-мәтелдер, өлең, тақпақ, нақыл
сөздер айту арқылы оқушының сөздік қорын
молайтып, тіл байлығын дамыту.
б) оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырып, тілді
құрметтеуге, тіл байлығын, маңызын түсіне білуге
баулу
Ашық сабақтың типі: Дәстүрлі
Ашық сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Ашық сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, ой қозғау, венн диаграммасы
Ашық сабақтың көрнекілігі: слайдтар, оқулық, нақыл сөздер
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих, орыс тілі
Ашық сабақтар
Толық