Бір алыпты мен көрдім, Көрінгенді қармаған. Болғанда екі қанат, отыз қолы, Қалады тап-тақыр боп жүрген жолы, Бар екен алақандай аралшығы, Адамзат пайдаланып жүр ғой оны. Шөп тырма
Қарынды, баста қылған, аяғы үш, Зат бір, пошымдары не түрлі-түсті, Қарнына таяқ тығып піспектесең, Ысқырып күрілдейді қайнайды күш. Осындай түсі суық мақұлық бар, Ойланып ақылдылар жұмбағым шеш. Примус
Көмір шайнап, Темір құсады. Домна пеші
Бір ұяда топтасқан, Түртіп қалсаң, от шашқан. Шырпы