Баяғыда Әуезхан деген хан болыпты. Ханның қырық баласы бар екен. «Осы балаларыма бір жерден қалың берсем екен», – деп ойлайды екен. Бірнеше жылдар өткеннен кейін хан бір байдың қырық қызы бар деп естиді. Соған қалыңмалына сөйлесіп, құда түсіп келуге кісі жіберіпті. Ол байға барып: — Бізді хан жіберді. Балаларына сіздің қыздарыңызды айттырғысы келеді, – дейді. Бай: — Қыздарыма қалыңмалға мал алмаймын, менің үйімнен өздерінің үйіне дейін тұп-тура жол болсын, жолдың екі жағында бау-бақша, оның түбінен су шығып, бұлбұлдар сайрап тұратын болсын және осы......
Мұхтар Омарханұлы Әуезов – қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан ғылым академиясының академигі (1946), филология ғылымдарының докторы, профессор (1946), Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1957).[1] Мазмұны 1 Өмірбаяны 1.1 Алаш қозғалысы 1.2 Ағарту ісі 2 «Абай жолы» роман-эпопеясы 3 Жазушының драматургия саласындағы еңбектері 3.1 Әуезовтың драмалық шығармалары 4 Шығармалары 4.1 Мұхтар Әуезов Шығармалары шет тілінде шыққан басылымдары 5 Дереккөздер 6 Сыртқы сілтемелер Өмірбаяны
Ол қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданы жерінде 1897 жылы жиырма сегізінші қыркүйекте туған. Алғашқыда 1908 жылы Семейдегі Камалиддин хазірет медресесінде оқып, одан кейін орыс мектебінің дайындық курсына ауысады. 1910 жылы Семей қалалық бес кластық орыс қазына училищесіне оқуға түсіп, соңғы класында оқып жүргенде «Дауыл» атты алғашқы шығармасын жазады. Училищені 1915 жылы аяқтап, Семей қалалық мұғалімдер семинариясына түседі. Семинарияда оқып жүріп Шәкәрім Құдайбердіұлының «Жолсыз жаза» дастанының негізінде «Еңлік-Кебек» пьесасын жазып, оны 1917 жылы маусым айында Ойқұдық деген жерде сахнаға шығарады.
Мұхтар Омарханұлы Әуезов құрметіне шығарылған марка Ресейдегі саяси төңкерістер Әуезов өміріне үлкен өзгерістер әкеледі. Ол Семейде «Алаш жастары» одағын құрып, түрлі үйірмелердің ашылуына ұйытқы болады. Жүсіпбек Аймауытовпен бірігіп жазған «Қазақтың өзгеше мінездері» аталатын алғашқы мақаласы 1917 жылы 10 наурызда «Алаш» газетінде басылды. 1918 жылы 5-13 мамырда Омбы қаласында өткен Жалпы қазақ жастарының құрылтайына қатысып, оның орталық атқару комитетінің мүшесі болып сайланады. Әуезов жазушы Жүсіпбек Аймауытовпен бірлесіп, Семейде «Абай» ғылыми-көпшілік журналын шығаруға қатысады. 1919 жылы семинарияны бітіріп, қоғамдық-саяси жұмысқа араласады. 1919 жылы желтоқсанның төртінде Семейде большевиктер билігі орнап, Әуезов Семей губревкомының жанынан ашылған қазақ бөлімінің меңгерушісі және «Қазақ тілі» газетінің ресми шығарушысы болып тағайындалады. 1921 жылы қараша айында Қазақ АКСР-і Орталық атқару комитетінің (ОАК) төралқа мүшелігіне сайланып, онда кадр мәселесімен айналысады. Сол жылы «Қорғансыздың күні» әңгімесі «Қызыл Қазақстан» журналының №3 – 4 сандарында жарияланды. 1922 жылы күзде Ташкенттегі Орта Азия университетіне тыңдаушы болып оқуға түседі әрі «Шолпан» және «Сана» журналдарына жұмысқа орналасады. Осы басылымдарда «Қыр суреттері», «Қыр әңгімелері», «Үйлену», «Оқыған азамат», «Кім кінәлі», «Заман еркесі» («Сөніп-жану») әңгімелері жарияланады. 1923 жылы маусым айында Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) мемлекеттік университетінің қоғамдық ғылымдар факультетінің тіл-әдебиет бөліміне оқуға ауысады. 1924-1925 жылы Семейдегі мұғалімдер техникумына оқытушылыққа қалдырылды. Сонда жүріп «Таң» журналын шығарады. Онда «Кінәмшіл бойжеткен», «Қаралы сұлу», «Ескілік көлеңкесінде», «Жуандық» әңгімелері жарияланды. 1925 жылы Ленинградқа қайтып барып, оқуын жалғастырады. 1926 жылы жаз айында Семейге арнайы ғылыми экспедиция ұйымдастырып, оның материалдары негізінде жазылған «Әдебиет тарихы» монографиясы 1927 жылы кітап .....
«…Уақыт қарқыны зымыран. Күні кеше өткен сияқты уақиғалар бүгінде тарих беттеріне айналып та үлгірді. Бұл жаңа мемлекет пен жаңа қоғамның дүниеге келуінің азапты толғаққа толы, сонымен бірге ғаламат сәті еді. Сол сәт әлі аяқталған жоқ, бірақ ең қиын белестерден аса білдік. Ең қиын жылдар дәл қазір артымызда қалды, сондықтан да мен еліміздің еңсесі биіктей беретініне сенемін.» (Н.Назарбаев)
Жоспар:
Кіріспе Жаңа ғасырға аяқ басқан жаңа Қазақстан. Негізгі бөлім......
Біздің тұңғыш президентіміз - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Елбасымыз білімді, көреген, мықты саясаткер адам. Ол жастайынан білімге ұмтылып, өз мақсаттарын жүзеге асырып отырған. Нұрсұлтан атамыз 50-жасында президент болды. Кәзір жасы -75-те. Міне 25 жыл бойы елімізді басқарып, көптеген жетістіктерге жетті. Әкесінің аты-Әбіш, анасының аты- Әлжан. Елбасымыздың ән айту қасиеті анасынан дарыған болса......
Тамырын тереңге жайған тарихыма көз жіберер болсам, сананы талай ой тұңғышына батырып, көкейге талай сұрақтың келетіні рас. Мысалы, Біз кімбіз? Жұмыр жер бетінде қашан пайда болдық? Қай жерді мекен еттік? Тіліміз, мәдениетіміздің деңгейі қандай?
Біз Өр Алтай мен Атыраудың арасын мекен еткен сақтан қалған сарқыты, ғұннан қалған жұрнағы, үйсіннің жүріп өткен ізгіміз. Біз қазақпыз!......
Менің Отаным - Тәуелсіз Қазақстан. Бүгінгі көк туымыздың желбіреп тұрғаны, бейбіт өміріміз батыр ата-апаларымыздың арқасы. 1991 жылы 16 желтоқсанда ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздікке қол жеткіздік.......
Қазақстан - менің Отаным. Ол барлық адам бейбітшілік пен татулықта тұрып жатқан мемлекет 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан тәуелсіздігін жария етті. Біз үшін тәуелсіздік күні ең қадірлі күннің бірі. Бұл жолда қаншама адам құрбан болды. Біз оларды ешқашан......
Айте бергім келеді , айта бергім ! – деп Тұманбай Молдағалиев ақынымыз жырлағанындай биыл тәуелсіздік алғанымызға 24 жыл толып отыр. Бұрынғы Қазақстанды......