Кәкімжан Қазыбаев | Сұрапыл


Үркіншілік

Мынау ұйқы-тұйқы дүние не болып кетті? Дәмелінің есіне бәрі түсіп жатыр...

1

«Мұрагер, мұрагер» деп ер баланы тілейтін қазақтығына басып, бұл туғанда әке-шешесі тіпті қуанбапты да. Дүниеге үшінші қыз келді дегенде, әкесі кімге өкпелегенін қайдам, ауылына екі күн бойы жоламай қойыпты. Шешесі де айыпты адамдай қатты қысылған екен. Амал не, ақыры тағдырдың жазғанымен бәрі де келіседі. «Ұл көруге жазсын» деп мұның атын Дәмелі қойғаны да сол еді. Біржарым жасқа келгенше әкесі мұның, бетінен де иіскемегенін анасы талай айтып отыратын. Ақыры бақытына артынан үш ұл бірдей еріп, Дәмелі деген атын ақтаған екен. Ұл болғанда қандай, бірінен-бірі өтіп, балуан, батыр, мерген болып өседі. Осынау Қармыс ауылына олар үлкен атақ әкеледі. Тұрғанбектің үш арысы атанады — Нарғазы, Жанғазы, Ерғазы. Оның есесіне бой жетіп, толықси отырғанда, екі әпкесі де дүние салады.

Нарғазының ел аузына іліккені сонша, Дәмелі төркінінен жырақта жүрсе де, «а, құдай-ау, тіл-көзден сақтаға» басып, айналасына түкірініп отыратын. Сонау үркіншілік жылы, ақ пен қызылдың алма-кезек айқасында, осы Нарғазы болмағанда Қармыс ауылының қырылып қалуы да сөзсіз еді. Ақылыңнан айналайын азамат, әйтеуір, қиын кезеңнен алып шықты ғой. Жағдай ауырлап бара жатқан соң, ол жылдары Дәмелі бала-шағасымен төркінін паналаған-ды. Алты жасар Ақылжанның құдай сақтап ақтың қылышынан аман қалғаны да есінде.

Осы сәт көз алдына келгенде, біреу қойнына мұз тастап жібергендей дір ете қалады. .....
Әңгімелер
Толық

Кәкімжан Қазыбаев | Толғаулар


1. Көктем

Көктем! Айнала жұпар атып, тіршілік атаулы түлеп тұр. Ажарында мың арудың сыны бар, кеудесінде мың ақынның тұнып жатқан жыры бар, көмейінде сұлулықтың үні бар, көкірегінде табиғаттың таусылмайтын жан тебірентер күйі бар. Бұл — біздің көктем.

Бұлақ сылдырап ағады, бұлбұл тамсана, тамылжыта, үзілте ән салады. Ақ балтыр қайыңдар, тәкаппар, бойшаң теректер жапырағын жайып, самал желмен сыбдыр қағады. Далаға шықсаң, гүл исі, нұрын төккен күн иісі. Жер-ана өзінің апай төсіндегі алып анарымен Тіршілік атты перзентін емірене емізіп жатқандай. Бәрі мамырлап, бәрі балбырап, тамылжып тұр.

Көктем көркі осындай. Оны көрікті жырға да, күйге де сыйғыза аларсың ба! Бұл көрік қанша қарасаң да тойғызған ба! Тарих қартайып, замана жаңарған сайын ол тіршілікке деген ынтызарлықты, болашаққа деген үміт отын лаулата береді. .....
Әңгімелер
Толық

Кәкімжан Қазыбаев | Толғаулар

1. Көктем

Көктем! Айнала жұпар атып, тіршілік атаулы түлеп тұр. Ажарында мың арудың сыны бар, кеудесінде мың ақынның тұнып жатқан жыры бар, көмейінде сұлулықтың үні бар, көкірегінде табиғаттың таусылмайтын жан тебірентер күйі бар. Бұл — біздің көктем.

Бұлақ сылдырап ағады, бұлбұл тамсана, тамылжыта, үзілте ән салады. Ақ балтыр қайыңдар, тәкаппар, бойшаң теректер жапырағын жайып, самал желмен сыбдыр қағады. Далаға шықсаң, гүл исі, нұрын төккен күн иісі. Жер-ана өзінің апай төсіндегі алып анарымен Тіршілік атты перзентін емірене емізіп жатқандай. Бәрі мамырлап, бәрі балбырап, тамылжып тұр.

Көктем көркі осындай. Оны көрікті жырға да, күйге де сыйғыза аларсың ба! Бұл көрік қанша қарасаң да тойғызған ба! Тарих қартайып, замана жаңарған сайын ол тіршілікке деген ынтызарлықты, болашаққа деген үміт отын лаулата береді.

Көктем көркіне адам еңбегінің шабыты, адам көңілінің қуанышы келіп қосылғандығы сурет — керемет сурет. Ол қуаныш арнасынан аса шалқыса, бірінен-бірі биіктеп ән де аспанда қалқыса, болаты мен шойыны мартенінде балқыса, даласында егіні толқын болып туласа, өңірінде сан түлік шұбырып - шұбап шуласа, шырқ үйіріп барлығын, адамы қарап тұрмаса! Бақыт деген осы емес пе!

.....
Әңгімелер
Толық

Кәкімжан Қазыбаев | Сыр

Кел, замандас, сырласайық! Бүгінгі өркенді өміріміздің биігіне көз салайық та, өз өремізді өлшеп көрейікші, өз-өзімізге есеп берейікші! Жүктелген міндетті түгел атқарып жүрміз бе? Міндет дегенді түсіну бар да, сол түсінгендей орындау бар. Біздің тұлғамыз ажарлап айтқан сөзімізден ғана емес, ең алдымен адамгершілік биігімізден көрінеді. Отанымызға шексіз берілу, қоғам игілігін сақтауға қамқор болу, қоғам мүддесіне нұқсан келтіруге мүлде төзбеу, жолдастық, коллективтік жауапкершілік, бір-бірімізді сыйлау, адалдық, қарапайымдылық, моральдық тазалық, семьядағы татулық, әділетсіздікке, арамтамақтарға аяусыз қарсы күрес, еліміздегі ұлы жеңіс — халықтар достығын көздің қарашығындай сақтау, Отанымыздың жауларына мейірімсіз болу, бүкіл дүние жүзі еңбекшілерін құрметтеу рухында өзгені де, өзіңді де тәрбиелеу деген сөз.

Міне, осы принциптерді бүгін қалай жүзеге асырып жүрсің замандас? Өз еңбегің адал, өз ісің жемісті. Ал өзгенің аяқ алысы қалай? Айналаңда әзір асты сүйетін, бірақ қоғамдық еңбек десе сырт айнала беретін алаяқ, арамтамақ бар болса, оған қалай қарайсың? «Қайтемін, соны» деп ренжумен ғана тынасың ба? Жоқ, ол дұрыс емес. Сен — күрескерсің. Сен — өз ортаңның тазалығы, өз ортаңның мәртебесі жолындағы күрескерсің. Бүгінгі сәнді өмір, ертеңгі жарқын болашақ — сенің тұнығы. .....
Әңгімелер
Толық

Сарапшылар теңгенің тағы құлдырауы мүмкін екенін айтты

Әлемдік мұнай нарығындағы құбылмалы баға теңгені тұрақтандыра алмайды. Қара алтын құнының соңғы екі жылдан бері бірінші рет көтерілуін отандық сарапшылар осылай бағалады деп хабарлайды КТК арнасы.
Жаңалықтар
Толық