Нұрбол Бимұрзаев | Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің

Балаға жақсы тәрбие бере алу үшін ата-ана және басқа отбасы мүшелерінің бүкіл тәрбиелік қағидаларды орындауымен қатар, отбасы өмірінің жүйелі, ата-ана ара-қатынасы жақсы болуы шарт. Үйде ұрыс-керіс болуы балаға кері әсер етеді. Әсіресе ажырасудай баланың көңіліне қаяу салатын нәрсе жоқтың қасы. Балалар ата-анасын идеал, мінсіз адам ретінде көретінін ұмытпау керек. Солар сияқты болуға, солар сияқты әрекет етуге тырысады. Үлкендердің дағдыларын, әрекеттерін тез қағып алады. Сондықтан бала дүниеге келгеннен бастап ата-ана барлық жағынан жақсы болуға, үлгілі болуға мәжбүр. Сондай-ақ ата-аналар ешбір баласын бөліп жармай, барлығына бірдей қарауы, бірдей мәміле етуі қажет. Әрбір ата-ана баласының жақсы жетілуін, жақсы мінезді, тәрбиелі, еңбекқор, табысты болуын қалайды. Мұның шешімі жоғарыда айтқанымыздай, балаңыз қандай болуын қаласаңыз, өзіңіз сондай болыңыз. Өйткені бала айтқанымызды емес, бізден көргенін .....
Әңгімелер
Толық

Шерхан Мұртаза | Тұлпардың тұяғы

Емханада, палатада жалғыз езің жатқанда басында неше алуан ойлар келеді. Ұйықтасаң — әр түрлі түс кересің.

Таң, алдында осы Орталық емханада Нұрғиса көз жұмды.

Бұл түс емес. Кез көргендер, көңілдес, дос пейіл азаматтар дүниеден өткен сайын, әсіресе емханада, палатада жалғыз жатқанда өзіңнің де бұл фәниге небәрі бес күн қонақ екеніңді ойлайсың.

Алдымда — түрлі газеттер, теледидар сайрап тұр. Газеттерді ашып қалсаң да, теледидарды басып қалсаң да — қым-қуыт қиыншылық. Әсіресе КТК құтыртады. Бір жерде газ жарылып, үй өртеніп кетіпті, бір жерде — біреуді - біреу өлтіріп кетіпті. Қажыгелдинге «қастандық» жасалыпты. Ұрылар үйді тонап кетіпті. Әйелдерді былай қойғанда, еркектер де тәнін сататын болыпты...

Сұмдықтардан сүрініп, аяқ алып жүре алмайсың.

Жылт еткен жақсылық хабар бар ма? Үлкен қаланың түнгі аспанындағы жұлдыздардай жыламсырап әрең - мәрең көрінеді.

Сонда бұл дүние — өзің бес-ақ күн қонақ болсаң — несі қызық?

Қызық ету, сірә, сирек адамдардың ғана қолынан келетін болар, Мысалы, мына Нұрғиса сияқты жарқылдап өтсең дүниеден,

Бірақ ол қиыншылық көрмеп пе? Тағдыр қиыншылығының көкесін керген шығар. Оған мойымаған. Қайғысыз, мұңсыз адамнан анадай сұрапыл да сұлу күйлер, әуендер төгілер ме еді.

.....
Әңгімелер
Толық

Қазақ әдебиеті | Тұяқ би Елқондыұлы

Тұяқ Елқондыұлы - шешен, би. Тарақты руының беделді кісі. Ол кісінің туған-өлген жылы туралы нақты мәлімет жоқ. Оның Тарақтының қыздарынан туған атақты адамдар туралы жыры:
Қаз дауысты Қазыбек би,
Ол да менің жиенім.
Қаракерей Қабанбай,
Ол да менің жиенім.
Қанжығалы Бөгенбай
Ол да менің жиенім.
Шақшақұлы Жәнібек,
Ол да менің жиенім.
Ошақты да Сапабек,
Ол да менің жиенім.
Қарсендегі Ер Көпбай,
Ол да менің жиенім.
Тобықтыда .....
Рефераттар
Толық

Алтын ұям – отбасым


Атамнан басталар,
Әжеммен қосталар
Отбасым мыналар:
Ең жақын адамдар-

Әкем мен анам бар,
Бір туған сіңлім бар,
Бәрін жақсы көремін,
Еркелеймін,еремін!



Отбасының тірегі әлпештеген әке мен аялаған ана. Ата-анаға, үлкенге қызмет етіп, әкенің еңбегін, ананың ақ сүтін өтеу – біздің борышымыз. Ата-ана – отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады.......
Шығармалар
Толық

Менің отбасым атты эссе

Отбасы - шағын мемлекет. Менің өз отбасым бар. Мен үйімде әкем, анам, ағам, апам, інілеріммен бірге тұрамын. Біз бір-бірімізге көмектесіп жүреміз.......

Эсселер
Толық

Менің жанұям

Менің жанұям туралы айтар болсам, бес адам бар. Олар әкем, анам, екі інім және де мен. Мен жанұяды өте жақсы көремін. Олар да мені жақсы көреді. Менің әкем үнемі іссапарда жүреді. Ол кісі қай қалада жүрсе де бізді уайымдап, сағат сайын телефонмен хабарласып тұрады.......
Шығармалар
Толық

Тілдер күні (Қазақстан тілімен егіз)

Мен бақыттымын... Себебі мен ынтымағы жарасқан, бірлігі ұласқан елде тұрамын. Бақыт бірлігі мен ынтымағы бар елге қонады екен. Демек, мен бақытты жерде туған елімнің бақытты перзентімін. Достығы дархан елімнің аты – Қазақстан! Туған елім – тірлігімнің айғағы.Тілім барда айтылар сыр ойдағы,Өссе тілім, мен де бірге өсемін,Өшсе тілім, мен де бірге өшемін! – деп, ақын Әбілдә Тәжібаев ағамыз жырлағандай тіл қай елде болса да қастерлі.......
Шығармалар
Толық