Кенен Әзірбаев (Ұлы октябрь нұры)

[quote]Ұлықтар у жыландай елді шақты,
Талайды дарға асып, көзімше атты.
«Өлер бала молаға қашады» деп,
Ақырында ел соның өзін шапты.
Қызыл ер талқандады алтын тақты,
Езілген еңбекші елге нұр таң атты.
Ленин бастап, Большевик батыр шығып,
Жалпақ елге жалынды жыр таратты.
Жақсылық бірте-бірте жақындады......[quote]
Өлеңдер
Толық

Жамбыл Жабаев (Ұлыма)

Ақ басты Алатаудың Жамбылымын,
Өлеңнің ұлы сүре даңғылымын.
Көктемдей қызғалдақтай қызық заман
Қайта туып жасарған балғынымын......
Өлеңдер
Толық

Жамбыл Жабаев (Ұлы көш)

Кавказ бен Алтай, Алатау,
Асқар, асу белімсің,
Шығысым — қиыр зор тайга,
Құрсанған болат темірсің.
Батысым — байтақ Украин,
Гүлденген бақша гүлімсің.
Солтүстік — ұлы мұхитым,
Ұшан дария шегімсің. .....
Өлеңдер
Толық

Жамбыл Жабаев (Сталиндік ұлы заң)

Өлеңім, шарла ауылды,
Тыңда, дала, Жамбылды!
Өмірде заңды көп көрдім,
Сол заңдар бүгіп белімді,
Көзімнің жасын қан қылды.
Маңдайға әжім түсіріп,
Қайнатып миды даң қылды. .....
Өлеңдер
Толық

Біржан сал Қожағұлұлы (Біржанның қартайған және сырқаттанған кезінде шығарған өлеңдері)

Ал, дүние, өтеріңді біліп едім,
Білдірмей серілікпен жүріп едім.
Бұл күнде арық қойдан бағам кейін,
Үш жүзді сайран қылған Біржан едім.
Қарасу есік алды лайланды,
Бай қылмақ, кедей қылмақ құдайдан-ды.
Қамзолдай қысқа пішкен дөңгеленіп,
Дүние өтерінде шыр айналды......
Өлеңдер
Толық