Күйікті емдеуге қарапайым кеңес

Тұрмыс барысында әртүрлі себептерден дене зақымдалып отырады. Күйік солардың бірі. Төменде күйікті емдеудің қарапайым әрі өнімді әдістеріне тоқталамыз.

✅ 1. Алдымен суық сумен күйген жерді тазалап жуамыз. Сосын жара аузын суық суда жарты сағаттай тұрғызу керек. Әдетте судың температурасы қаншалықты төмен болған сайын, соншалықты өнімді болмақ (бірақ, 5С төмен болмауы керек). Бірақ әдетте қайнаған су болса бұл әдісті қолдануға болмайды.

✅ 2. Аз мөлшердегі тұзды суды жара орнына тамызып қойсаңыз қабынудың алдын алады. ......
Денсаулыққа пайдалы кеңестер
Толық

Сүт сүйекті нығайтады

Денсаулықтың жақсы болуын жас кезден бастап-ақ қолға алған дұрыс. Сүйек – адамның қимыл-қозғалысына ең қажетті ағзаның бірі. Оның құрамында 50% су, 12,5% оссеин (жұмсақ, серпінді органикалық зат), 21,8% минералды заттар (кальций фосфаты), ал 15,7% май болады. Оссеин заты сүйекке серпінді, иілгіштік қасиет береді. Жас балалардың сүйегінде органикалық заттардың мөлшері көп болса, адам жасы ұлғайған сайын сүйектегі органикалық заттар азайып, минералды заттар көбейеді. Ал мұның салдары сүйектің иілгіштік қасиетінен айырылып, морт сынғыш болуына алып келеді. Назарларыңызға сүйекті нығайтатын амал-тәсілдерді ұсынамыз. ......
Кеңестер | Денсаулыққа пайдалы кеңестер
Толық

Менеджмент | Бақарудағы педагогикалық менеджмент жай күйі

«Менеджмент»-ағылшын сөзі.Баскару деген мағынаны білдіреді.Ол ағылшыннын «манус»,яғни «қол,күші»деген сөзінен шығып ,алғашында мал бағу саласында,дәлірек айтсақ,ат тізгінін ұстау,меңгеру шеберлігін білдірген.Кейіннен бұл атау адам қызметінің саласына ауысып,адамдардың белгілі бір ұжымын,тобын басқа рудың,ұйымдастырудың ғылыми,практикалық мәнін білдіретін болған.
Менеджмент сөзі ағылшын тілінің Оксфорт сөдігінде былай берілген:
1.Адамдармен қарым-қатынас жасау әдебі;
2.Билік және басқару мәдениеті;
3.Шеберліктің ерекше түрі және әкімшілік дағды;
4.Басқару орган,әкімшілік бірлік.
Менеджмент ұғымы басқару саласы бойынша түрлі мағынаны білдіреді.Менеджмент-басқару сөзінің аналогы болғанымен,оның өзіндік ерекшеліктері бар.Басқару сөзінің аяссы кең,ал менеджмент белгілі бір басқару түрін,яғни акционерлік компанияның немесе кәсіпкерлік корпарациялардың жұмысын әлеуметтік,экономикалық процесс негізінде басқару.
Менеджмент теориясын алғашқы жасаушылардың бірі Ф.Тейлордың менеджмент-іргелі дәл ғылымға,ережелер мен принциптерге негізделген шынайы ғылым деп есептесе,Дракердің түсіндіруінше жоғарыдағы аталған элементтері бола тұра,менеджмент ғылымнан немесе кәсіптен гөрі,практикаға жуықтау делінген.Менеджмент туралы неміс мамандары Вернер Зигерт пен Лючия Ланг,өзін-өзі басқару,өзін-өзі іштей реттеу,нәтижеге жетудің ізгіленген,пайдалы,тиімді амал десе,орыс оқымыстысы А.В.Попов жұмысты бағдарлау,мақсатқа жетудің тиімділігі дейді.Менеджмент-өндірісті басқару мен өнімнің артуы н іске асырудағы стратегияның тиімділігі,өзін-өзі ақтауы,пәлсапасы, принципі,әдіс тәсілдері.Ал коммерциялық емес қызмет саласындағы менеджмент туралы американдық менеджмент теоретигі П.Друкер былай дейді. ....
Рефераттар
Толық

Информатика | Проектіні басқару ақпараттық жүйесі

«Өндірісті басқарудың» ақпараттық жүйесін тұрғызу. Басқару дегеніміз — қоғамдық ұдайы өндірісті нысаналы түрде үйлестіріп отыру. Басқару табиғаттың барлық құбылыстарына тән. Бүкіл айналадағы дүниеден оның үш компонентін: өлі табиғатты, тірі табиғатты және адам қоғамын бөліп көрсетуге болады. Мұның өзі басқару процестерін былайша ірі көлемде саралуға мүмкіндік береді: өлі табиғаттағы басқару процестері техникалық жүйелер (техникалық жүйелерді басқару), Ф.Энгельс еңбек құралдарын басқаруға «заттарды басқару» деген анықтама берген;

Курстық жұмыстың мақсаты – қазіргі ХХI ғасыр техника және технология ғасыры болғандықтан, өндірісті басқару жүйесін автоматтандыру болып табылады. Яғни өндірісті басқарудың мәнін ашып көрсету, біздің еліміздегі өндірістік қызметтерді жетілдірудің мүмкін болатын жолдарын анықтау және ақпараттық жүйесін құру болып табылады

• Курстық жұмысымың құрылымы .

Жалпы курстық жұмыс үш тарау кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Курстық жұмыстың бірінші тарауында, теориялық бөлімінде, пәндік облыстағы сипаттамасы берілген, яғни өндіріс, өндірісті басқару түсініктері кіргізіледі. Бұл бөлімде өндірістік қызмет көрсетудің ақпарат жүйесінің бағыты және оны құру мақсаты негізделген, ақпарат жүйесінің құрылымының талаптары анықталған, ақпарат жүйесінің ресурстарының талаптары қалыптастырылған: ақпараттық, программалық, техникалық, ұйымдастырушылық қамтамасыздандыру, ақпаратты қорғау талаптары, ақпарат жүйесінің қаржылық тәуекелділігін болжаудың концептуалды сызбасы жасалған.
Негізгі бөлім деп аталған екінші тарауда, осы ақпарат жүйесі бойынша жасалған жобалық шешімдер қарастырылған:
– Қолдану саласын талдау.
– «Өндірістік құрылым және оның түрлері»
– «Өндірістік құрылымның негізгі көрсеткіштері және оларды жетілдірудің жолдары»
– «Өндірістік процестерді үйымдастырудың негізгі принциптері»
– «Өндіріс шығындарын жіктеу»
– Ақпарат жүйесің тұрғызу мақсаты.
– Ақпараттық жабдықтау ресурстарына қойылатын талаптар
– Ақпараттық жабдықтау құрылымына қойылатын талаптар
– Концептуалды схемасы.
– Кіріс және шығыс ақпараты.....
Курстық жұмыстар
Толық

Педагогика | Педагогикалық жүйелерді басқарудың мәні мен негізгі принциптері

Педагогика ғылым мен тәжірибеде тұтас педагогикалық процесті басқару ғылыми тұрғыдан қарастырып, оған қатаң ғылыми негізделген сипат беруге деген ұмтылыс күшейе түсуде. Шындығында басқару тек техникалық және өндірістік процестердеғана емес, сонымен бірге педагогика сияқты күрделі әлеуметтік жүйе үшін де қажет.
Жалпы басқару дегеніміз – шешім қабылдауға бағытталған, белгіленген мақсатқа сәйкес басқару нысанын ұйымдастыру, қадағалау, реттеу, алынған шынайы ақпарат негізінде талдау жасап, нәтижесінің қорытындысын шығару әрекеті деп түсіндіруге болады. Басқару нысаны биологиялық, техникалық, әлеуметтік жүйелер болуы мүмкін. Әлеуметтік жүйенің бірі ауыл, аудан, облыс, мемлекет көлемін қамтитын білім беру жүйесі деп білеміз. Бұл жерде білім жүйесі ретінде ҚР Білім және ғылым министрлігі, облыстық білім департаменттері, аудандақ білім бөлімдерін атаймыз. Ал орта мектеп күрделі қозғалыстағы әлеуметтік жүйе ретіндегі мектеп ішілік басқарудың нысаны болады. Біз мектепті басқару немесе оның компоненттері туралы айтқанда олардың жалпы жүйе – орта мектепті басқарудың бөліктері ретінде қарастырамыз. Ол бөліктерге тұтас педагогикалық, сынып сабақ жүйесі, мектеп тәрбие жұмысының жүйесі, оқушыларға эстетикалық тәрбие, кәсіптік бағдар беру жүйесі және т.б.
Мектеп ішілік басқару дегеніміз біртұтас педагогикалық процеске қатыстылардың барынша жоғары нәтижеге жетуді көздеген мақсатты, сапалы өзара әрекеттесуі. Біртұтас педагогикалық процеске қатысушылардың өзара әрекеті мынадай бірізді, өзара байланысты әрекеттер мен қызметтердің тізбегінен тұрады, олар: педагогикалық талдау, мақсат қою және жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, реттеу және түзету.
Мектепішілік басқарудың дәстүрлі ұғымдарын жаңа ұғымдар алмастыруда. Мысалы, «ықпал ету» ұғымының орнына «өзара әрекеттесу», «ынтымақтасу», «рефлексивті басқару» ұғымдары қолданылуда. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Жүйкеңіз жұқармасын десеңіз

Жүйке жүйесінің шаршауы бүкіл ағзаға зиянын тигізеді. Осының салдарынан болатын күйзеліс, невроз сындылар адамды жазылмайтын ауруға шалдықтыруы мүмкін. Сондықтан да дер кезінде шара қолдануымыз қажет. Ол үшін жүйкені тыныштандыратын төменде көрсетілген тағамдарды көбірек пайдаланғанымыз абзал
Құрамында В1 дәрумені бар азық-түліктер: қарақұмық немесе сұлы ботқасы, қара нан
Шамадан тыс көп кітап оқығанда миымыз шаршайтындықтан В2 дәрумені қажет: сарыөрік, жұмыртқа, сыра ашытқысы, саумалдық.......
Кеңестер
Толық

Күйік шалғандағы халық емі

Күнбағыстың майымен, ара балауызымен. 200 грамм күнбағыс майы мен 20 грамм ара балауызын баяу отта ерітеді, жылы ерітіндіге 1 жұмыртқаның сарысын және 1 ас қасық кілегейді қосады, жақсылап араластырады, әзір болған жақпа майды күйген жерге жағады.

✅ Картоппен. Балғын картопты үккіштен өткізеді, шүберекке салып күйген жерге таңады. Компресті жылыған кезде алып тастайды.

✅ Шаймен. Қара немесе көк шайды қоюлап демдейді, 13-15 градусқа дейінсуытады, күйген жерді бинтпен орай отырып, оған жылы шайды үзбей құяды. Осынау ем 10-12 күнге арналған. Көмегі жақсы.

✅ Асқабақпен. Оны үккіштен өткізіп, күйген жерге таңып қояды. Бұл емді үсік шалғанда да пайдаланады. ......
Кеңестер
Толық

Үй шаруашылығына керекті кеңестер

✅ Мақталы киімге тиген дақтан арылуға пияз көмектеседі. Пияз шырынын даққа жағып, 24 сағатқа қою керек. Кейін киіміңізді əдеттегідей етіп жуып ала бересіз.

✅ Тоңазытқыштағы жемісіңіз ұзақ сақталсын десеңіз, жеміс жатқан жəшік түбіне газеттен басқа кез келген қағазды қоюға болады. Оны əрдайым ауыстырып тұруды ұмытпаңыз.

✅ Лимон қабығын тастамаңыз. Ыдыс жуып жатқан кезде суыңызға салып қойсаңыз, ыдысыңыз жылтырап, жаңа бір өңге ие болады.

✅ Егер пердеңізге антистатик сеуіп қояр болсаңыз, пердеңізге айтарлықтай шаң тұрмағанын байқайсыз.

✅ Егер аяқ киіміңіздің өкшесі тықылдайтын болса, оған кастор майын жағып, бір түнге қалдырыңыз. Ертеңіне сабын суға жуылған дымқыл шүберекпен сүртіп алу керек. ......
Кеңестер
Толық

Асқазан өт жолдарын үй жағдайында емдеу

✅ Ең алдымен, шылымнан бас тартыңыз. Никотин - асқазанның жауы. Шылым асқазан жарасының пайда болуына тікелей әсер етеді. Сондай-ақ ішімдіктің де зиянды екенін естен шығармаңыз.

✅ Асқазан жарасынан арылу үшін ағзаңызға жасұнықтың көп мөлшерін жіберіңіз. Неғұрлым көп болған сайын, соншалықты жақсы. Жасұнық алмұрттың, шабдалының, алманың құрамында өте көп. Және де фасоль мен бұршақ тұқымдастар да сізге жақсы әсер етеді.

✅ Пиязды жақсы көріп жесеңіз, асқазаныңыз рақмет айтатын болады. Тым болмағанда күніне жарты пиязды жеуге тырысып бағыңыз. Немесе пияздың көп мөлшері бар салаттар мен жеңіл тағамдарды серік етіңіз. ......
Кеңестер
Толық

Күйікті емдеуге қарапайым кеңес

Тұрмыс барысында әртүрлі себептерден дене зақымдалып отырады. Күйік солардың бірі. Төменде күйікті емдеудің қарапайым әрі өнімді әдістеріне тоқталамыз.

✅ 1. Алдымен суық сумен күйген жерді тазалап жуамыз. Сосын жара аузын суық суда жарты сағаттай тұрғызу керек. Әдетте судың температурасы қаншалықты төмен болған сайын, соншалықты өнімді болмақ (бірақ, 5С төмен болмауы керек). Бірақ әдетте қайнаған су болса бұл әдісті қолдануға болмайды.

✅ 2. Аз мөлшердегі тұзды суды жара орнына тамызып қойсаңыз қабынудың алдын алады. ......
Кеңестер
Толық