Бағдарламалау | Турбо Паскаль жүйесінде қосалқы программаларды ұйымдастыру технологиясы

КІРІСПЕ
Бағдарламалау тілі дегеніміз – адам мен компьютердің (ЭЕМ) өзара байланыс жасасу құралы. Бағдарламалау тілі екі топқа бөлінеді: таза машиналық кодпен, не белгілі бір машина кодына арналып ассамблерде жазылған тіл- төменгі дәрежедегі және жоғарғы дәрежедегі адам тіліне жақындатылған Basic, Qbasic, Ci, Turbo Pascal т.б. көптеген бағдарламалау тілдері. Мемлекеттік бағдарлама бойынша осы тілдерден Basic, Turbo Pascal, Visual Basic тілдерінің бірін меңгеру ұсынылған. Паскаль бағдарламалау тілі француз математигі Блез Паскаль құрметіне аталған. Ол 1968-1971 жылдарда Никлаус Вирттің Цюрихтағы Жоғарғы Техникалық мектепте оқыту тілінің бірі ретінде жазылған. Кең қолдана бастауы 1984 жыл, себебі осы жылдары қарапайым қолдануға ыңғайлы Турбо Паскаль компиляторы пайда болады. Ол Borland International компаниясында жасалды. Компилятор дегеніміз транслятордың бір түрі, ал транслятор дегеніміз белгілі бір компьютер мен бағдарламалау тілі түріне арналып жазылғанбағдарлама, оның міндеті жазылған бағдарламаны машиналық кодқа айналдыру.
Турбо Паскаль тілінің негізі Turbo.exe және Turbo.tpl файлдары арқылы берілген. Turbo.exe файлында компилятор, экран редакторы, жүйелегіш орналасса, Turbo.tpl файлында арнайы қойылған функциялар мен процедуралар (көмекші бағдарламалар) кітапханасы жазылған. Қазір жетілдіріле келе мынадай артықшылықтарымен ерекшеленеді: ....
Курстық жұмыстар
Толық

Қазақ тілі | Тілдік қатынас мәселесіне байланысты қолданылатын терминдер жүйесі

Тілдік коммуникация туралы мәселені қарастырмастан бұрын, "коммуникация" немесе "коммуникативтік" терминдері қандай мағынаны білдіріп, қалай қолданылатындығы жөнінде айта кеткен жөн.
Қазақ тіл біліміне қатысты шыққан еңбектерде "коммуникатив" деген сөз алпысыншы жылдардан бастап кездеседі. Тілшілер кітаптарында бұл терминді тілдің қоғамдық-әлеуметтік қызметіне қатысты қолданғанмен, оның мән-мағынасына түсініктеме беріп, зерттеу жүргізе қойған жоқ.
1959 жылы шыққан казақ тілі сөздігінің бірінші томында "коммуиикация" сөзі берілмеген. Бұл сөздікте "коммуникациялық" деген сын есім көрсетіліп, оған қысқаша түсініктеме айтылған. Мысалы, "Коммуникациялық" — сын. Қатынастық, қарым-қатынастық.
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі мен орыс тілінің түсіндірме сөздіктерінің арасында байланыс бар. Әсіресе ертеректе шыққан сөздіктерде "коммуникация" сөзінің мағыналары бірдей болып келеді.
С.И.Ожеговтың сөздігінде де екі сөзге түсініктеме беріліен. Мұнда "коммуникация"' сөзінің екі мағынасы көрсетілген. Соның екіншісі бұл терминнің тілге қатысты қолданылу ерекшелігін атап өтеді:....
Курстық жұмыстар
Толық

Салық кодексі | Тікелей салықтар, олардың салық жүйесіндегі ролі

Кіріспе.
Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Тікелей салықтар, олардың салық жүйесіндегі ролі».
Нарықтық қатынастардың қазіргі даму жағдайы, өнеркәсіп орындарының көбеюі, халықтың әл ауқатының жақсаруы, қаржы жүйесінің нығайып дамуы, мемлекетаралық экономикалық қатынастардың ұлғаюы елімізде салық жүйесін негізді түрде дамытудың қажеттілігін көрсетіп отыр.
Себебі ғылыми негізделген, шынайы өзгерістерді бейнелейтін әрі жүйелі түрде реттейтін салық жүйесі экономикалық процестерге оң ықпал етіп, жағымсыз жағдайлардың орын алуына жол бермей, қоғамда өркениетті құқықтық қатынастарды нығайта түседі.
Әйтсе де, қазіргі қолданыстағы салық жүйесінде салық ауыртпалығы негізінен заңды және жеке тұлғалардың табыстарына көбірек түсуде. Бұған табыс салықтарынан түсетін түсімдердің мүлік салықтарынан түскен түсім мөлшерінен бірнеше есе жоғары болуы дәлел. Мұндай айқын құрылымдық үйлеспеушілік өндірісті дамытуға қажетті алғы шарттарды жасауға кедергі келтіріп, дәулетті мүлік иелерін фискалды ауыртпалықтан босатуға негіз болып отыр. Сол себепті бүгінгі күні бюджеттің кіріс көзінің басым бөлігін құрап отырған, экономика салаларының табысына салынатын шектен тыс салық ауыртпалығының бір бөлігін осы уақытқа дейін салық жүйесімен мүлде ескерілмей келген мүліктен түсетін кіріс түрлеріне аударған жөн. Мүліктің басқа объектілерге (табыс және қосылған құнмен) қарағандағы ерекшелігі, ол салық салудың барынша тұрақты объектілерінің бірі болып табылады. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Педагогика | ТӘРБИЕ МЕН ОҚЫТУ ПРОЦЕСТЕРI АРАСЫНДАҒЫ ҮЙЛЕСIМДIЛIКТIҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ - ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГIЗДЕРI

КIРIСПЕ
Қазiргi кезенде тәрбиенiң ықпал жасау өрiсi кеңейе түсуде. Педагогиканың ғылыми таным саласы - тәрбие. Ал тәрбие - жастарды әлеуметтiк өмiрге және еңбекке даярлау, оларға қоғамдық - тарихи тәжiрбенi ңрету процесi.
Тәрбие жайында осы уақыта дейiн әр түрлi теориялар мен пiкiрлер айтылып келедi. Тәрбиесiн ересек адамдардың балаларға ықпал жасау деп түсiндiрушiлер де бар. Бұл жағдайда бала пассивтi объект түрiнде қарастырылады. Ол педагогикалық процестiң субъектiсi бола алмайды, яғни, өздiгiнен ойланып, белсендi iс - әрекет жасау рөлiн атқармайды.
Тәрбие баланың өздiгiнен табиғи және еркiн дамуы үшiн жасалатын жағдай деп анықтама берушiлер де кездеседi. Кейбiреулер тәрбиенi практикалық тұрғыдан бiр жақты жалаң тәжiрибеге сүйенiп түсiндiредi. Олардың айтуынша тәрбие баланы тұрмыс қалпына бейiмдейдi, өзiнiң күнiн көруге пайдасы бар бiлiмдi, iскерлiктi және дағдыны меңгеруi қажет дейдi. Тәрбие жайында К.Д. Ушинский: “… мектеп, тәрбиешi және ұстаздар – адамның тiптi жалқыз ғана тәрбиешiлерi емес, оның сонша күштi, ал мүмкiн және әлдеқайда күштi тәрбиешiлерi: табиқат, үйелмен, қоғам, халық … және оның тiлi болады,” - дейдi.
“Тәрбие” терминiн әрдайым тар мақанада “тәрбиешi тәрбиелейдi, кең мақынада өмiр тәрбиелейдi” деп қолданады. Тәрбие - көптiң iсi. Сондықтан тәрбие мәселелерiмен кәсiп - одақ ұйымдары, еңбек ұжымдары, әлеуметтiк орта, мектеп пен ата - ана, бүкiл жұртшылық болып айналысады.
Тәрбие арқылы және адамның дүниеге ғылыми - материалистiк көзқарасы, мiнез - құлықтық, эстетикалық және осы сияқты қасиеттерi қалыптасады. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Математика | Теріс емес бүтін сандарды үйрету

1 Анализ үшін қажетті көмекші ақпарат
1.1 Теріс емес бүтін сандарға түсінік
Tepic емес бүтін сандар жиынын құрудың теориялық – жиындық тәсілі тұрғысынан, натурал сан деп бос емес шектеулі бір - бірімен эквивалентті жиындар класының ортақ қасиетін айтады. Ондай тәсіл мейлінше көрнекі және шын мәнісінде мектепте өтілетіндерге дәл келеді. Алайда оның елеулі бір кемшілігі бар: негізгі ұғым шектеулі жиын бұл жағдайда белгісіз болып қалады (анықталмайды). Шектеулі жиындардың айырмашылықтарын түсіндірген кезде, әдетте, шектеулі жиын¬дар барлық элементтерін «толық атап шығуға» оларды бірінен соң бірін «көрсетіп беруге» болатын жиындар дейді, немесе бұлар элементтерін «санап шығуға» бола¬тын жиындар деп аталынады. Элементтерінің саны шектеулі болатын А жиынын алып, оған тең қуатты бо¬латын барлық жиындарды бір класқа топтастырайық.
Егер А жиыны үшбұрыш төбелерінің жиыны болса, онда үшбұрыш қабырғаларының жиыны, үш әр түрлі әріптен тұратын сөздердегі әріптер жиыны, т.б. осындай жиындар А жиынымен бір класқа топтасады.
Егер осы процесті әрі қарай жалғастырсақ, он да тең қуаттылық қатысы эквивалент қатысы болатындығына байланысты барлық шектеулі жиындар кластар бойынша бөлінеді бір класқа тиісті екі жиын өзара тең қуатты, ал әр түрлі класқа тиісті екі жиын тең қуатты болмайтындығын көреміз. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Телекоммуникация жүйесі | Телекоммуникациялық байланыс желісін құру

Кіріспе
Телекоммуникация (Telecommunications) — компьютерлік жүйелер мен қазіргі заманғы техникалық электрондық байланыс құралдары негізінде телефон желілері, спутниктік байланыс және т.б. арқылы мәліметгерді қашықтан жеткізуге қатысты жалпы ұғым; жалпы немесе арнаулы байланыс желілері (телеграф, телефон, радио арқылы мәліметтер алмастыруға арналған қатынас). Телефон жүйесі арқылы ақпарат жеткізу; ара қашықтықтық байланыс; мәліметтерді ара қашықтыққа жіберу.
Қазіргі телекоммуникациялық желілерді құрған кезде желілік деңгейдің үш түрі болады: біріншілік желінің деңгейі, екіншілік желінің деңгейі және электрбайланыс қызметі мен жүйелер деңгейі.Яғни, біріншілік желі (БЖ) – бұл таратудың типтік универсалдық цифрлық арналардың негізгі торабы, желілік коммутация станцияларының немесе біріншілік желінің соңғы құрылғыларының негізінде құрылған және олардың тарату желілерін қосатын көліктік желі. Желілік түйіндер жататын біріншілік желінің түріне байланысты оларды магистралдық, ішкі аймақтық, жергілікті немесе корпоративтік, ведомстволық (мекемелік) желілер. БЖ негізінде әртүрлі екіншілік желілерді (ЕЖ) құрады және қалыптастырады.
Телекоммуникация, телеқатысым (латынша тele – қатынасу, байланысу, грекше – қашық және ағылшаруашылығы communіcatіon – байланыс) – ғылым мен техниканың халықты ақпараттық қызметтің барлық түрімен қамтамасыз ететін саласы; қашықтықтан ақпарат алмасуды жүзеге асыратын технологиялар жиынтығы. Телекоммуникация саласы Қазақстанға 20 ғасырдың 90-жылдарынан ене бастады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Кім едің сен?!

Кім едің сен?!
Арқамнан күлетін.
Кім едің сен?!
Алдымды кесетін.
Кім едің сен?!
Жабырқатып жүретін.
Кім едің сен?!
Күліп тұрып....
Өлеңдер
Толық

Ұлттық ойын: Үй артында қол ағаш

«Үй артында қол ағаш» — ұлттық ойын.

Бұл ойынды 10—15 жас өспірім, кейде одан да көп бала, топтасып ойнайды.

Ойын тәртібі: Қатынасушылар бірінің қолынан бірі ұстап дөңгелене тұрады. Ойын бастаушы не белбеу, не орамал алады да, дөңгелене тұрған топтың сыртын айнала жүгіріп былай дейді:

Үй артында қол ағаш,
Желбау тартам, есік аш.

Бұл сөзді бірнеше рет қайталай береді. Дөңгелене тұрған ойыншылар:

Үй артында қол ағаш,
Жел кірмесін, есік бас,

— деген сөзді қайталай береді. Тұрған ойыншылар ұстасқан қолдарын ажыратпайды. Ол — есік ашпағанның белгісі. Енді:

Үй артында қол ағаш,
Желбау тартам, есік аш, .....
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық

Ұлттық ойын: Түйе жарыс

Түйе жарыс
Түйе жарыс — халықтың ертеден келе жатқан спорт ойындарының бір түрі. Жарысқа қосылатын түйелері іріктеліп алынып, күн ілгері жаратылып, бапталады. Түйе жарысы да ат жарысына ұқсас ерекше бір спорт түрі. Түйе жарыс ат жарысына қарағанда неғұрлым қысқа қашықтықта өткізіледі. Дегенмен бабына келіп, әбден жараған түйелер кейбір, анау-мынау аттарға жеткізбейтін болған. Ондай түйелерді ертеде «желмая» деп те атаған. Түйе жарысқа негізінен жігіттер қатынасады. Жарысатын жердің қашықтығын жарысты ұйымдастырушылар, төрешілер белгілейді. Жарыс болатын жерге күн ілгері белгі қойылады, сол жерге дейін бір төреші ере барады. Жарыс төрешінің берген белгісі бойынша басталады. Озып келген түйешіге күн ілгері белгіленген сыйлық беріледі .....
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық

Ұлттық ойын: Түйілген орамал

«Түйілген орамал» — ұлттық ойын.

Ойынға жас өспірімдер қатынасады. Ойын жүргізу үшін ақ орамал керек. Орамалды ортасынан түйеді.

Ойынға қатынасушылар алаңға жиналады да шеңбер жасап айнала тұрады. Ойынды басқарушы тағайындалады. Басқарушы ортаға шығады да, қолындағы орамалды кез келген бір ойыншыға тастайды, сонан соң оны өзі қуады. Орамалды алған ойыншы дереу оны басқарушының қолына тигізбей басқа ойыншыға беріп үлгеруі керек. Сөйтіп, ойыншылар орамалды біріне-бірі өткізе береді. Орамалдан айырылып, қалған ойыншы басқарушының орнына шығады. Немесе орамалды ұстап алған басқарушы өз орнына басқа біреуді тағайындап, өзі ойыншылардың қатарына қосылады. Ойын соңында орамалды ұстатпаған тез, тапқыр ойыншы атап өтіледі.

Қолына орамал тиген ойыншы оны тек басқа ойыншыға жоғарыдан ғана лаңтырып бере алады. Шеңберден шығуға болмайды. Ойын жылдамдықты, амал-айланы қажет етеді. .....
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық