Экономика | ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРЫ

Соңғы жылдардағы оқиғалар экономиканы нарықтық қатынастар негізінде түбегейлі қайта өзгерту кең ауқымды экономикалық іркілістермен және дағдарыстармен ұласатынын және қоғам тарапынан көп күш-жігер жұмсауды қажет ететінін көрсетті. Өтпелі кезеңде әртүрлі асығыс, жеткілікті дәрежеде негізделмеген шаралардың жүзеге асырылуы қауіпті теріс зардаптарға сөзсіз әкеліп соғады, мұны нарықтық даму жолына түскен елдердің тәжірибесі айқын дәлелдейді.
Өткен жылдардың қорытыңдылары оптимистік тұжырымдар жасау үшін негіз бермейді. Кезінде жарияланған мақсаттар мен бағыттар тым қарама-қайшы жүзеге асырылуда, қат-қабат әлеуметтік-экономикалық дағдарыстың орын алып отырғаны айқын. Мұның өзі экономикалық реформа мәнінің, әлеуметтік-экономикалық реформалаудың объективті мүмкіндіктері мен шектерінің өз кезінде аяғына дейін ұғынылмауына, реформаны жүзеге асырудың уақытша параметрлері мен кезеңдерінің дұрыс анықталмауына байланысты. Сөз бен істің арасыңда алшақтық көп болды.
Экономикалық реформа қоғамдық жарасымдылық, өткен кездің оң жетістіктері мен тенденцияларын сақтау, мемлекеттің қауіпсіздік және халықтың барлық топтарының құқықтары мен оның ерекшеліктерін қамтамасыз ету принциптеріне негізделген түбегейлі шаралардың бір-тұтас жүйесін қажет ететіні айқын болды.
Қазақстан Республикасының Президеиті жүргізіп жатқан экономикалық реформалар бағыты стратегиялық тұрғыдан, жалпы алғанда дұрыс.
Бірақ Қазақстаңдағы экономикалық реформалардың жайына жасалған талдау және олардың барысы, тактикалық тұрғыдан алғанда, Үкімет пайдаланып отырған әдістердің, нарықтық қатынастарға көшудің модельдері мен кезеңдерінің тиімсіз екенін дәлелдейді. Реформаларды жүзеге асыру барысында елеулі қателіктерге жол берілді.
Әлеуметтік экономикалық міндеттерді жыртықты жaмay әдісімен шешуден бас тартатын мезгіл жетті, тактикалық міндеттерді әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүзеге асыру стратегиясына сәйкестендіре шыңдап қолға алу мақсатымен жүйелі жұмыс бастайтын уақыт келді. Қазақстан Республикасын өз ерекшеліктеріне, ұлттың менталитетіне сай, дүниежүзілік тәжірибені ескере отырып әлеуметтік-экономикалық дамыту моделін жасайтын және іске асыратын мезгіл жетті.
Ел экономикасы XXI ғасыр шебінде түр. Мәселе XXI ғасырдың табалдырығынан қандай нарықтық жетістікпен, қандай дайындықпен аттағалы отырғанымызда. Монография авторы экономикалық реформаның барысын, оның жетістіктері мен кемшіліктерін ашық көрсетуге тырысты. Соның негізінде автор отандық тауар өндірушілерге мемлекеттік қолдау көрсету басты мақсаты болып табылатын жаңа экономикалық саясаттың (ЖЭС) концепциялық негізін әзірледі. ....
Курстық жұмыстар
Толық