Ортағасырлық Еуропа мәдениеті сол замандағы басқа мәдениеттерден артық болмаса кем болған жоқ. Оған дәлел сол кездегі салынған ғимараттар , ескерткіштер, соборлар жалпы айтқанда сәулет өнерінің қайталанбас, тарихқа бай жетістіктері, азғантай уақыт ішінде Еуропаның әр түрлі қиыншылықта тез ес жинап, ақылға сыймас, көзге тоймас құнды мәдени ошақтың ордасы болып шыға келуі сөз жоқ тек арманмен салыстыруға болады. ....
Қазіргі заман жағдайында мемлекеттің табысты дамуының негізгі макроэкономикалық тұрақтылық – инфлияцияға ұшырамаған ақша-несие саясаты, бюджет тапшылығына қатаң бақылау жасау мен қалыпты баға белгілеу, сандай-ақ сыртқы саудадағы ашықтық-экспортты ынталандыру, импортты барынша шектеу, біртұтас импорт тарифы, Ұлттық валютаның икемді құны мен сыртқы инвестиция үшін қолайлы ахуал жасау болып табылады. «Қоғамдық өмірдің шешуші саласы-экономика саласындағы стратегия мен тактиканың мәні құрылымдық және технологиялық артта қалушылықты бір мезгілде жоя отырып, нарықтық жүйеге көшуді одан әрі жалғастыру болып табылады». Қазақстанның аймақтық интеграциялық топтар мен қарым қатынасын сөз еткенде ең бірінші кезекте ТМД елдері мен күш жігерді біріктіру мақсаттары тұрады. Өйткені ТМД елдерінің экономикалары бір-бірімен тығыз байланысқан. Сондықтан күш қуатты бірлестірудің шын жақтастары бола отырып, қалыптасқан жағдайдан шығудың өзімізге тән жолын іздестіруге мәжбүр болып, ТМД елдері мен «интеграция» саясатынан «үйлестіру» саясатына көшіруді жүзеге асыру қажет. Бұл саяси бағыт абыр-сабырсыз және қауіпті шыдамсыздықсыз, ішкі патенциялдық мүмкіндіктерге сүйене отырып жүзеге асырылуы тиіс. Ал, бұл мүмкіндіктер Қазақстанда жеткілікті. Біріншіден, бұл іс жүзінде кез-келген өндіріс түріне сенімді шикізат негізі болатын пайдалы қазба байлықтарының көптігі. Екіншіден, жерге қатысты реформаларды жүзеге асырғаннан кейін Қазақстанға тіпті дүние жүзілік аренада азық-түлікті экспортқа шығаруда көзге түсуге мүмкіндік беретін ауылшаруашылық жері мен егістіктің кең көлемі. Үшіншіден, жеткілікті мөлшерде дамыған өндірістік потенциялдың және барлық салаларда сауатты жұмысшылар контингентінің болуы. Төртіншіден, бай, бұрынғы жүйе кәдімгідей талап етпеген ғылыми идеялардың мол қоры, жаңалықтар мен өнертабыстар. Республика байланыстарының қазіргі жай-күйі мен стратегиялық мүддесін ескере отырып, сыртқы экономикалық саясат нақты маңызы бірдей мына бағыттар бойынша дамитын болады. ....
Мемлекет пайда болғаннан кейін саяси билік жүргізу қажеттігі туындайды. Осыған байланысты қоғамда басқару, билік жүргізу арнайы мамандандырылған адамдардың топтарын қалыптастырады, олардың атқаратын қызметтері айқындалып, салаларға бөлінеді, кәсіби дәрежеге көтеріледі. Мемлекеттік билікті ұйымдастыру, халықты басқару үлкен өнер. Осыған бай¬ланысты қоғамда мемлекеттің арнайы тетіктері қалыптасады. Тетіктердің көлемі, құрылымы, таптық сипаттары, атқаратын қызметтері мемлекеттің тарихи типтеріне байланысты болып ұйымдастырылады. Мемлекеттің тетіктері (аппараты) дегеніміз билік жүргізу және мемлекеттің міндеттерін, функцияларын іс жүзіне асыру үшін кәсіби дайындық негізінде құрылған органдардың жүйесі. Мемлекеттің құрамдас бөлігін мемлекеттік органдар құрайды. Мемлекеттік органдар дегеніз мемлекет механизмнің құрамдас бөлігі ретінде құқықтық негізде басқару, билік жүргізу мақсатында құрылған жүйе. Мемлекеттік органдардың өзіне тән ерекшеліктері болады. 1. Мемлекеттік орган өмір қажеттілігіне байланысты, құқықтық негізде арнайы функцияларды атқару үшін құрылады. 2. Мемлекеттің басқа органдармен тығыз байланыста қызметін іс жүзіне асырады. 3. Билік жүргізу барысында күш қолдануға құзыры бар. 4. Мемлекеттік орган - мемлекеттің функцияларын, саясатын іске асыратын мекеме. 5. Мемлекеттік орган арнайы дайындықтан өткен, қолдарында билік жүргізу құқы бар арнайы адамдардың тобы. 6. Құрылған органдар заңдылық негізінде қызмет атқарады. 7. Мемлекеттік орган материалдық база және қаржымен қамтамасыз етіледі.....
Мемлекеттік аппарат – қоғамды басқару үшін арнаулы құрылған мемлекет органдарының біртұтас жүйесі. Оның нышандары: мемлекет қоғамды басқаратын және тек қана қызметпен шұғылданатын адамдардан тұрады; мемлекеттік аппарат мекеме мен органдардың байланыс жүйесі; мемлекет органдарының қызметі ұйымдастырушылық, материалдық және әкімшілік кепілдіктерімен қамсыздандырылады; мемлекеттік аппарат азаматтардың заңды мүдделер мен құқықтарын қорғау үшін құрылады. Қазакстан Республикасы «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның екінші бабында: «Мемлекеттік қызмет – азаматтардың мемлекеттік органдар мен олардың аппаратында конституциялық негізде жүзеге асырылатын және мемлекеттік басқаруды жүзеге асыруға, мемлекеттің өзге де міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған кәсіби қызмет» делінген. ....
Мемлекеттің функциясы Кеңестік дәуірде өте кең түрде пайдаланылды. Функция мемлекеттің таптық мазмұнына сәйкес өзгеріп, ескіріп, жаңарып отырады. Қазіргі кезеңде Кеңес Одағы ыдырап, республикалар дүниежүзілік қауымдастыққа бет бұрып, либерал-демократиялық даму процесіне көшкенде мемлекеттің функциясын тек қоғамның таптық мазмұнына сәйкес қарастыру дұрыс болмады. Себебі, функцияның дамуына таптармен бірге халықтың рухани сана-сезімі, мәдениеті, глобалдық мәселелері зор әсер етеді. Бұл дүниежүзілік саяси көзқарас. Кеңестік дәуірді де, қазіргі кезеңде де мемлекеттің функциясын дамытуға көп көңіл бөлінеді. Өйткені функцияның мазмұнын терең түсініп, білу тек мемлекеттің бүгінгі жұмысын, қызметін жақсарту ғана емес, сонымен бірге қоғамның, мемлекеттің тарихи даму процесін зерттеп, дұрыс түсінуге көп үлес қосуы. Функция мемлекетпен, қоғаммен бірге дамып, бірге өмір сүріп келеді. Бұл объективтік процесс. Қазіргі заманда Қазақстан Республикасының функциясы күрт өзгеріп, дамуда, негізгі бағыты нарықты экономиканы қалыптастыру, либерал-демократиялық мемлекетті орнату. ....
Мемлекеттің сыртқы нысаны мен ішкі мазмұнының диалектикалық бірлігі байқалады. Мемлекеттің нысаны қоғамның экономикалық, мәдени, рухани мазмұнына байланысты. Демократиялы мемлекеттер туралы айтатын болсақ, олар тек қана республика немесе шектелген монархия түрінде өмір сүреді. Ал шығыс мемлекеттер көбіне монархия болатыны жақсы мәлім. Қытай, Үндістан, Египет (Мысыр), Англия, АКШ мемлекеттерінің философтары Аристотель, Монтескье, Локк, Вашингтон, Де Голль мемлекеттің нысанына көп көңіл бөлген. Мемлекеттің мазмұны оның нысанынан бөлінбейді, олар бір-бірімен тығыз байланыста дамиды. Тәуелсіз Қазақстанда екі жылдан кейін, 1993 жылғы Конституциясының орнына екінші 1995 жылғы Конституция алынды. Бұл соңғы Конституция мемлекеттің сыртқы нысанын өзгертіп, Қазақстанда президенттік республиканың саяси жүйесі құрылды....
Мемлекетті сан қилы қызметін атқаратын механизмі болады. Мемлекеттің механизмі – белгілі түрде ұйымдастырылған, ішкі тұтастығымен және өзара байланыстылығымен сиппатлатын мемлекет органдарының жүйесі. Әр мемлекеттің механизмі оның тарихи, әлеуметтік, ұлттық, экономикалық, географиялық, т.б. ерекшеліктеріне байланысты құрылады. Дегенмен, барлық мемлекеттерге бірдей тән органдар болады. Негізінен, олар – құқықтық тәртіпті сақтайтын, мемлекеттің ішкі қауіпсіздігін, сыртқы тәуелсіздігін қорғайтын органдар. Мұндай органдар әр дәрежеде, әр көлемде барлық мемлекеттерде болады. Мемлекет механизміне тән заңдылық – оның органдары тек мемлекет қызметін атқаруға қажет болғанда ғана құрылады. Екінші заңдылығы – бірінің қызметін бірі қайталайтын органдардың болмауы. Мемлекет механизмінің құрылымы мемлекеттік органдардан, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардан және мемлекетттік қызметкерлердің, ұйымдық қаржылардан, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді қамтамассыз етуге қажет ықтиярсыз көндіру күштерінен тұрады. ....
Тілді үйрету әдісінің түсінігі. Ана тілін үйренудің заңдылығы, жоғарыда айтып өткеніміздей, бірқатар қабілеттердің даму процесінде ішкі сезім арқылы (саналы емес) жүзеге асырылады: 1) өзінің сөйлеу органы бұлшық еттерін адамның жұмыс істете білу қабілеті – сөздің дыбысын артикулдеу, интонация элементтерін, просодемаларды модулдеу және оларды есту; 2) дыбыс комплекстері мен интонацияны тілден тыс шындықпен салыстыру қабілеті, яғни оларды сөйлеу элементінің мағынасы ретінде түсіну; 3) сөздің мағыналық элементін өз сезімімен салыстыра білу қабілеті, яғни оларды бағалау; 4) араласу, тану, сөзді және адамның мінез – құлқын тәртіптеу процесінде сөздің мағыналық үйлесімділік дәстүрін және бағалау элементін есте сақтау қабілеті. Егер тәрбиеші баланың табиғи сөйлеуі неғұрлым қарқынды болатын жағдай жасаса, онда баланың тілі неғұрлым безірек байиды және оның психикасы жан – жақты дамиды. Лингвистикалық – дидактикалық принцптерге құрылған тіл үйретудің түрлі әдістерін қолдану тілді дамытуды жеделдетудің негізгі шарты болып табылады.....
Экономика адам баласы табиғат игіліктерін жинаудан өмірге керекті игіліктерді, керекті заттарды жасауға көшкен кезде және сол жерде пайда болады. Сонымен, ресурстарды адам еңбегін пайдалана отырып өзгерту арқылы кез-келген экономикалық өнім алу өндіріс деп аталады. Оқулықтар мен ғылыми еңбектерде «өндіріс» түсінігі тар шеңберде көрінеді, кәсіпорындардың материалдық заттар мен өнім өндіруіне дейін төмендейді. Бұндай ыңғаймен келісу қиын. Біріншіден, материалды өндіріспен қатар қызмет, еңбек өндірісін де айту қажет. Экономиканы «материалды өндіріске» және «өндірістік емес» салаға бөлу заңды болмас, сонымен қатар материалдық өндіріс саласында еңбекті өндірістік деп, ал басқа салаларда өндірістік емес деп бөлуге де болмайды. Сондықтан да жасалатын өнім түрі «өндірістік немесе өндірістік емес» деген талқылаудың критерийі болмауы керек. Екіншіден, қызметтің қайсыбір түрін өндіріске жатқызуды «не өндіреді?, кім үшін өндіреді?, қалай өндіреді?.» деген сұраққа жауап алумен қатаң түрде байланыстыруға болмайды. Өнім адамның қол еңбегі көмегімен немесе машина операциялары көмегімен жасалады ма, өзі үшін немесе басқалар үшін өндіріледі ме, қандай тәсілмен өндіріледі, бұның бәрі өндірістік процесс пе деген талқылауға маңызды әсер етпеу керек. Осылайша өндіріске процестерді жатқызудың екі критерийі шығады: 1) жаңа өнімді жасау немесе осындай өнімді жасауға бағытталған мәліметті, энергияны, материалды қайта өңдеу және қолда бар өнімнің сапасын өзгерту; 2) керекті өнімді алу мақсатында жұмсалған еңбек, оны құруға қатысқан адам еңбегі; Түсініктірек айтқанда адамдар жасаған мәлімет, заттар, энергия немесе оларды ез еңбегімен өзгерту болған жерде өндіріс орын алады. Өндіріс адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін керекті игіліктерді алудың басты қайнар көзі болып есептеледі. Өндірісте аяқталған және өзінің пайдалану саласына түсетін өнім «ақырғы өнім» деп аталады. Ақырғы өнімнің үй шаруашылығында пайдаланатын, тұрғындардың қажеттілігін тікелей қанағаттандыру мақсатында жұмсалатын бөлігі «тұтыну тауарлары» деп аталады. Керекті шикізатты алудан ақырғы өнімді алуға дейінгі өзара байланысты процестер жиынтығы өндіріс деп аталады. ....
Өсімдіктер әлемі әр түрлі ортада тіршілік етуге бейімделген басқа тірі организмдер сияқты тіршілік-тынысы, пішіні, көлемі жағынан алуан түрлі. Өсімдіктер шөлдерде, ағысы қатты өзендердің, теңіздер мен мұхиттардың түбінде, сол сияқты биік таулардың қар жамылғысы белдеулерінде де өсе алады. Бұлардың әрқайсысының өзіне тән тіршілік нысаны бар. Өсімдіктер көлемі жағынан да әр түрлі. Ең майда тірі организмдерге вирустар мен фагтар жатады. Оларды 100-300 мың және одан да артық есе үлкейтіп көрсететін электрондық микроскоп арқылы ғана көруге болады. Таяқша тәрізді бактериялардың кейбіреулерінің ұзындығы 1-10 мкм ені 0,2-1 мкм (1 мкм – 10-6м). Темекіде теңбіл (мозайка) ауруын туғызатын вирустың ұзындығы орташа есеппен 300 нм (1 нм -10-9 м), ені 15 нм. Ал бактериофагтардың көлемі 50-100 нм аралығында. Жоғары сатыдағы гүлді өсімдіктердің де ергежейлі өте майдалары мен алыптары бар. Мысалы, тұщы сулардың бетінде қалқып жүріп тіршілік ететін көпжылдық кіші балдыршөптің жапырақ тақтасының диаметрі 5-10 мм болса, су өсімдігі вольфияның жапырақ тақтасы 1-1,5 мм-дей ғана. Бұларға қарама-қарсы құрлық өсімдіктерінің ішіндегі ірісі — секвойядеңдронның биіктігі 100 м-ден асса, діңінің диаметрі 10 м-ге жетеді. Өсімдіктердің мұндай алуан түрлілігі өте ұзақ әрі күрделі эволюциялық даму барысыңда үнемі өзгеріске түсуден және орта жағдайларына бейімделуден болса керек. Ғылыми деректерге сүйенсек тіршілік алдымен суы бар ортада — дүниежүзілік мұхиттарда пайда болған. Олар: тіршіліктің қарапайым формалары клеткаланбаған, «ядросыздар», сол сияқты ядролылар - бір клеткалылар және колониялылар. Бұлардан кейін құрылымы едәуір күрделі көп клеткалылар пайда болды. Тірі организмдердің, жаңа формаларының пайда болу процесі сулы ортада баяу жүреді, бұл Дүниежүзілік мұхиттарда орта жағдайларын түзетін экологиялық фактор элементтерінің ауытқушылығының төмендігіне, бірыңғайлығына байланысты. Сондықтан да осы уақытқа дейін сулы ортада құрылысы қарапайым бір клеткалы, колониялы өсімдіктер — көк-жасыл және жасыл балдырлар тіршілік етуде.....