Биология | Жантақ өсімдігінің морфофизиологиялық ерекшеліктері

Шөлейттік және шөл далалық зоналардың өсімдіктер әлемінің ботаникалық құрамы мен бейімделушілік ерекшеліктері өте ерекше болады. Мұндай қатаң және қолайсыз ареалдарда тек осы зоналарға эволюциялық даму кезеңдерінде сұрыпталы бейімделген өсімдіктер өсе алады. Мыңдаған жылдар ішінде мұндағы өсімдіктердің морфологиялық, анатомиялық және физиологиялық қасиеттері өзіндік қайталанбас және таңқаларлық құрылымдық үйлесімге ие болған. Осындай өсімдіктердің көптеген түрлері Қазақстанның шөлдік және шөлейттік далалыранда көптеп кездеседі. Кең даладағы қатаң климатқа және құмды ыстық климатты далаларда өсімдіктердің санаулы ғана түрлері мекендейді. Солардың ішіндегі аса маңызды өкілдерінің бірі кәдімгі жантақ өсімдігі. Жантақтың таралу ареалы айтарлықтай кең. Барлық ыстық климатты зоналарда кезедеседі деуге болады. Өте ыстық құмды далалардан бастап қоңыржай зоналардың басталар шегіне дейін жантақ қалыпты өсіп тұқым түзуге бейімді. Бұл жай, жантақтың қалыпты реакциясының кең екенін көрсетеді. Дегенмен, жантақ өсімдігі анық ксерофиттік өсімдік болып саналады.
Жантақ далалық және шөлдік аймақтардағы климатқа және экологиялық жағдайға айтарлықтай әсер етеді. Біріншіден, жантақ шөлдік далалардағы жануарлардың азығы болып саналады, екіншіден сол жердегі топырақтың құнарлығы мен эррозияға ұшырау дәрежесі жантақ өсімдігінің жамылғысынан тәуелді. Қоңыржай климаттық өсімдіктер сияқты жантақ тез уақыт ішінде қалың және тұрақты өсімдік жамылғысын түзе алмайды. Оған көптеген себептер бар. Солардың ібір, жергілікті климаттың тұқымнан өсіп шыққан жас өсімдіктердің барлығының бірдей ересек өсімдікке дейін дамуына кедерге болса, екіншіден жантақ тұқымы бірінші жылы бәрі бірдей өне бермейді.
Жантақтың тұқымының таралуына түйе себеп болады. Өйткені, тұқым түйенің ас қорыту жүйесінде қорытылмайды. Осылай жергілікті экожүйеде үйлесімді тіршілік орныққан. Шөлдік және шөлдейттік зоналардың экожүйесі өте нәзік және қорғауды қажет ететін жүйе болып табылады. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Жасөспірім жастар жайында ата-аналар не білу керек?

Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ, «Адамның бақыты — балада» деген екен. Кез келген адам өзі өмір бойы қуып жете алмайтын бақыт деген құдыретті сөздің өлшемі өмірінің жалғасы ұрпағымен келетініне мән бермеуі де мүмкін. Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе, екінші біреуі даңқ пен атақтан.......
Әкелерге (папа) пайдалы кеңестер | Аналарға және әйелдерге кеңестер
Толық

3-6 жастағы балада қандай өзгерістер болады?

Соңғы кезде балаларының мінезін айтып шағымданатын ата-аналар көбейді. Ол көбінде баланың психологиясын дұрыс білмеуден болып жатады. Осы жазбамда 3-6 жас аралығындағы балаларға мінездеме беріп көрейін.

1. Бұл жаста бала әлеуметтік ортаға бейімделе бастайды. Мінезі қалыптасып, жаңа қызығушылықтар туындайды. 3 жастан бастап балада физиологиялық өсу жиілеп, 6 жасқа толғанда ересек адамның......
Әкелерге (папа) пайдалы кеңестер | Аналарға және әйелдерге кеңестер
Толық