Әділ Ахметов Ералыұлы (1984 жылы 30 қыркүйек)

Әділ Ералыұлы Ахметов (1984 жылы 30 қыркүйекте Алматыда туған) — кино және театр актері, тележүргізуші. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2017). Астана жастар театрының негізін қалаушысы әрі актері (2007 жылдан). Халықаралық және Республикалық театр фистивальдерінің жүлдегері. Дарын мемлекеттік сыйлығының иегері (2014).
Әділ Ералыұлы 1984 жылы 30 қыркүйекте Алматыда дүниеге келген.
2002 - 2006 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Драма және кино актері» мамандығы бойынша Қазақстанға еңбегі сіңген өнер қайраткері, Білім беру саласының құрметті профессоры Нұрқанат Жақыпбайдың шеберханасын бітірген.
2007 жылдан бастап Астана жастар театрының негізін қалаушысы әрі актері.
Мемлекеттік және Халықаралық деңгейдегі іс-шаралардың жүргізушісі.
Көптеген киноларға түскен дарынды танымал актер. ....
Өмірбаяндар (биография)
Толық