Құқық | Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам

Адамзат тарихында мемлекет және құқық пайда болғаннан кейін ұлы ойшылдар мен ғұлама тарихи тұлғалар билік жүргізуші топтардың басқаруды іс жүзіне асыруда заңсыздық пен бассыздық, шексіз билікпен тиранияға кеңінен жол ашып, адам құқықтарын басып-жаншыған, қырғынға ұшыратқан жантүршігерлік әрекеттерін қатаң сынға алды. Мемлекеттің шексіз билігін шектеудің тетіктерін қарастырды. Атап айтқанда ұлы Сократ, Платон, Аристотель, Хан Фей, Хамурапи, жаңа заманда Н.Макиавелли, Б.Б.Спиноза, И.Кант, Т.Гобсс, ДЛокк, Г.В.Гегель, Ш.Уәлиханов, Абай, А.Байтұрсынов, Жақып Ақбаев, Б.Сыртанов сияқты ойшылдар адам құқықтарының тиімді қорғалып, қоғамда әділеттіліктің орнауын ұсынған идеяларында басты мақсат етті.
Платон еңбектеріне назар аударатын болсақ, қоғамда заң үстемділігі орнау қажеттігі аса маңызды мәселе ретінде көтеріледі. «Мен, - деп атап көрсетті Платон - заңның күші жоқ және оның қайсыбіреудіңбилігінде болса, ол мемлекеттің күйреуінің жақын екенін болжаймын. Заң билеушілерге үстемдік еткен жерде олар оның құлдары және мемлекеттің құтқарылатынына сеніммен қараймын». Осындай пікірлер Аристотель, Цицерон сияқты ежелгі заман ойшылдарының еңбектерінде де жиі кездеседі. Феодализмнің ыдырау процесі басталған кезеңде билікке ұмтылып келе жатқан буржуазия орта ғасырдың абсолюттік басқару формасына, инквизацияға қарсы заңдылықтың орнауы, билікті бөлу, жеке меншікті ең қастерлі құқық деп жариялау, табиғи құқық идеясын асқақтату сияқты көптеген демократиялық мазмұндағы идеяларды жариялады. Джон Локк тұңғыштардың бірі болып қандай да болмасын «биліктің заңсыз әрекеттеріне қарсылық көрсету заңды» деген тұжырымдаманы ұсынды. Францияның ірі ойшылы Ш.Л.Монтескье мемлекетте билікті бөлу қажеттілігін демократиялық мемлекеттің ең негізгі іргетасы ретінде жариялады. Бір мемлекеттік органның қолында екі биліктің, ал үшеуінің тіптен шоғырлануына жол берілетін болса, ондай қоғамда нағыз бассыздық пен заңсыздық орнайтынын аса көрегенділікпен дәлелдеді.
Қоғамның дамуы ұлы ойшылдардың прогрессивтік-құқықтық идеяларының дұрыстығын және қажеттігін мойындап ғана қойған жоқ, сонымен қатар қабылданған құқықтық құжаттарға енгізіледі. Атап айтқанда АҚШ-тың 1787 жылы қабылданған Конституциясы, Ұлы Француз революциясының «Адам және азамат декларациясы» (1789) аталмыш идеяларды норма ретінде бекітті.
XX ғасырдың басында Ресей университеттерінде білім алған қазақ зиялылары Еуропаның, АҚШ-тың демократиялық құқықтық құжаттарын ой-саналарына сіңіргендіктен өздерінің идеяларында қазақ қоғамында да демократияның енгізілуін қалады. Мысалы, ірі қоғам қайраткері, отарлық саясатқа қарсы белсенді күрескен Барлыбек Сыртанов өзінің 1911 жылы жазған «Қазақ елінің уставы» деп аталатын еңбегінде Еуропа ойшылдарының прогрессивтік идеяларын қазақ қоғамына қажетті екенін дәлелдеді. ....
Рефераттар
Толық
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы