Қазақ әдебиеті | Хамит Ерғалиев

Хамит Ерғалиев(1916 —1997) (14.10.1916 жылы Атырау облысы, Махамбет ауданы, Новобогат селосында туған) — қазақ ақыны.
Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетінде оқыған. Ұлы Отан соғысына қатысты (1941-45). Тұңғыш өлеңдері Гурьевтің облыстық газетінде 1936 жылы жарияланды. Ол көптеген өлеңдер, публицистикалық мақалалар, эпикалық поэмалар, прозалық шығармалар жазды.
Шығармалары

Хамит Ерғалиев — 20-дан астам кітаптың авторы. Ақын шығармашылығының тақырыбы әр алуан. Ол қазақ халқының өткен өмірін, Октябрь революциясынан кейінгі азат заманның, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы майдан мен тылдың бірлігін, жауынгерлердің ерлігі мен тыл адамдарының еңбегін, соғыстан кейінгі коммунизмге қарыштай қадам басқан бүкіл халықтық қозғалысты жырлады. "Әке сыры" (1947) поэмасында ақын совет адамдарының Ұлы Отан соғысы жылдарындағы
.....
Рефераттар
Толық