Биология | Айкезбе
Айкезбе - аспандағы ай толысқан кезде кейбір сезімтал адамдардың өз-өзінен мазасынданып ұйқысы келмей, түн ішінде ұйқысырап тұрып кезіп жүріп кететін аурудың атауы. Айға байланысты халық жадында сақталған наным-сенім бойынша, айкезбе ай толысқан кезде құбыжыққа айналып, ай қайтқанда ол қайтадан қалпына келеді немесе жаңа туған айдың үшінші жаңасында қымбат метал күмістің тәңірісі ретінде адамға күштірек әсер етеді екен деседі. Айкезбе болған адам дағдылы қимыл-әрекеттерді орындайды, түн мезгілінде өзінен-өзі ұйқылы күйінде жүріп кетеді, кейде өзі білмейтін әртүрлі істер істейді. Ондай сырқатты бақсыға ұшықтатып емдеген. Дәстүрлі наным-сенім бойынша адам ай астында иен далада ұйықтап қалған кезде бетіне айдың сәулесі түссе, айдың шалығы тиіп есі ауып, аузы қисайып қалады деп санаған.[1]
Дереккөздер
↑ Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 .....
Дереккөздер
↑ Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 .....
Рефераттар