Экономика | Халықаралық несиелер нысандары және түрлері

Кіріспе.
Қазақстанның әлемдік экономикаға сай ойдағыдай жүргізу – елдің экономикалық дамуының сапалық серпілісінің негізі.
Біз Қазақстанның жаһандық экономикалық үрдістерге сәйкес дамып келе жатқан ел болуын қалаймыз. Әлемдегі жасалған жаңа мен озық атаулыны бойына сіңірген, дүниежүзілік шаруашылықтан шағын да өзіне лайық «орнын» иемденген, әрі жаңа экономикалық жағдайларға жылдам байімделуге қабілетті ел болуын қалаймыз. Біз қатаң бәсекеге әзір тұрып, оны өз мүддемізге пайдалана білуіміз керек. Қазақстан көп тарапты халықаралық экономикалық жобаларға белсене қатыса алады, қатысуға тиіс те, өйткені олар жаһандық экономикаға кіргізуімізге жәрдемдеседі әрі сол арқылы біздің қолайлы экономикалық – географиялық жағдайымызға және қолымыздағы ресуртарымыздарға сүйенеді. Қазақстанның экономикалық дамуындағы сапалық «серпілісті» әлемдік экономикаға кіргізудің қажетті шарты ретінде пайымдай отырып, мен мынадай бағыттарға баса назар аудару керек деп санаймын. Біз түпкі өнімдерін экспортқа шығаруға бағдарланған өндірістерді, мұнай – газ, көлік саласында және машина жасау мен метталургиядағы, химия мен өнеркәсіп кешеніндегі басқа да ішкі салаларда бірлескен кәсіпорындар құруға және дамытуға арқа сүйеуіміз керек.
Алдымызда халықаралық ұйымдадың белсене қатысумен биотехникалық орталықтар: өңірлік ІТ – орталық ретінде ақпараттық технологиялар паркін дамыту міндеті тұр.....
Курстық жұмыстар
Толық

Банк ісі | ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРІ ҰСЫНАТЫН ИПОТЕКАЛЫҚ НЕСИЕЛЕР

К І Р І С П Е
Ипотека дегеніміз б.з.д. І-ІІ ғ. Рим шекарасында белгілі болған. «Ипотека» термин ретінде б.з.д. VІ ғ. Пайда болды. Ипотека грек тілінен аударғанда кепілдік деген мағына береді.
Қазақстанда ипотекалық несиелеу меншік туралы Кеңес Үкіметінің заңы қабылданғаннан кейін мүмкін бола бастады. Шын мәнінде алғашқы ипотекалық несиелеу тұрғын үй құрылыс мемлекеттік бағдарламасымен 1994-1995 жылы жүзеге асырыла бастады. Ал бүгінгі таңда коммерциялық банктердің дәстүрлі – базалық қызметі – экономиканы және халықты несиелендіру. Бұл қызмет банктік қызмет көрсету аясындағы маңыздыларға және банкінің актив операцияларына жатады. Көптеген елдерде ипотекалық несиелендірудің халықты тұрғын үймен қамтамасыз етудегі ролі баршаға белгілі. Шағын болса да тұрақты табысы бар халық топтары үшін тұрғын үй сатып алуға жағдайлар жасаумен қоймай, ипотекалық несие құрылыс саласына инвестициялар тартуға мүмкіндік беріп, қор рыногының жаңа сегменті - ипотекалық құнды қағаздар рыногының әрекет етуіне септігін тигізді.....
Курстық жұмыстар
Толық

Банк ісі | Ипотекалық несиелердің есебі

Ипотекалық несие жылжымайтын мүлікті кепілге салу арқылы және ұзақ мерзімге берілетін ссуданы білдіреді.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев “Қазақстанның әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына ену стратегиясы” халыққа жолдауында атап өткендей: жеке тұрғын үй құрылысын кең ауқымды дамыту – еліміздің басым міндеттерінің бірі [1,3] .
Бүгінде ипотекалық несиелендіруді дамыту өзекті мәселелердің біріне айналуда. Ипотека халықтың тұрғын үй жағдайларын жақсартудағы мүддесін, банктердің тиімді және пайдалы жұмысын, құрылыс кешенінің ырғақты өндірісін және мемлекеттің мүддесін, яғни экономикалық өсімді қамтамасыз етеді.
Халықаралық тәжірибе көрсеткендей ипотекалық несие жүйесінің дамуы мемлекетке үлкен пайда әкеледі. Ол маңызды әлеуметтік міндеті – халықтың тұрғын үй мәселесін шешуге зор үлесін тигізеді. дамыту жалпы ел экономикасын дамытудың маңызды факторы болып табылады.
Менің осы курстық жұмысты жазудағы мақсатым – жалпы еліміздегі ипотекалық несиелердің нарықтағы жағдайын сипаттау, зерттеу, болашағы мен, мәселелерінің, даму болашағын айқындау. Сонымен қатар еліміздегі екінші деңгейдегі банктердің ипотекалық несие операцияларын ұйымдастыру, есебін жүргізу және талдаудың негізгі мәселелерін, жолдарын айқындайды.
Ипотеканың айрықша маңызды қағидаларына мыналар жатады: кепілге салынатын мүлік нақты болу керек, яғни келісімшартта кепілдік құқығының объектісіне жататын нақты мүлікті анықтау; кепілдіктің жариялығы, яғни кепілге салынған мүліктің ауыртпалығын үшінші тұлғаға оңай танитындай болуы керек.
ҚР-сында ипотекалық несиелендіру жүйесінің белсенді даму кезеңі басталды. Қазіргі кезде ұзақ мерзімді ипотекалық несиелендіру жүйесін дамыту жолымен ақшаны мобилизациялаудың нарықтық механизмдерін дамыту үшін жағдайлардың жасалуы есебінен тұрғын үй нарығында несие – қаржылық сфераның кеңейуі және халықтың төлем қабілеті сұраныстың өсуі үшін алғы шарттар бар. Осы жүйені енгізумен бірге халықтың ұзақ мерзімді ипотекалық несие түрінде ұсынылатын қаражаттар есебінен дайын тұрғын үй алу мүмкіндігі туды.
Курстық жұмыс екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімінде, ипотекалық несиенің мәні, қағидалары, Қазақстандағы ипотекалық компаниясын және түрғын үй бағдарламасын жетілдіру жолдары және оның құрылымы туралы мәселелер қарастырылған.
Екінші бөлімінде, ипотекалық несиелеу есебін ұйымдастыру жолдары және ипотекалық несиелеудің даму болашағы мен өзекті мәселелері қарастырылған. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Банктік несиелердің қайтымдылығын қамтамасыз ету нысандары мен формалары

КІРІСПЕ
Менің курстық жұмысымның тақырыбы "Банктік несиелердің қайтымдылығын қамтамасыз ету нысандары мен формалары"
Несие нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді. Оны барлық шаруашылық субьектілермен қатар мемлекет те, үкімет те, сондай-ақ жеке азаматтар да пайдаланады. Несиенің пайда болуын өнімдерді өндіру сферасын іздеу қажет. Тауар айырбастау – бұл тауардың бір қолдан өтуін білдіреді десе, шынымен де осындай айырбас кезінде несиеге байланысты қатынас туындайды.
Құнының қозғалысы – бұл несиенің қозғалысының түбін сипаттайды. Несиелік қатынастардың пайда болатын экономикалық негізіне капитал айналымын жатқызуға болады. Көбіне несиені ақша ретінде түсінеді. Қазіргі кезде шаруашылықта несие ақша түрінде берілуде. Несие ақшалай қаражаттардың екі жақты қозғалысын , яғни қаражаттың уақытша және уақыт өткен соң қайтарылуын білдірсе, ал қаржы сол қаражаттың бір жақты қозғалысын білдіреді. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Банктердегі тұтыну несиелері және олардың қазіргі кездегі жағдайы

К І Р І С П Е
Экономика – көп тармақты сала. Оның қомақты бөлігінің бірі – банк ісі. Қазіргі таңда еліміздегі коммерциялық банктердің экономиканың нақты секторын және де сауда ұйымдарын несиелендіруі – ұлттық экономиканың өсуіне олардың қосқан үлесі, басқа жағынан қарағанда банктердің атқаратын өзінің қызметтері қаржылық сектордың, яғни экономиканың ажырамас бөлігі. Олардың дамуы мемлекеттің, экономика агенттерінің шаруашылық өмірі үшін әрі тиімді, әрі пайдалы.
Банктік жүйе көп функционалды, ол ақша-несие саясатын жүргізеді, тәуекелдерді бағалайды, есеп айырысуларды жүзеге асырады, клиенттерге көптеген дәстүрлі және дәстүрлі емес қызметтерді ұсынады. Соның ішіндегі ең маңыздысы және ең бастысы - халыққа несие ұсыну. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Банктер мен банктен тыс мекемелердің несиелерін есепке алу

Кіріспе
Қарыз капиталының қозғалысын несиелеу — ол пайыз (процент) турінде қарызға төлем ақы ретінде қайтарылатын капитал.
Несиенің объективтік қажеттілігі ең алдымен өнеркәсіп пен сауда капиталының айналымдық зандылығымен байланысты.
Несиелерді есепке алу үшін "Несиелер" бөлімшесіне енгізілген 3010 «Банк несиелері», 3020 «Банктен тыс мекемелердің несиелері», 4030 "Басқа да несиелер" сияқты пассивті шоттары пайдаланылады.
Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелерді беру Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкісі бекіткен «Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелендіруді ұйымдастыру ережелеріне» сәйкес жүргізіледі.
Несие беру және оның операцияларын жүргізу лицензия берілген Улттык банктің шешімімен айқындалған ресми статусы бар банкілер арқылы жүзеге асырылады. Несие неізінен оны өтеу кабілеті бар кэсіпорындарға беріледі. Несие өтеу қабілеттілігі деп кәсіпорынныңөзінің борышты міндеттемелерін толығымен және уақытында есептесе алуын айтамыз. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Банк несиелерінің кәсіпорын экономикасына әсері

КІРІСПЕ
Екінші деңгейдегі банк тер жүйесінің одан әрі даму мен өзгерістері. 1998 жылдың соңында Қазақстанның барлық жүйесінің деңгейі-ломбардтық, несиелік бірлестіктер, лизингтік, факторинг тік фирмалар, клиринтік фирмалар, т.б. түрлерінде көрініс табатын банк тік емес қаржы мекемелердің жүйесімен толықтырылады және екінші деңгейдегі банктерден тұратын болады.
Екінші деңгейдегі банк тер капиталдандырудың деңгейіне жетуі тиіс және корпоративні бағалы қағаз күрделі қаржы жұмсау тек олар бойынша биллерлік операциялардан, басқа банк қызметінің барлық түрлері жүзеге асырылатын болады.
Коммерциялық банк тер жүйесімен қатар, өздерінің белгілеген өзіндік қызметтері бар бірқатар мемлекеттік банк тер пайда болады және олардың қызметін реттейтін арнайы нормативті база құрылады.
Қазіргі кезде мемлекеттік мамандандырылған банк терге: Экспортты-импорттық банк, Тұрғын үй-құрылыс банкі және Сауықтыру банкі жатады.
Ондай банктердің қатарында Халықтық жинақ банкі де жатады, әзірше ол халыққа қызмет көрсетуге мамандандырылып, мемлекеттің бақылауында болады. 1998 жылдан бері, оның қосымшаларымен акционерлеу басталды.
Үкіметтің құрылымдық-инвестициялық саясатын жүзеге асару үшін коректі ішкі қаржылық ресурттар кірісінің көзімен қызмет етуінің тиімділігін көтеру мақсатында, Қазақстан Республикасының Үкіметі Эксимбанкті акционерлеу жатады және алдыңғы қатардағы шетел банктері мен халықаралық Қаржы министрлігі кепі болатын, оның облигациясын эмиссиялау туралы шешім қабылдады.
1.1. Банк қызетін ұйымдастыру.
Банк жүйесінің маңызды элементі—банктер болып табылады. Ежелгі ғасырлар тарихы кейінгі ұрпаққа банктердің қашан пайда болғаны туралы ғана емес, сон дай-ақ олардың қандай операцияларды орындағандығы туралы да толық мәліметтер қалдырмаған секілді . ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Банк несиелерін есепке алу

КІРІСПЕ
Халық шаруашылығы мен банктің басқару жүйесіндегі бухгалтерлік есептің рөлін көтермей, экономнканы дамыту мүмкін емес.
Уақтылы, толық және обьективті есеп банк жұмысын үнемді жүргізуге, көп шығын болдырмауға, әрдайым резервтерді іздестіруге, пайданы көбейтуге мүмкіндік береді. Бухгалтерлік есеп — бұл құжаттар негізінде құрылған шаруашылық қызметтің біртұтас, үздіксіз өзара байланысқан бейнесі. Банктегі бухгалтерлік есеп ең алдымен өзінің оперативтілігімен ерекшеленеді. Оны мынадан көруге болады. Мысалы, банк мекемесінде бір операциялық күннің 3-4 сағатында (9-13 сағатқа дейін) жүргізілетін есеп айыру, кассалық, несиелік және тағы басқа операциялары сол күнгі аналитикалық есептің құжаты, яғни клиенттің дербес шотында көрсетіліп, күнделікті баланс құру әдісі арқылы бақыланады. Бұл ақша қаржыларының сақталуы туралы, күнделікті ақша айналымы мен есеп несие қатынасының жағдайы туралы жедел ақпарат алуға және ақша айналымы мен несиелік ресурстар айналымын қадағалауға мүмкіндік береді. ....
Курстық жұмыстар
Толық