Қалқаман Сарин (Жақсы мен одан да жақсы)

Төрткүл дүние-ай тұтқа болып ең кімдерге?
Төрт қырлап қазған қабір ғой алар жүлдем де...
Төрт нәрсе жақсы тұрлаусыз мынау тірлікте,
Ал төрт нәрсе бар одан да жақсы, білгенге!

Бұғаулап алып бермеген кезде нәпсі бой,
Ар-иманыңа қорғаныш болар тасқын ой
Еркектің ұяты болғаны....
Өлеңдер
Толық

Қалқаман Сарин (Менің-мұңым)

Тағы да Түн.
Тәтті елестер ұнайтын жаныма тым.
Мына жарық жалғанда болса бір жан
Ол - өзіңсің, мені ойлап, сағынатын.

Жанып, ысып,
Заңғар көкке арманың алып-ұшып,
Білем, сезем,....
Өлеңдер
Толық

Адамның арман-мұраттары – жаңа заманның ерекше белгісі

Адамға тән қасиет – болашақты болжау, армандау. Адамның мақсаты болмаса ештемені де тындыра алмайды. Болашақты армандай білу де ұлы даналық, себебі арман өмірге қызықтырады, оны сұлуландырады, өмірді алға ғарыштатады, өрге тартады. Арман адамның жарық жұлдызы, айқын бағдары, онсыз алға басу да, тірлік те жоқ. Олай болса, алға ұмтылу — өмірдің мақсаты.
Мұндай сапа адамға жаратылысынан тән. Құл – бас бостандығын, шаруа не болса да ерікті болсам, жұмсышы — өндіріс құралының иесі, байлардай болсам, экономикалық әлеуметтік теңдік орнаса деп армандады. Қоғамның алдыңғы қатарлы ақыл-ой иелері өздерінің шама шарқынша адам баласының арманының армандалу жолдарын іздеді, теориялық болжамдар жасады. К. Маркс, Ф. Энгельс капитализмді әділетсіз қоғам деп есептеп болашақтың......
Шығармалар
Толық

Арман мен қиял

Шынымен де, Адамға Алланың берген ерекше қасиеті — армандай білу. Ал, нені, қалай армандайсың — ол әр адамның өз өресіне, өзіне деген сеніміне байланысты. Асыл арман дейміз, ас-қақ арман дейміз, күпіршілік жасап, арасында орындалмас арман деп те қоямыз. «Арманың орындалсын», — деп тілек айтамыз.

Жақсы ғой, бірақ та сол асыл арман құрғырлар, өз санатыңнан құлшыныс білдірмесең, сол алдамшы арман күйінде қала бермей ме? Және де сенің арманыңа сенім білдірген етене жақының болса, тіпті құба-құп. Ал өрімтал шағыңда асыл арманыңды заңғар таудай көретін......
Шығармалар
Толық

Менің елім, Туған жерім

Отан десем оралады ойыма
Ақсақалды, ақ шапанды қария,
Туған жерім - құт мекенім, дариям,
Егеменді елім, туым, әнұран,
Қанатымды қағып ұшқан жанұям.

Осы жолды аңсап еді еліміз,
Ар-намысты батыр туған жеріміз.
Мақтан етер бай мұрасы, салты бар,
Мен сүйетін қалың қазақ, халқым бар.

«Отаным» деген жас жүрегімнен шыққан асыл сөзді мақтанышпен, асқақтықпен айта аламын. Ата-бабамыздың азаттық жолындағы ерен ерлігінің арқасында осынау арман еткен заманға тер төге, көп күш жұмсай жеткен елімді мақтаныш етемін. Талай жылғы ұлы дүбір, дүрбелеңнен кейін жарқын болашақтың таңы атып, еркіндік пен теңдік есігін айқара ашты. Еліміздің күні оңынан туып, жарық жұлдыздар шоғыры ұлттық намыс пен арымызды тудай....
Шығармалар
Толық

Өскемен қаласы

Қалдырып кетпесем де ештеңемді
Қимайды көңіл неге Өскеменді?
Былдырлап тілі шыққан балам құсап
Шықпайтын болып алды естен енді.

Қол созып махаббаттың жүлдесіне
Шомылсам шолпылдатып.....
Өлеңдер
Толық