Тарих | Қола дәуіріндегі Қазақстан тайпалары

Қола дәуіріндегі Қазақстан тайпалары
Дәуірдің ерекшеліктері; Неолит дәуірінде-ақ бола бастаған шаруашылық өзгерістері нәтижесінде біздің заманымыздан бұрынғы II мың жылдықта малшылық-егіншілік экономикасы мен жоғары дамыған металлургия қалыптасты. Өндіруші тұрпаттағы экономикаға көшу Қазақстан территориясындағы бүкіл жағдайды түбірінен өзгертті. Қоныстарын жиі өзгертетін, жігерлі, пысық малшы тайпалар ұлан-байтақ және қуатты бірлестіктер құрды; бұлардың қалыптасуында соғыс қақтығыстары едәуір роль атқарды. Қару енді жабайы хайуандарды аулау үшін ғана емес, сонымен қатар тайпалардың қақтығыстарында да жиі пыйдаланылатын болды. Қару жасау бірте-бірте металл өңдеудің дербес саласына айналды.
Археологиялық материалдар бойынша, андроновтық тұрпатты ескерткіштер қалдырған далалық малшы-егінші тайпалардың мәдени ортақтығы жақсы мәлім. Барлық жергілікті өзгешеліктеріне қарамастан ұлан-байтақ территорияға тараған бұл тайпалар неолит дәуіріндегі тайпалық ала-құлалықтың орнына айқын мәдени біркелкілікті көрсетті.....
Курстық жұмыстар
Толық