Экономика | Каспийдің экологиялық мәселелері

Қазіргі кезде табиғаттағы тиімді пайдалану және оны қорғау дүниежүзілік маңызы зор проблемалардың қатарына көтеріліп отыр. Каспий теңізі (ескі тарихи атаулары: Каспи, Гиркан, Хвалын, Хазар тағы басқа) –Еуразия құрлығының орталығында, мұхиттардан алыста, оқшау жатқан жер шарындағы бірден–бір тұйық су айдыны. Дүние жүзіндегі ең ірі тұйық су айдыны, үлкендігіне қарап теңіз деп атайды. Ауданы 376000 км 2 . Меридиан бағытында 1200 км–ге созылған, орташа ені 300 км. Жағалау сызығының ұзындығы 7000 км, оның Қазақстанға тиесілі ұзындығы 2340 км (солтүстік жағалауының басым бөлігі және шығыс жағалаудың солтүстік жартысы), қалғаны Ресей, Әзербайжан, Түрікменстан және Иран жерімен шектеседі. Беті мұхит деңгейінен 28 м төменде жатыр. Ең терең жері 1025 м, орташа тереңдігі 180 м. Каспий теңізі оңтүстіктен солтүстікке дейін 1030 км,батыстан шығысқа дейін 196–435 км аралықты қамтиды. Солтүстік шығыс бөлігінің климаты континенталды, ал оңтүстік батысы субтропикалық климатты құрайды. Каспийдің солтүстік жағалауы таяз, көбіне қайраңдардан тұрады. Ірі шығанақтары: Маңғыстау, Қазақ, Қарабұғазкөл, тағы басқа 50-ге тарта аралдар бар. Ірі түбектері Маңғыстау, Апшерон, Аграхан, Красноводск, Шелекен .
Каспий теңізі Еуропа және Азия континеттерінің түйіскен жерінде орналасқан. Каспий қайраңы өте ерекше табиғат туындысы әрі өсімдіктер мен жануарлардың қолайлы ортасы. Мұнда «Қызыл кітапқа» енген өсімдіктер мен жануарлар көптеп кездеседі. Тұйық су айдыны болғандықтан мұндағы өсімдіктердің басымы эндемиктер. Теңіздің құнды байлықтарының бірі – бекіре тұқымдас балықтар. Олардың 5 түрі тіршілік етеді. Бекіре тұқымдастарының дүниежүзілік қорының 70% осы теңіздің үлесіне тиетін мақтанышпен айтуға болады. Каспий ойпаты өзінің табиғат ескерткіштерімен, фаунасы және флорасының көптүрлілігімен ерекшеленеді. Мұнда өсімдіктердің 945, балдырлардың 64, фитопланктондардың 100-ден астам түрі тіршілік етеді. Ойпатты тегіс жағалау басым. Жағалауында теңіз суының бұрынғы жоғары тұрған кезеңін дәлелдейтін теңіз террасалары көп. Каспий теңізінің қалыптасуы ұзақ геологиялық мерзімде өтті. Осы уақыт ішінде теңіз суы бірде жағалауды басты (трансгрессия), бірде суы кейін қайтып (регрессия). ....
Курстық жұмыстар
Толық