Безеуге қарсы маскалар

Терінің ең көп тараған ауруы – безеу. Безеу көбінесе 14-16 жастағы балаларда болады. Бұл – жыныстық жетілудің уақытша қосымша әсері. Май бездерінің шығаратын өзегі бітеледі де оған ауру тудыратын микробтар түсіп, қабынады. Айналасындағы тері тығыздалып, қызарады да кішкентай түйін пайда болады, ол жиі іріңдейді. Олар уақытша пайда болады, бірақ терінің көп бөлігіне жайылып ауыруы мүмкін. Безеу бетті, кеудені, арқаның жоғары бөлігін зақымдайды.

Көптеген адам безеуден құтылу үшін қымбат дәрілермен, кремдер сатып алады. Негізі, безеуді үй жағдайында безеуге қарсы маска жасау арқылы емдеуге болады. Үй жағдайында безеуге қарсы маска жасау сіздің қаржыңызды үнемдейді. Үй жағдайында безеуге қарсы мынадай маскалар жасауыңзыға болады. ......
Денсаулыққа пайдалы кеңестер
Толық

Әжім кетіретін 8 түрлі нәр

Әйелдер өзгелермен қарым-қатынас жасағанда, өздерінің өң-шырайына баса мән бергені жөн.Терінің нәзіктігі – әрліліктің айнасы. Қанша тәуір киінгенмен, бет ажарың әдемі көрінбесе, бәрібір кетеуіңнің кеткені. Ал әйелдердің ажарын тайдыратын бәлекет – әжім, әжімды сәндік гримдермен де жасыра алмай қаласың. Әсіресе, көздің айналасындағы тері өнбойдағының бәрінен жұқа болғандықтан, оған әжім оңай түседі, сонда әжімге қарсы тұра алатын не бар екен деші? Журналымыз енді сізге оның сегіз түрлі әдісін таныстырсын:

1. Қызанақ (помидор). Құрамында дәрумен мол болады, оның ішінде С дәруменінің құрамы көкөніс түрі бойынша алдыңғы орында, ол теріні ұтымды түрде қорғай алады; Ондағы мол А дәрумені терінің серпінділігін сақтап, тері клеткаларының семіп мүйізгектенуінің алдын алады. Қызанақты ұсақтап турап, жаншып шырынын шығарып алып, оған азырақ бал араластырып бетке жақса әжімді тіпті жақсы кетіреді. ......
Қыздарға (бойжеткен) пайдалы кеңестер
Толық

ҮНДІ қыздарының шашты ЖЫЛДАМ өсіретін оңай үш

Ғалымдардың зерттеуінше, неғұрлым шаш ұзын болса – соғұрлым әйелдің нәзіктігі артады екен. Олай болса, шашыңызды өсіріңіз. Қалай? Фото: zastavok.net Фильмдерден, клиптерден шашы қысқа үнді қызын көргенсіз бе? Жоқ! Олардың бәрінің шашы ұзын. Өйткені, олар осы үш әдісті қолданады. Шаш өсіру үшін сіз де пайдаланып көріңіз. Гүлді өсіру үшін оған күтім жасау керек. Дәл сол сияқты шашты өсіру үшін де оған арнайы көңіл бөлген дұрыс. Бұл тұрғыда гүлге қажетті суды шашқа арналған нәрлендіргіш маскаларға теңеуге болады. Осы орайда үнді қыздарының шаш өсіруде қолданатын әдістерімен таныс болыңыз. ......
Денсаулыққа пайдалы кеңестер
Толық

Қарапайым халық медицинасымен емделіңіз

Бүгінгі таңда дәрі-дәрмектің бағасы аспандап тұрғаны белгілі. Тіпті кейбір дәрілерді алып ішуге қалтамыз көтермей жатады. Мұндай оқиға бәріміздің де басымызда болған шығар. Соны ескере отырып, біз бүгін сіздердің назарларыңызға қарапайым халық кеңестерін ұсынғымыз келіп отыр.

1. Тұмау кезінде денеңіз қатты қызса.

0,5 литр суды сүтпен, қантпен және 1 шай қасық кардамонмен араластырып ішсеңіз, қызуыңыз басылады.

2. Басыңыз ауырса. ......
Денсаулыққа пайдалы кеңестер
Толық

Бас ауруы,себептері мен емі

Бас ауруы – адамға әртүрлі дәрежедегі ауырсыну әкелетін және көп қолайсыздық тудыратын сырқат. Оған себеп көп: психикалық және эмоциялық шаршау, бас миы тамырларының склерозы, бас сақинасы, мидың органикалық аурулары (ісік, инсульт және т.б.) және басқалар. Бас ауырғанда ауырсынуды жоятын дәрілер ішу міндетті емес. Халық емінің бас ауырғанда көмектесетін көптеген әдістері бар, бірақ алдымен дәрігерге барып, ауру себебін дәл анықтап алғаныңыз дұрыс. Дәрігер рұқсат еткен жағдайда төмендегі кеңестерді пайдалануыңызға болады.
Шаршаудан туынлаған бас ауруы кезінде жылы бұлау, мелисса немесе түймедақтан дайындалған шай көмектеседі. Кей жағдайларда валериана ішу немесе теңіз тұзы, шөптер қосылған бұлау жасау пайдалы. ......
Денсаулыққа пайдалы кеңестер
Толық

Жүрек приступінің болатыны жайлы 1 ай бұрын білуге болады

Білетін боларсыздар 21 ғасырда өлімнің көбісі жүрек ауруынан.

✅ 1) Шаршау

Қан тамырлары жіңішке болып тарылғанда, сіздің жүрегіңіз өзіне керек мөлшердегі қанды ала алмайды. Ал бұл жүректің күшін әлсіретеді. Ең бірінші белгі — Мәңгілік шаршау және ұйқы келіп есіней беру.

✅ 2) Тыныс алу жолдарының қалыпсыздығы

Егер жүрегіңізге қан аз мөлшерде келетін болса, Өкпеңіз керекті мөлшерде кислород ала алмагандыгы. ......
Кеңестер
Толық

Баланы жасына қарай тәрбиелеу

Баланы ұрып, жазалау – қазақ қоғамына тән «тәрбие амалы». Негізінде, баланы ұру әдеті олардың жауап қайтара алмауынан туған.

Алғашқы кезең – 5 жасқа дейін

Бұл шақта балаға патшадай қарау керек. Тыйым салу орнына, көңілін басқа нәрсеге аударуға тырысыңыз. Егер тәртіп бұзса, қабақ түйіп, қорқытқан түр жасап көріңіз. Мұндай «тілді» балалар жақсы түсінеді. Бес жасқа дейін баланың өмірге қызығушылығы артып, әр нәрсеге көңілі ауып, жаңа дүниені тануға құмар болады. Бұл шақта баланың логикалық ойлауы әлі толық жетілген жоқ. Мәселен, қымбат ыдысты сындырып алса, оны сатып алу үшін көп еңбектеніп, ақша табу керек екенін түсінбейді. Сондықтан, жазалауды әр істен тыю және күш көрсету деп қабылдайды. Демек, оған ыдыс сындырмауды емес, өзінен күшті адамнан қорқуды үйретесіз. ......
Әкелерге (папа) пайдалы кеңестер
Толық

Сүт сүйекті нығайтады

Денсаулықтың жақсы болуын жас кезден бастап-ақ қолға алған дұрыс. Сүйек – адамның қимыл-қозғалысына ең қажетті ағзаның бірі. Оның құрамында 50% су, 12,5% оссеин (жұмсақ, серпінді органикалық зат), 21,8% минералды заттар (кальций фосфаты), ал 15,7% май болады. Оссеин заты сүйекке серпінді, иілгіштік қасиет береді. Жас балалардың сүйегінде органикалық заттардың мөлшері көп болса, адам жасы ұлғайған сайын сүйектегі органикалық заттар азайып, минералды заттар көбейеді. Ал мұның салдары сүйектің иілгіштік қасиетінен айырылып, морт сынғыш болуына алып келеді. Назарларыңызға сүйекті нығайтатын амал-тәсілдерді ұсынамыз. ......
Кеңестер | Денсаулыққа пайдалы кеңестер
Толық

Бұлшықетіңізді қатайтатын тағамдар

1. Сүзбе

Сүзбе бұлшықет жинауға көмектеседі. Небары 150 грамм сүзбе сізге 22 грамм ақуыз береді.

2. Албырт (еті нәзік қызғылт түсті ірі қызыл балық)

Албыртта ақуыз бен омега-3 қышқылы мол. Ал бұл екеуі сіздің бұлшықетіңізді өсіруге көмектеседі. Албырт ағзадағы зат алмасуды да жеделдетеді.

3. Сұлы

Сұлыда дәрумендер, минералдар, ақуыздар, көмірсулар, жасұнықтар көптеп кездеседі. Ал бұл элементтер біздің денсаулығымызға өте пайдалы. Сұлы қандағы қант мөлшерін де қалпына келтіреді. ......
Кеңестер | Ерлерге (жігіт) пайдалы кеңестер
Толық

Аспаз бойжеткендерге арналған кеңестер

✅ 1. Көптеген тамақ мәзірлерінде «бір шымшым ванилин немесе ас содасын қосыңыз» деп көрсетіледі. Бірақ оларды көп қосып қойғаннан, мөлшерлеп немесе аз салған дұрыс екенін ұмытпаңыз.

✅ 2. «Құмшекерлі» қамырды ұзақ уақыт илей беретін болсаңыз, нан қатты болады.

✅ 3. Бисквит қамырды бірден пісірмесеңіз, құрамына ауа кіріп, дәмін жоғалтады.

✅ 4. Пирогтың піскенін білу үшін арасына ағаш таяқша кіргізіңіз. Егер құрғақ болса, дайын болғаны. ......
Кеңестер | Қыздарға (бойжеткен) пайдалы кеңестер
Толық
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы