Өмір

Ұлы Абайдың жас ұрпаққа: "Атаның ұлы болма, адамның ұлы бол" деп өсиет калдырғаны белгілі.
Әрине, бұл жерде өз атына лайық, ізгі, мейірімді, өзгелерді қадірлейтін, өз мүддесін қоғам мүддесімен ұштастыра алатын, өзі үшін де, өзгелер үшін де еңбек ете білетін, өз құқығын қорғап, өзгелердің кұқығын сыйлайтын, өмірден кеткен соң артына жақсы сөзі мен ісін қалдыратын адам туралы әңгіме болып отырғаны....
Шығармалар
Толық

Жамбыл Жабаев (Өсиет)

Ой-хой, дүние серуен!
Адам бір көшкен керуен.
Дүниені қызық қалдырып,
Асамыз өмір белінен.
Кірсе лебіз - шықса жоқ,
Қауіп етіңдер.....
Өлеңдер
Толық

16 Желтоқсан - Тәуелсіздік күні (Елім менің - Қазақстан!)

Тәрбие сағат аты: «Елім менің - Қазақстан!»
Тәрбие сағат Мақсаты:
1. Білімділік. Оқушыларға Қазақстан Республикасының рәміздерін, конститутциясы, тарихы туралы мағлұмат беру. Ақыл - нақыл, шешен сөздер, туған жер туралы өлеңдер үйрету.
2. Тәрбиелік. Оқушыларды отансүйгіштікке, патриоттыққа тәрбиелеу. Туған жерді қадірлей білу, бағалауға үйрету.
3. Дамытушылық. Оқушылардың Отан, туған жер туралы ой - өрісін дамыту. Өзіндік көзқарасы бар жеке тұлға қалыптастыру. Оқушыны сахна мәдениетіне үйрету.
Тәрбие сағат Көрнекілігі: Плакат, рәміздер суреті, буклеттер, кітаптар, интерактивті тақта.
Жүрісі:
Бимен басталады
1 - жүргізуші: Қайырлы күн, қадірменді ұстаздар, оқушылар,! 6 «а» сынып оқушылары ұйымдастырып....
Тәрбие сағаттар
Толық

ЖИТС (СПИД) - ғасыр уы

Ажигалиева Жансая Тілкеқызы.
Батыс Қазақстан Облысы, Бокейорда ауданы,
Сайкын а. №18 кәсіптік-лицей.


Тәрбие сағатының тақырыбы: «СПИД ғасыр уы »

Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларды салауатты өмір сүре білуге тәрбиелеу , міндеттеріне шылым шегудің, ішімдіктің , нашақорлықтың, СПИД-тің адам ағзасына зиянды әсерлерін ашып көрсету, солардың салдарынан туатын аурулар туралы оқушылардың білімдерін жетілдіру, оқушыларға шлым шегудің, ішімдіктің, нашақорлықтың, СПИД- тің адам өміріне зиянды әсерін аша отырып, олардың сана – сезімдерін тәрбиелеу және салауатты өмір суруге азаматты жауапкершілітерін орнықтыру.
Тәрбие сағаттар
Толық

Атадан мал қалғанша, тал қалсын

Тәрбие сағат тақырыбы: Атадан мал қалғанша, тал қалсын.
Тәрбие сағат мақсаты: Қазақтың «Атадан мал қалғанша, тал қалсын», деген ұлағатты мұрасының маңызын ұғындыру. Туған елге қызмет етуге, орманды қадірлеуге, оған қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Топпен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіру, танымдық қызығушылықтарын арттыру, дарындылық қабілеттерін анықтау.
Тәрбие сағаттар
Толық

Назарбаев заңсыз иемденген баспананы банк қызметкерлерінен тартып алуды тапсырды

"Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" басшылары Президенттің сынына ілікті.

Фото: total.kz
Фото: total.kz

Ақордада "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингінің" басқарма төрағасы Қуандық Бишімбаевты қабылдаған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев банкте тәртіп орнатуды тапсырды. Сондай-ақ, "басшылар иемденіп кеткен пәтерлер қайтарылсын" деп қадап тапсырды.

Өз кезегінде Қуандық Бишімбаев "Бәйтерек" холдингін құрудың мемлекетке келтіретін пайдасы жайлы баяндады.

Айтуынша, қаржы ресурстарын басқарудағы синергия есебінен жыл сайын 15 миллиардқа жуық теңге үнемдеуге мүмкіндік туады. Сондай-ақ, Президент "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесіне дайындық барысын саралады.

Бұл жайлы есеп берген Премьер-министр Серік Ахметов тапсырмалардың жоспарға сай жүргізіліп жатқанын және үнемі бақылауда екенін айтты. Президент "ЭКСПО-2017" көрмесіне қаржыландырудың қосымша көздерін тартуды ұсынды. Алаңның әр азаматқа қолжетімді болып, оны аралап шығуға мүмкіндік жасалуы тиіс деді.

Жаңалықтар
Толық

Серік Сәпиев киноға түсіп, өз-өзін сомдады

Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев "Мужская история" деп аталатын жаңа қазақстандық телехикаяда боксер рөлін сомдады, деп хабарлайды BNews.kz.

"Мужская иcтория" деп аталатын сериалдың сюжеті төрт достың тағдырын, олар бастан кешкен оқиғалар, сатқындық, жігіттер арасындағы кикілжің мен махаббат жайын баяндайтын болады. Мектеп партасынан басталған достық олардың өмірлік серігіне айналады. Лондон Олимпиаласының алтын медаль иегері Серік Сәпиев басты рөлдегі жігіттердің бірін жаттықтыратын боксшы рөлін сомдайды.

"Мен осы жобаға қатысуға шақырту алғаныма өте қуаныштымын. Бұл менің алғашқы актерлік тәжірибем. Бірақ мен мұнда өз-өзімді ойнаймын, сондықтан бұл рөлде өзімді ыңғайлы сезінем. Маған сериалдың сценарийі қатты ұнады. Мен нағыз достық жайлы фильмдер мен сериалдар біздің қоғамға аса қажет деп санаймын. Досты құрметтеп, қадірлеп, бағалай білу керек", - деген пікірімен бөлісті Серік Сәпиев.

Жаңалықтар
Толық