Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2017 жылғы 21 сәуірдегі № 5 хаттама).
2017-2018 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы: Әдістемелік нұсқау хат. – Астана: Ы. Алтынсарин.....
Төреғали Төреәліұлы - 1992 жылы 14 қазанда Қызылорда облысы Байқоңыр қаласында дүниеге келген. Алматы қаласындағы Т. Жүргенов атындағы Өнер академиясының колледжін актер мамандығы бойынша тәмамдаған (2009—2011). Бірнеше студенттер айтысының жеңімпазы, Республикалық айтыстардың жүлдегері.
Көктемнің алғашқы күндерімен бірге көңілге қуаныш ала келетін 8наурыз мерекең құтты болсын. Көктемнің бар гүлі, көңілдің сазды үні тек саған арналсын. Жаныңа жылылық, жүрегіңе ұлылық берсін. Әмәнда аман-сау, көңілді болғайсың. Қыз күніңнің қызғалдағы болғайсың, Жүз ғұмырдың ізгі арманы болғайсың. Бар қазаққа биік тұмар....
Әлемдiк нарықтың қазiргi жағдайы халықаралық сарапшыларды шынымен алаңдатып отыр. АҚШ Федералдық қор жүйесiнiң бұрынғы жетекшiсi Алан Гринспен: «Бүгiнгi дағдарыс – ХХ ғасырдың ең күштi қаржылық дағдарысы» деп мәлiмдедi. Кезiнде инвесторлардың көзiн қызықтырып, активтердiң бiрiнен кейiн бiрiн сатып алуға жетелеген қомағайлықтың соңы байлардың қолындағы барынан айырылып қалу қаупiне ұласқан. Дүниежүзiлiк нарықттағы ахуалды 1987 және 1998 жылдардағы дағдарыстармен салыстырған Гринспен 1837 және 1907 жылдардағы банк саласындағы қиын кезеңдi еске алды. Жалпы халықаралық қор нарығындағы жағымсыз жайттар Американың ипотека нарығындағы ахуалмен тығыз байланысты. Ипотекалық делдалдардың төлемдердiң уақытылы өтелмеуiнен есi шықты. Қаржыларының басым бөлiгiн ипотекаға қатысты құнды қағаздарға салған қорлар құлдыраудың шарықтау шегiне жеттi. Ең сорақысы, америкалық ипотекалық дағдарыс барлық халықаралық сауда алаңдарына кесiрiн тигiздi: Ұлыбритания, Франция, Германия мен Азия елдерiнiң биржалық индекстерi күрт төмендедi. Iрi инвесторлар банкротқа ұшырамас үшiн ресейлiк активтерге салған ақшаларын қайтарып алып, америкалық қазыналық қағаздарға ауыстыра бастады. 1987 жылдың 19 қазанында АҚШ-тың негiзгi қор индикаторы Лоу Джонестiң көрсеткiшi 22,6 пайызға бiр-ақ төмендегенде «жаңбыр жаумай жатып су болған» инвесторлар байбаламға басқан едi. Осының салдарынан еуропалық және азиялық биржалар күтпеген жерден төменге қарай құлдилап, гонконгтық биржа 1 апта бойы жұмыс iстеген жоқ. Алайда, қаржылық дағдарысқа Жапония ғана селт етпедi. Сарапшылар пiкiрiнше, сол кездегi дағдарыстың тарихи маңызы, бүкiләлемдiк экономикалық және қаржылық билiк Американың қолынан Жапонияға өттi. Қазiрдiң өзiнде жапондар тұтынудан гөрi өндiруге көңiл бөлсе, АҚШ керiсiнше, өндiруден гөрi тұтынуға ден қойған. Сондықтан Жапония шет мемлекеттердегi активтерiн үстемелей түсiп, Америка қарызға белшеден батқан үстiне батты. Алайда, көп кешiкпей жапондар да сазға отырды. Өйткенi, 1998 жылғы дағдарыс азиялық қор нарығындағы құлдыраулардан басталған болатын. 1997 жылдың күзiнде Таиланд пен Гонконгтың қор нарығында орын алған тұрақсыздық 1998 жылғы дағдарысқа ұласып, Жапония, Индонезия мен Оңтүстiк Кореяның қор нарығына керi әсер еткен. Сол жылы Ресей ГКО бойынша дефолт жариялады. Орыстардың ұлттық валютасы – рубльдiң бағамы күрт төмендеп, Ресейдегi шетелдiк инвесторлар орыстардан сырт айналды. Бiрақ әлемдiк нарықтағы мұнай мен газ, металл бағаларының өсуi инвесторларды орыстармен қайта «қауыштырды». Үстiмiздегi жылы халықаралық қор қайтадан қиын кезеңдi басынан өткере бастады. Сарапшылар пiкiрiнше, Американың ипотекалық дағдарысы қытайлық экономиканың өсу қарқынына кесiрiн тигiзуi мүмкiн. Ал, бұл әлемдiк нарықтағы шикiзат бағасының төмендеуiне ықпал етпек. ....
Нарықтық қатынастың қалыптасуы шаруашылық қызметін біртұтас кешенді талдауды ішкі (басқару) және сыртқы (қаржылык талдау) талдау деп бөлуді қажет етіп отыр. Талдаудың бұл турлерінің әрқайсысының өзінің негізгі ақпарат көздері бар. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, есеп берудің екі түрі бар: Акционерлерді, қалың жұртшылықты, банктерді, сондай – ақ сақтандыру ұйымдары мен үкімет органдарын кәсіпорынның жұмыс жағдайы мен оның қаржылық жағдайы және есепті кезеңдегі шаруашылық қызметінің нәтижесімен таныстыру үшін қаржылық газеттер мен бюллетендерде, арнайы анықтамаларда басылып шығатын қаржылық есеп беру. Сонымен қатар көбіне, есепте субьектінің шаруашылық қызметін динамикада бейнелеп көрсетуге, даму бағыты мен оның алдынғы кезеңдегі жағдайын болжауға мүмкіндік беретін бірқатар жылдардың мәліметтерін жариялайды. Есеп берудің екінші түрі – басқару талдауы, бұл кәсіпорын шығаратын өнімдердің жеке түрлерінің өзіндік құнының нормативтері туралы, сондай-ақ сапасының төмендігіне немесе тауардың мөлшерден тыс шығарылып, өтпей қалуына байланысты мәліметтерден тұратын қатаң құпияландырылған, басқа тұлғалар үшін жабық есеп болып табылады. Ішкі есеп берудің ішіндегі жауапкершілік орталықтары мен пайда болу орындары бойынша шығындар сиқты жеке бөлімшелердің жұмыс нәтижелерін сипаттайтын маңызды есеп түрлері болады. Кәсіпорынның жеке бөлімшелеріндегі шаруашылық жүргізу деңгейін анықтау шығындар мен нәтижелерді салыстыру, кім қалай жұмыс істейтінін көруге мүмкіндік береді және еңбекке ақы төлеуде қандай да бір иесіздікті жояды. Ішкі талдау басқару есебі, ал сыртқы таңдау қаржылық есеп негізінде жүргізіледі. Бүгінгі таңдағы нарыққа өту кезеңінде кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалауда жаңа амалдар қажет. ....
Қаржылық жоспарлау мен болжау – бұл қаржы механизімінің қосалқы жүйесі, саналы басқарудың аса маңызды элементерінің бірі және әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың құрамды бөлігі. Олар экономиканың үйлесімді және тепе-теңдік дамуына жетуге, біртұтас ұлттық шаруашылық кешенінің барлық буындарының қызметін үйлестіруге, қоғамдық өндіріс өсуінің жоғарғы қарқынын қамтамассыз етуге, халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған. Қаржылық жоспарлаудың өзіндік ерекшелігі сол, бұл жоспарлау өндірістің материялдық-заттай элеменнтері турасында, ақшамен қоғамдық ұдайы өндірісте белсенді ықпал жасау турасында ақша қозғалысының салыстырмалы дербестігімен шарттасылған ақша нысанында жүзеге асырылады. Қаржының табысты іс-әрекет етуі және қоғамдық процестерге белсенді ықпал етуі көбінесе қаржы ресурстарының қозғалысын, шарушылықты жүргізудің барлық деңгейлерінде ақша қорларын қалыптастырып, бөлуді алдын ала үлгілеуге байланысты болады. Мұндай процес тәртіпті (реттілікті) анықтайтын өзара үйлесілген тапсырмалардың, көрсеткіштердің кешенді жүйесін жасауды, ақша түсімдерін жұмылдырудың прогрессивті нысандарын қолдануды қажет етеді. Қаржылық көрсеткіштерді, белгіленетін қаржы операцияларын негіздеп дәлелдеуге, көптеген шаруашылық шешімдердің нәтижелілігі сияқты, қаржылық жоспарлау мен болжау процесінде қол жетеді. Бұл өте ұқсас ұғымдар экономикалық әдебиет пен практикада жиі теңестіріледі. Іс жүзінде қаржылық болжау жоспарлаудың алдында болуы және көптеген нұсқаларды бағалауды жүзеге асыруы тиіс (тиісінше макро және микро деңгейлерде қаржы ресурстарының қозғалысын басқарудың мүмкіндіктерін анықтауы тиіс). Қаржылық жоспарлаудың көмегімен белгілінітін болжамдар нақтыланады, нақтылы жолдар, көрсеткіштер, өзара үйлесілген міндеттер, оларды іске асырудың дәйектілігі, сондай-ақ таңдалынған мақсатқа жетуге көмектесетін әдістер анықталады. Қаржылық жоспарлау – бұл қаржы жоспарларын (тапсырмаларын) әзірлеу, құралған мерзімде оларды орындау, белгіленген мақсаттарға жетуге бағытталған прцесі. Жоспарлау басқарудың элементі ретінде қаржы саясаты құралдарының бірі болып табылады. Ол ірі шаруашылық өзгерістерді байсалды және елеусіз жасауға мүмкіндік туғызады. Қаржылық жоспарлаудың объектісі шаруашылық жүргізуші субъектілері мен мемлекеттің қаржылық қызметі, ал қорытынды нәтижесі қаржы жоспарлары мен жеке мекеменің сметаларынан бастап мемлекеттің жиынтық қаржы жоспарына дейінгі қаржы жоспарларын жасау болп табылады. Әрбір жоспарда белгілі бір мерзімге белгіленген кірістер мен шығыстар, қаржы және кредит жүйелерінің буындары мен байланыстары анықталады. ....