Намаз Мурсалы | Жақсылық жасап жарысқан

«Басыңа іс түссе, жақсы көмек етеді, жаман күліп кетеді» демекші, пенде атаулы қиындыққа тап болып, басына іс түскенде өзгелерден көмек күтеді. Халі мүшкіл жандарға қолдан келгенше қайырымдылық жасап, барыңмен бөлісу- имандылықтың белгісі. Мұндай қасиеттерді бойға жиған ақ пейілді адамдар айналамызда аз емес. Солардың бірі - бүгінде талай жанды қуанышқа кенелтіп, алғысын алып жүрген- «Қайырымды жандар» еріктілер тобы.

Көмекке мұқтаж, мүмкіндігі шектеулі жандарға барынша жәрдемдесуді мақсат еткен «Қайырымды жандар» еріктілер тобы 2015 жылы 22-желтоқсанда құрылған. Айдын Тоқсанбаеваның бастамасымен ұйымдастырылған бұл топ алғаш Алматы қаласынан бастау алып, уақыт өте келе Астана, Шымкент, Ақтау, Тараз, Ақтөбе, және т.б.еліміздің ірі қалалары мен аудандарында құрыла бастады. Алматыдағы «Қайырымды жандар» еріктілер тобының 80 % -ы 18-25 аралығындағы жастар болып саналады. Бұл топтың құрамында бүгінде 300- ге жуық адам бар.
Бүгінге дейін мейірімді жандар көптеген қайырымдылық шараларын ұйымдастырып, талай көмекке зәру адамдарға қол ұшын созған. Соның ішінде, 2015 жылы екі бүйрегі істен шыққан алматылық Жанель Жайлауованың еміне 12 млн теңге жинап берулері- топтың ең ірі шарасы. Өздерінің айтуынша, бұл ақшаны жинау оларға оңай соқпаған, тіпті базардағы алмаларды 2-3 есе бағамен көшелерде сатқан екен. Мешіттерге барып, өздерінің пісіргендерімен жәрмеңкелер ұйымдастырған. Бұл іске тек Алматыдағы ғана емес, өзге де қалалардағы топтар, сонымен бірге, кейбір кәсіпкерлер де барынша атсалысты. Қаршадай қыздың өмірге деген ұмтылысы оларға сенім беріп, одан әрі құлшындыра түскен. Ақыры еңбектері ақталып, Жанельдің еміне қажет соманы түгелдей жинап береді......
Әңгімелер
Толық

Рахмет Өтесінов | Жарқырады Маңқыстаудың оттары


Күзге қарай Маңқыстау табиғаты күрт өзгерді. Күн әдеттен тыс суыта түсті. Далалықтан соққан суық жел кейде бет қаратпайтын болды. Түрікмения, Азербайжан сияқты жылы жақтан келгендер бұл түбектің қатал табиғатына көпке дейін көндіге алмай жүрді. Суыққа шыдау қиын болды. Бізге бәрінен қиыны парафинді мұнайлық ағуы еді.

Июль айында, тамылжыған шілденің ыстығында жіберілген мұнай бастапқы қарсаңында көп сыр бере қойған жоқ. Жедел ағып жатты. Қоюланған майды насоспен кідіріссіз айдап келдік. Бірқатар ұсақ-түйек қиындықтар жүре түзеліп кеткен. Алайда, алғашқы салқын түсісімен үш-бес шақырым қашықтықтағы скважиналар өз өнімін топтық қондырғыға жеткізе алмай «қақала» бастады. Олардың бойындағы қатып жатқан парафинді мұнайлы агрегатпен айдап, жылжымалы бу қондырғылар арқылы жібітіп отыратын күйге түстік. Бірақ бұл амалымыз да ұзаққа бармады. Бір жерден жібітіп жіберсең екінші жерден қатады. Күн суыған сайын құбырлардағы мұнай түгелдей қатып, өнім беру тоқтап қалуға айналды. .....
Әңгімелер
Толық

Ілияс Жансүгіров | Жаркент оязында


Жаркент оязындағы Албан қонысында Қарқара деген жәрмеңке бар еді. Бұл жәрмеңкеге күнбатыс Қытай мен Ресей саудасы тоқайласатын еді. Жәрмеңкенің саудаға салынған сомасы кей жылы миллионға жететін. (Көтеріліс туралы сол күнде баяндама жазған әскербасы Нэдзбецкий деген Жетісудағы көтерілістің Герман, Түрік агенттерінің Қытай арқылы азғыруымен болды дейтіні бар. Онда ол: Герман, Түрік агенттері Қашқар, Құлжа маңайында тұрып, Қарақолдан, Жаркенттен апиын кесуге келген қытай жұмысшылары және Қарқара жәрмеңкесіне қатынасқан қытай саудагері қырғыз-қазақ ішіне орысқа қарсы көтеріліс жасауға құтыртты дейді. Онысы шылғи жорамал.)

Жаркент оязы Қытайға шектес болған соң оған өкімет өте сақ болған. Казак-орыс, хохол қалаларын қаруландырған. «Маусым жарлығы» жарияланарда Кравченко дегенді бас қылып Қарқараға отряд жіберген.

Жаркенттегі алғашқы төңкеріс ұшқыны тамыздың 12-сінде ұшқындады. Бұған дем берген Алматы оязындағы Қызылбөріктердің көтерілісі. Шелек, Меркі және басқа болыстардың қазақтары жиналып, тамыздың 12-сі күні шет Меркідегі Нащепкин деген крестьянның диірменін талап (диірмен қазақ жеріне басып салынған), өзін өлтіріп, аялын байлап, диірменді өртеп жіберді. Онан Жалаңаш қаласына соқтықты. Қаладағы казак-орыстар мылтық атып, кіргізбеді. Егіннен ұстап алып екі казак-орысты өлтіріп, қаланың малын тиіп әкетті және сол күні Шелек басына салынған Ново-Афон қалашығына қазақ тиіп, қаланың бәрін өртеген. Қала адамдары старостаның қорасына жиналып, кешке дейін айтысқан. Жалаңаштан шыққан прапорщик Берг отряды қаланы арашалаған. Қазақтар тауды бауырлай Кегенге қарай жүріп, жолдағы орыс қыстауларының, зайымкелерінің барлығын өртеген. Бұл жолда Спецевский деген поселкені отқа жағып, қазақ қолы со бетімен Қарқарадағы Албанға қосылған.

Тамыздың 13-і күні Қарқараға шабуыл жасалды. Жәрмеңкені қамады. Бірақ күні бұрыннан дайындалып тұрған отряд қазақтың түтінін тұман қылды. Бергтің отряды қазақтың артынан Кеңсу өрлеп түсіп, Кравченконың отряды Қарқарадан, бір жағынан Қырғызстанның қазағы — үшеуі тоқайласып, қазаққа ойнақ салды. .....
Әңгімелер
Толық

Бұлбұл жарқанат және қарақұрт

Бұрынғы өткен заманда гүл-бәйшешегі жайқалған жалпақ бір аңғарда таңдайынан күй төгілген әнші бұлбұл болыпты. Өз тұқымының ішінде одан асқан әнші болмапты. Жалпақ аңғардағы орманды аралап, ағаштан-ағашқа қонып, күні-түні тыным таппай, сайрайды да жүреді екен. Мүлгіген тауды, қалғыған орманды, шық оранып, балбыраған гүлді әсем әнімен тербетіпті. Таң арайын, күн шұғыласын сұлу әнімен қарсы алады екен.......
Ертегілер
Толық

Құланай жарқын

Баяғыда бір кемпір мен шал болыпты. Кемпір тамаққа тоюды білмейтін мешкей болады. Бұлардың қу торы биесі күніге бір құлын туады екен. Сол құлынды жалмауыз кемпір күнде жеп қояды. Тіпті бір күні жаңағы биені жегісі келіп, шалына: «Осы биенің есімі жоқ, сойып алайық», – дейді. Торы биенің досы - осы үйдің бір тазысы болады......
Ертегілер
Толық

Жарқанат неге түнде ұшады?

Бір күні құстарға да әмір жүргізуші Сүлеймен патша барша құстарды жинап алып:
– Мен қартайдым, жамбасыма жұмсақ төсек керек. Барша құстарға айтарым: маған бір-бір талдан мамықтарыңды жұлып беріңдер. Содан төсек жасатайын, – депті.
Патшаның тілегін естіген құстардың бәрі бір-бір тал мамық жүнін жұлып беріпті.......
Ертегілер
Толық

Биология | Жарық

Жарық (hernіa) — іш қуысында жатқан органдардың немесе олардың бөліктерінің әдеттегі орнынан іш пердесімен бірге тері астына шығуы. Ж. кезінде Ж. қақпасы, Ж. қабы (іш пердесі), Ж. қабаттары пайда болады. Ж. шыққан (орналасқан) жеріне қарай шап Ж-ғы, сан Ж-ғы, кіндік Ж-ғы және кіндік тұсы Ж-ғы, т.б. деп ажыратылады. Ж., көбінесе, жүдегенде, қатты күш түскенде, күшенгенде, әйелдің жүкті кезінде, т.б. пайда болады. Сонымен қатар Ж. туа пайда болған және жүре пайда болған деп бөлінеді. Жас балалар мен орта жастағы адамдарда, көбінесе, ер адамдарда жиі кездеседі. Ішкі органдардың жарақаты асқынып ұзаққа созылса, тыртықтанып бітіп, кейіннен сол жер Ж-қа айналады. Ж-тың салынатын, салынбайтын, қысылған түрлері бар. Салынатын Ж. шыққан тінді қолмен сипап түзеткенде орнына түседі. Егер тін қабаттары бір-бірімен жабысып, бұратылып, түйінге айналса, салынбайтын Ж. деп аталады. .....
Рефераттар
Толық

Жарлы Сүлеймен

Ертеде Сүлеймен пайғамбардың заманында бір Сүлеймен деген жарлы кісі отын арқалап сатады екен. Бір күні отыны өтпей балалары аш қалыпты. Сол күні түнде Сүлеймен пайғамбар әскерлерімен әлгі жарлы үйінің қасына келіп қоныпты. Таң атқасын жарлы Сүлеймен пайғамбарды көріп арызын айтқалы жүгіріп келеді. Есік алдындағы кісілер оны тінтіп көрді де жіберді...

Жарлы Сүлеймен келіп:

— Тақсыр, сенің де атың Сүлеймен......
Ертегілер
Толық