Ұлттық ойын: Түйе жарыс

Түйе жарыс
Түйе жарыс — халықтың ертеден келе жатқан спорт ойындарының бір түрі. Жарысқа қосылатын түйелері іріктеліп алынып, күн ілгері жаратылып, бапталады. Түйе жарысы да ат жарысына ұқсас ерекше бір спорт түрі. Түйе жарыс ат жарысына қарағанда неғұрлым қысқа қашықтықта өткізіледі. Дегенмен бабына келіп, әбден жараған түйелер кейбір, анау-мынау аттарға жеткізбейтін болған. Ондай түйелерді ертеде «желмая» деп те атаған. Түйе жарысқа негізінен жігіттер қатынасады. Жарысатын жердің қашықтығын жарысты ұйымдастырушылар, төрешілер белгілейді. Жарыс болатын жерге күн ілгері белгі қойылады, сол жерге дейін бір төреші ере барады. Жарыс төрешінің берген белгісі бойынша басталады. Озып келген түйешіге күн ілгері белгіленген сыйлық беріледі .....
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық

Ұлттық ойын: Тай жарыс

Тай жарыс — көне заманнан бері келе жатқан, балалардың жазда сүйіп ойнайтын ойындарының бірі. Үлкендердің ақыл-кеңесімен жарысты балалардың өздері әзірлеп, өздері өткізген. Тай жарысқа тек бір жасқа келген жылқы ғана қатынастырылған. Тайға мініп шабатын балалардың жасы 7—8 жас мөлшерінде болады. Халықтың дәстүрі бойынша әр баланың өзіне арналған бәсіре жылқысы болған. Ол жаңа туған құлын күннен бастап баланың қамқорлығына көшеді.

Жазда қатар қонып отырған ауыл балалары жиылып тайларын үйретіп, үйретілген тайларын жарыстыруға келіседі. Тай жарысы жақын қашықтықта өткізіледі. Тайға ер-тоқым салынбайды, бала жайдақ мініп шабады. Ойынды ересек балалар басқарады. Оны ат айдаушы деп атайды. Белгіленген жерге жеткенде, ат айдаушы жарысқа қатынасушыларды қатар тұрғызады да, жарыстың басталғандығы туралы белгі береді. Озып келген тай иесі жеңімпаз атанады.

Бұл тек ойын ғана емес, баланы жастайынан қоғамдық өмірге, еңбекке тартып, шаруашылық жағдайымен ерте танысуға, жылқы малын танып, білуге баулиды. Жарысқа қатынасу арқылы жастайынан шабысңа жаттыға береді. Сөйтіп, тай болашаң үлкен жарыстың сынағынан өтеді. Бала өзінің жеңіске деген ерік-қайратын шыңдай береді. .....
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық

География | Мұғалжар тауы

Кіріспе
Мұғалжар тауы - Оралдың оңтүстік жалғасы, Ақтөбе облысы аумағында. Солтүстіктен оңтүстікке қарай 400 км-ге созылып жатыр. Ені 200 км-дей. Орташа биіктігі 300 м, ең биік жері — Үлкен Боқтыбай тауы (657 м). Солтүстігінде жіңішке бұйрат түрінде басталып, әрі қарай бір-біріне жарыса орналасқан екі қатар тізбекке бөлінеді. Олардын арасын беті сәл белесті ойыс бөледі (ені 15 — 20 км). Жоталар кей жерлерде бір-бірімен төбелер жүйесі арқылы жалғасады. Аралық өңірде девон мен тас көмір дәуірінің құмтас пен әктас жыныстары таралған. Жоталар кембрийге дейінгі және палеозойлық кварцит, кристалдық тақтатас, гнейс, гранит, т.б. жыныстардан құралған. Батыс Мұғалжар, немесе Бас жота бір-бірімен тіркесіп, меридиан бағытында созылатын жеке қырқалар тізбегін түзеді. Онтүстік бөлігі биік жөне қатты тілімденген. Шығыс Мұғалжар тауы аласа, төбесі тегіс шоқылар тізбегі түрінде. Солтүстік бөлігі айқын тау сипатында, оңтүстікке қарай бірте-бірте аласара береді де маңайындағы жазықтан аз-ақ көтеріліп тұратын аласа төбеге айналып кетеді. Мұғалжар тауының 48° с. е. маңында аяқталады, одан оңтүстікте абстракциялық биіктігі 250 м-ден аспайды. Мұғалжар тауының Ырғыз өзені салалары арасындағы суайрықты құрайды. Солтүстікке қарай Ор өзені ағып шығады. Климаты тым континентті, кысы суық, қар жамылғысы жұқа. Қаңтардың ортасында температурасы -15 — 18°С. Жазы ыстық, құрғақ, шідденің орташа температурасы 21 — 25°С ....
Курстық жұмыстар
Толық

Мемлекеттік қызмет | Мемлекеттік құпияны жария ету құрамы

Кіріспе
Мемлекеттік құпияны жария ету құрамы қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздікті қылмыс қатарына жатқызуға мүмкіндік беретін мемлекеттік құпияны жария етудің обьективтік жақтары мен субьективтік жақтарының жиынтығы болып табылады. Барлық құрамы түгел қылмыс тек қана заңын ерекше бөлімінде емес, сонымен қатар қылмыстық құқықтың жалпы бөлімінде де қаралады.
Қылмыстық құқықта мемлекеттік құпияны жария ету құрамын төрт топқа бөлу немесе қылмыстың төрт жағы деп атау дәстүрге айналған. Осыған байланысты мемлекеттік құпияны жария етудің объектісін, мемлекеттік құпияны жария етудің объективтік жағын, мемлекеттік құпияны жария етудің субъектісін және субъективтік жағын бір-бірінен ажырата білу қажет. Мемлекеттік құпияны жария ету құрамына кіретін төрт белгіні таппайынша оны мемлекеттік құпияны жария ету құрамы деуге болмайды.
Қылмыстың объектісіне жататын белгілер қылмыстық заңның диспозициясында үнемі көрсетіле бермейді. Қылмыстың субъектісіне жататын белгілер де диспозицияда аз кездеседі. Жалпы қылмыс үшін 16 жасқа, ал кейбір қылмыстар үшін 14 жасқа толған ақыл-есі дұрыс азаматтар жауапты болып табылады. Осы жасқа толған, ақыл-есі дұрыс адам жасауға болмайтын қылмысты жасағанымен, заң шығарушы оларды жауапкершіліктен босатқысы келген жағдайда, заңның диспозициясында субъектінің жасын немесе басқа сапасын керек ететіндігін көрсетеді.
Қылмыс құрамының объективтік жағы мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді заңсыз алу, жария ету бойынша сипатталады, яғни сипатталатын белгілер диспозицияда көбінесе әрекет немесе әрекетсіздік деп атап көрсетіледі. Себебі нәтижені әрекет немесе әрекетсіздік тудырады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Ұлттық ойын: Жаяу жарыс

Жаяу жарыс — жер шарының көптеген халықтары арасында, оның ішінде қазақ халқында ерте заманнан кең тараған жарыс түрі. Көне шежірелерде сақ, оғыз, қыпшақ тайпалары сарбаздарының жаяу жарысатындығы жайлы мәліметтер бар. Олардың бірі — 12 ғасырда өмір сүрген тарихшы Низам әл-Мүлік өзінің “Сиасатнаме” атты еңбегінде көне түркілер арасында Жаяу жарыстың кең тарағанын жазады. Қазақ халқының ауыз әдебиетінде (“Ер төстік”, “Күн астындағы Күнекей қыз”, т.б.) Жаяу жарыс жақсы суреттелген. Жаяу жарыс ежелгі мысыр, латын, эллин елдерінде кең тараған, ерте дүниедегі олимпиялық ойындардың бағдарламасына енген.

Наурыз мерекесінде ұлттық ойындардың ішінде әйел-еркек жаяу жарысы қызықты өтеді. Бұл жарыс алдында күні бұрын әр топ адамдары өз араларынан ең жүйрік деген қыз-келіншектері мен жас жігіттерін дайындайды. Сонымен қатар жарыс алдында топ басшыларыпың өзара келісімдерімен арнайы төрешілер тобы кұрылып, солардын, шешімінде озып келген жүйріктерге арнайы кымбат бағалы сыйлықтар белгіленеді. Ойын тәртібі бойынша жүйріктерді ынталандыру үшін әр қашықтық бойынша берілетін сыйлықтарды міндетті түрде алдын-ала хабарлайды. Осы кезде жүйріктер кашықтық, мөлшерін өздері қалайды .....
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық

Ұлттық ойын: Атшылар жарысы

«Атшылар жарысы» — ұлттық ойын.

Ойын алаңда, спорт залында өткізіле береді. Ойынға қатынасушылар тең екі топқа бөлінеді де, әрбір топ ішінара және екі топқа бөлінеді. (Сонда барлығы төрт бөліктен тұрады.) Қай топтың «аттар», ал қай топтың «Салт аттылар» болатынын жеребе арқылы шешеді.

Алаңнан немесе залдан ара қашықтығы 20 метр қатар екі сызық сызылады. «Салт аттылар» «аттарына» мініп сол сызықтың бойымен қатар түзеп тұрады. Ойын басқарушының берген белгісі бойынша «Салт аттылар» екінші сызыққа жетіп орын ауыстырады да, қайта жүгіріп бірінші сызықтан өтеді. «Салт атты» бұл кезде үнемі өз «атының» арқасынан қағып қойып отырады, ал «ат» үнемі алға ұмтылады. Ойын қызып, жалғаса түседі. Қай жақ жылдам екінші сызыққа жетіп, қайтып бірінші сызыққа бұрын жетіп келсе, солар жеңіске жеткен болып есептеледі. Ойын жастарды жинақылыққа, ұйымшылдық, коллективтік әрекет жасай білуге үйретеді, жолдастық қарым-қатынасты қалыптастырады, дене күшін сомдап, төзімділікке үйретеді......
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық

Малшының құлдығына түскен 30 жастағы арудың сіңлісі жанайқайын айтты

Бүгінде малшының құлына айналған қыздың тағдыры 9 сыныптан бастап тас-талқан болған. Мектеп оқығанда жүкті болған аруға туыстары түсік жасатып, жігітін түрмеге отырғызыпты. Артынша анасымен бірге еріп кеткен ол өгей әкенің де ойыншығына айналған екен. Дәлірек айтқанда, азамат өгей қызын арақ үшін малшыға айырбастап жіберген. Бұл оқиғаны журналист Жазира Бегалы өз Facebook парақшасында жариялаған деп жазады NUR.KZ.
Жаңалықтар
Толық

Жар-жар айтысы

 Жар-жар — Қазақ халқының тұрмыс-салт жырларының ежелден келе жатқан жанрлық түрінің бірі. Ол қыздың ұзатылатын тойы аяқталып, аттанар алдында орындалады. Күйеу бастаған жігіттер жағы атқа мініп келіп, отау үйдің сыртынан жабықты ашып өлең бастайды. 

Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық

Өкшеңіз жарылса

Әсірісе, жаз уақытында өкшенің жарылып кетуі көптеген қыз-келіншектерде кездесетін жағдай. Ондайда қабыршық пен артық теріні ұстарамен қырып тастаудан аулақ болыңыз. Артық тері ұстарамен қырған сайын жалбырай түседі. Ал артық теріден арылмай крем жағудың нәтижесі болмайтынын да ескергеніңіз жөн. Сонымен қатар өкшені жұмсартып алып та тазартуға болмайды. Дұрысы жуынардың алдында өкшеге крем жағып, біраз жүру керек. Сосын өкше қырғышты сулап алып, құрғақ өкшені ысқылайды. Өлі терінің қалай түсе бастағанын сонда көресіз. Процесс тоқтап қалса, қырғышты сулап алып жалғастырыңыз. 2-3 рет қайталаған соң жуынуға болады. Душтан соң жұмсақ өкшеге крем жағып қойыңыз. Бес күн жасаған емнен соң өкшеңіз жұмсарып қалады. ......
Кеңестер
Толық

Экономика | Өнім сапасы және оның бәсекеге жарамдылығы

Тауар - дегеніміз қажеттілік пен тұтынуды қанағаттандыратын зат. Нарықтык экономика жағдайында оған деген ынта, қолдану, пайдалану және тұтыну шарттары жүзеге асырылуы тиіс.
Тауардың бәсекеге қабілеттілігі тұтынушылар қабілеттеріне және тауар бағасына байланысты.
Кәсіпорынныц бәсекеге қабілеттілігі дегеніміз кәсіпорынның экономикалық, техникалық, ұйымдастыру мүмкіндіктері және оның өз бәсекелестері алдындағы артықшылықтары.
Өнім сапасын басқару - тауар сапасына әсер ететін факторлар мен жағдайларға мақсатқа сай ықпал жасау жолымен өнімді жасау, өндіру, айналдыру мен пайдалану кезінде қажетті, сапа деңгейін белгілеу, қамтамасыз ету мен ұстау.
Тұтынушының мүддесін қорғаудың құқықтық, нормаларының сақталу деңгейімен, буып-түюдің (орамының) сапасымен, сақталу жағдайымен, сатумен, жабдықтаумен, кепілдікті қызмет етуімен және жабдықтаумен, кепілдікті қызмет етуімен және т.б. анықталатын нақты тұтынушының қосымша қажеттіліктерін қанағаттандырылу деңгейі.
Сапаны басқаруда көрсеткіштердің екі тобын ажыратқан жөн:
- әр түрлі саладағы сапаның көрсеткіштері;
- нақты позициялар бойынша сапа көрсеткіштерінің жүйесі.
Кәсіпорынның бақылау бөлімі өндірісте өндірілген, жасалып —шығарылған өнімнің сапасы мен санын тексеру мақсатымен қатар болған ақауларды анықтап отырады, және сонымен қатар бұл туралы мәліметтерді өнім өндіру жайлы құжаттарға жазып отырады.
Нарықтық экономика жағдайында өнім (тауар) сапасының көрсеткіштеріне ерекше назар аударылды. Ол қажеттіліктерді қанағаттандырумен тығыз байланысты. Сондықтан, өнімнің сапасы оның жиынтық қасиеттері ретінде анықталады және оның мақсаттарына сай кейбір қажеттіліктерін қанағаттандыруға себепкер болады.
Сапаны шығынды қысқарту мен халықаралық бәсеке жағдайында тіршілік ету негізі деп қараған жөн. (Сапа - материалдық ресурстарды үнемдеу, өйткені өнімнің қызмет ету мерзімі ұзарады, бұл ресурстарды үнемдеуге әкеледі. Сонымен қатар, ол - бәсекеге деген мүмкіншіліктің негізі).
Өндіріс сапасы мен тиімділігі арасында тікелей байланыс болады. Басқадай тең жағдайларда өндірілетін өнім сапасы жоғары болған сайын өндіріс тиімдірек. Сапа қайсыбір өндіріс (бөлімнің және т.б.) буынының немесе басқару деңгейінің артықшылығы болып саналмайды. Сапа - шын мәнісінде баршаның және әркімнің мақсатты ісі.....
Курстық жұмыстар
Толық