Бұқабай мерген

Бұқабай деген кісі де өтірікке келгенде, ешкімге есесін жібермейтін кісі екен. Лепіре сөйлегенде, елді аузына қаратып, өтірікті шындай, ақсақты тыңдай қылып, шімірікпестен соғып отырады екен.
— Қантар туысымен қарсақ тонымды бастыра киіп, қара жолақ өгізіме мініп, тобылғыдан түлкі түртіп, қия тастан қасқыр қағып келе жатып, арыстанның алты жұмыртқасын омбы қардан ұрып алдым да, ойдан қашқан отыз түлкіні алты жұмыртқа жіберіп ұрып, түлкінің бәрін жау жапырақтай түсіріп, сайды әкеме ас бергендей қан сасыттым.......
Ертегілер
Толық