Жайық өзені- Үйтас жотасындағы биіктігі 637 метр.Өзен Нәжім тауынан басталып (Оңтүстік Орал тауы) Башқұртстан,Ресейдегі Челябинск және Орынбор обылыстарының жерін басып өтеді де Тобыл өзенінен пайда болған өзектердің Мұғалжар және жалпы сырт шоқыларынан аққан суларына қосылып, молайып барып Каспийге құяды. Жайыққа Сакмара, Ор Елек өзендері, Барбастау және Солянка және Шаған өзендері құяды. Жайықтың арнасы 100-200 метрден 300-500 метрге дейін барады, ал жағалауы жар болып келеді. Каспий теңізі- тұйық теңіз. Ол шарындағы ең ірі тұзды көл, бірақ көлеміне, даму тарихына, физика-географиялық процестерінің сипатына қарай теңіз қатарына жатады. Каспий теңізі солтүстіктен оңтүстікке қарай созылып жатыр. Ұзындығы 1200 шаршы м. орташа ені 320 шақ, жағасының ұзындығы 7 мың шақ. Теңіз ауданның 371 мың шақ, су деңгейі мұхит деңгейінен 28,5 м төмен. Ең терең жері 1025 м. Теңіздің ірі шығанақтары : солтүстігінде Кизляр, Консома,, шығысында Маңғыстау, Кендірлі, Қазақ, Қара Бұғаз-Көл, Баку қойнауы,оңтүстігінде таяз лагуналар көп. 50-ге жуық аралдары бар. Олардың ірілері: Құлалы, Тюлен, Чечень, Артем, Жылой, Булла. Каспий теңізіне солтүстіктен Терек, Еділ, Жайық, Жем; батыстан Сулақ, Самур, Кура өзендері құяды. ....
Тақырыптың маңыздылығы: астық өндірісі саласын жеделдетіп дамыту еліміздің азық-түлік қаіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы мемлекеттік аграрлық саясаттың бірінші кезекті міндеттерінің бірі болып табылады. Арал өңірінде жылдан жылға күшейген су тапшылығы болып, жаз айларында Сырдария өзені суы ауыл шаруашылығын суландыруға жеткіліксіз болып отыр. Болашақта бұл жағдай одан да ушығуы мүмкін. Сондықтан суды аз талап ететін, экономикалық түрғыдан тиімді дақылдарды өндіріске енгізу керек. Бұл жағынан алғанда бидай бағалы азықтық дақыл оның биологиялық потенциалы жоғары [2,3]. Ерте жаздық дақыл - бидайды күріш ауыспалы егісіне енгізу, оны мелиоративтік және басқа танаптарда өсіру инженерлік дайындалған суармалы жерлер тиімділігін арттырады, суды үнемдейді, ауыспалы егіс танаптарынан түсетін жалпы дән өнімін көбейтеді [4-7]. Арал өңіріндегі күріш ауыспалы егісінде жаздық бидайдың епс көлемі жылдан жылға ұлғайып келеді. Бірақ Орталық Азия мен Қазақстанның оңтүстік аймағындағы суармалы епншілік жағдайда (күріш, мақта, көкөніс ауыспалы егістерінде) өсірілген жаздық бидай дәнінде белок және клейковина мөлшері төмендейді. Осыған сәйкес, оңтүстік облыстар (мысалы, Қызылорда облысы) қатты және күшті бидайды немесе оның ұнын солтүстік аймақтан сатып алуда. Сондықтан егіншілікті әртараптандыру (диверсификаииялау) бағдарламасына сәйкес, Қазақстандық Арал өңірінде жаздық бидайдың егіс көлемін 20-25 мың гектарға дейін ұлғайтып (бұл 1981-1990 жылдарғы егіс көлемі деңгейі), аталған дақылдың өсіру технологиясын жетілдіру арқылы сапалы астық мөлшерін арттыру керек. Бидайды өсіруге Арал өңірінің топырақ-климат жағдайы қолайлы, біра ....
Зерттеу тақырыбының көкейкестілігі. Қай елді, халықты болсын, прогреске бастайтын жол-білім жолы. Егемендік алған Қазақстанның болашағы жастарға байланысты. Қазіргі кездегі ғылым мен техниканың дамып өркендеуіне байланысты дарынды жастарды тәрбиелеп шығару ұстаздар қауымына үлкен сын болуда. Сондықтан да жастарды білімге құштарлыққа, ізденуге, талпынуға тәрбиелеу арқылы баланың қабілет-қасиеттерін ашып көмектесу керек. Өйткені, осындай жастар ғана егемендігіміздің ертеңін баянды ете алады; қазақ елінің ертеңіне қызмет ете алады. Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында білім беру саясатының негізгі міндеттерінің бірі «Халықтың барлық жіктерінің сапалы білімге қол жеткізуін қамтамасыз ету» екендігі, оны іске асырудағы мектеп бағдарламасы баланың жеке тұлғасын қалыптастыруға, оның жеке қабілетін ашуға және дамытуға бағыттау қажеттілігі атап көрсетілген [1]. Бұл міндетті іске асыру үшін аталған құжатта: «Оқу процесі: - өз бетінше білім алу және оны практикада қолдану қажеттігі мен дағдысын қалыптастыруға, танымның ғылыми тәсілдеріне мақсатты және жүйелі түрде баулуға; ....
М.А. Айтхожин атындағы молекулалық биология және биохимия институтының ферменттердің құрылымы мен реттелуі лабораториясында ең алғаш рет фузикокцинге ұқсас екінші реттік цитокинин гормоны ашылды. Ол клеткадағы сигналды трансдукцияда маңызды роль атқаратындығы анықталды. Медиатор екінші сатыдағы сигналды беретін зат, себебі гормон тікелей өзі емес медиаторлар арқылы клеткаға әсер ете алады. Сол себептен цитокинин медиаторын зерттеу ғалымдардың қызығушылығын тудырады. Себебі осы цитокинин медиаторы клетка ішіндегі мембранамен байланысқан ферменттерге әсері өте жоғары [1]. Бұл медиатор бидай тұқымының өніп жатқан ұрығында цитокинин әсерінен пайда болады. Фк мен цитокинин медиаторы арасында жақын қатынасты дәлелденген қосыша мәліметтер алуға болады. Бұл жоспарда ФК-нің өсімдік клеткасының плазматикалық мембранасының Н+АТФ- азасының активтілігіне қасиеті бар екені белгілі. Осы себепті бидай өскіндері тамырының плазматикалық мембранасының Н+АТФ- азасына цитокинин медиаторының әсерін зерттеу мүмкіндігі туындайды [2]. Екінші реттік цитокинин гормоны бидай дәніндегі ұрықтық емес бөлігінің плазматикалық мембранасындағы Н+АТФ-азасын активтендірмейтіндігі белгілі болды. Осыған байланысты осы екінші реттік цитокинин гормонының бидай дәнінің алейрон қабатындағы плазматикалық мембрананың Н+ АТФ-азасына әсерін зерттеу қажет болды. ....
КІРІСПЕ Қандай халық болмасын өзінің азаматтық тарихына енжар қарай алмаса керек. Әдебиет тарихы – халықтың азаматтық тарихымен сабақтас құбылыс. Адамның тынымсыз еңбегімен, зерек ақыл, ыстық жүректің жылуымен бірлікте ғана жасауы мүмкін таланттың қыр-сырына арнайы үңілу бұл жұмыстың мақсаты емес. Алайда шығармашылық және зерттеушілік болмысын талант пен еңбектің бірлігінен тыс түсіндіруге болмайтын, табиғатында талантты, ғұмырында еңбекқор, қазақ әдебиеттану ғылымының қазіргі белді өкілі, көрнекті сыншы, филология ғылымының докторы, профессор Құлбек Ергөбектің терең еңбек жолы, терең шығармашылық келбеті, терең ғылыми ізденістері туралы сөз бола қалған жағдайда алдымен талантты өз ғұмырында шығармашылықтың қиындығы мен қызығына бірдей жұмсап үлгерген Құлбек Ергөбек қазақ әдебиеттану ғылымының қыр сырына қанық бұл жолға таланты мен күш қайратын бірдей жаныған ғалым. Әлеуметтік, танымдық-мазмұндық тұрғыдан алғанда да, эстетикалық, әдеби-көркемдік тұрғыдан алғанда да аса маңызды зерттеу еңбектерінің атына заты сай болуын қамтамасыз ететін принциптері. Мұның өзі зерттеушіге зор жауапкершілік нардың жүгін арқалатқан міндеттер. Іс жүзінде зерттей білу де – талант. Теңіздің түбінен інжу теріп алғандай көп оқып, ізденудің кірпияз талғампаздық жемісі. Сәбит Мұқанов жайлы көптеген сыни мақалалар, зерттеу еңбектері шын мәнінде де көп еңбек етіп, талғампаздық пен мұқияттылық танытқан. Құлбек Ергөбек әдеби-ғылыми мәселелерді мөлдіретіп жазған, Тіл оралымы бай, сөз саптасы шешен. Алайда ол татусыз тамсану, дәмсіз су сорудың жетегіне ешқашан ерген емес. Не айтса да деректермен, нақтылы пайымдаулармен, ұстамды ой-пікірлермен көрінді. Құлбек зерттеулерінде сарыла ізденген нәр бар, еленіп екшеленген ой бар. Осыдан болар Қазақстанның халық жазушысы Әбіш Кекілбайұлының «... Сіздің ұлттық әдебиеттануыңыз бен әдебиет тарихының заманға лайық жаңа методологиясын жасақтау академиялық орнықтылығы мен кемелділігін қамтамасыз ету жолындағы тыңғылықты ізденістеріңізгн сүйсінемін», - деп пікір білдіруі кездейсоқ емес. Иә, академиялық орнықтылық ... Бұл қасиет қателеспесем Құлбекке кезінде біреу де болса бірегей болған Қазақтың Ұлттық Мемлекеттік университетінің ұстаздарынан дарыған деп ой түюге болады. Алайда сыншы, зерттеуші Құлбек Ергөбек шығармаларының кейінгі толқынға, артынан ерген ізбасарларына беймәлім қырлары бары анық. Диплом жұмысының негізгі мақсаты мен міндеті: Қазақ әдебиетінің жарқын бейнелерінің бірі Сәбит Мұқанов шығармашылығын зерттеп, бүтін бір шеберханаға айналдырған сыншы, зерттеуші Құлбек Ергөбектің еңбегін тану арқылы оны қазақ әдебиетінің құнды беттеріне айналдыру. Жазылған шығарманы оқу бар да, оны кәсіби тұрғыдан тану бар. Осы ретте Құлбек Ергөбектің Сәбит Мұқанов туралы зерттеу еңбектерінің кейінгі әдебиеттанушылар үшін танымдық маңызы зор. Осы тақырыпты зерттеудегі біздіңі мақсатымыз да осы арнаға саяды. Сондықтан Диплом жұмысымызды Қ.Ергөбек шығармашылығына, оның ішінде заманының заңғар жазушысы, әдебиетіміздің марқасқасы С.Мұқанов шығармашылығын зерттеген еңбектеріне арнағанды жөн көрдік. Әрине, бүкіл әдебиеттің жаңа бағытына айналған зерттеулердің бір Диплом жұмысының ауқымына сыйғызу мүмкін емес. Дегенмен сыншы, зерттеуші Қ.Ергөбек зеттеулерін ғылыми түрде қарастырып, талдап таразылаудың уақыты жеткен сияқты. Әрине біздікі тек тың соқпаққа сүре салу ғана. Қалай болғанда да, диплом жұмысымызға арқау болып отырған ауқымды еңбектер әдеби ортада өз бағасын алғанымен, ғылыми түрде сараланбағаны ақиқат. Осыны негізге ала отырып Диплом жұмысының мақсатын айқындап, саралай зерттеуді міндетімізге алдық. Диплом жұмысының өзектілігі: Бізде сыншылар аз емес. Бірақ соның ішінде әдебиетке белсене араласатыны некен саяқ. Солардың бірі – сөз жоқ Құлбек Ергөбек. «Сыншы атану, сыншы міндетін сезіну - өз буыныңның жетістігін өзіңдікі санау, кемшілігін өз кемшілігің санау, сөйтіп жетістік – кемшілікті өз мойныңа көтеріп алудан басталған» дейді Құлбек Ергөбек. Б Майлин, Ж.Аймауытов, Б.Кенжебаев, Б.Соқпақбаев, Д.Исабеков, А.Сейдімбек, Ө.Нұрғалиев, Б.Қанатбаев, Қ.Түменбаев сияқты сыншыларымыздың пікірі, ой-толғамдары таразылауы қандай мәдениетті, қандай өтімді, тұщымды. Жазушыны жер бауырлататын сын бар, жазушыны көтермелейтін сын бар. Мұның екеуі де еренсіздің ісі. Сынның төресі – жазушыға көмектесетін сын. Әдебиетті көтеретін де осы сын. Құлбек Ергөбектің сыны да дәл осындай жазушыға көмектесетін әдеби сынның беделін өсіретін өміршең сын. Ұлы ақын А.С.Пушкин «Сын тарихы – ел тарихы» екенін айтқан. Демек, шығармашылығынғылыми зерттеумен байланыстырған біздің кейіпкеріміздің сыншылық көзқарасы бір әңгіме тарауы. Әрине, шығармада жәй оқырман байқай бермес бұрылыс-қалтарыстарды әдебиетші көзімен зерттегенде сынның қатар жүретіні заңды құбылыс. Сондықтан, бүгінгі әңгімеміздің өзектілігі деп Құлбек Ергөбектің сыншылық қырын алуымыз жайдан жай емес. Диплом жұмысының құрылымы: Жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, үш тараудан, қортындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Алғашқы тарауды Құлбек Ергөбек қазақ әдебиетіндегі сыншы, зерттеуші деп алып, онда Қ.Ергөбектің сыншылық жолға келуі, жалпы әдебиетке бет бұруына ықпал еткен алдынғы буын ағаларының, ұстаздарының атап айтқанда Б.Кенжебаев пен Т.Кәкішевтердің берген бағыт-бағдары негізге алынады. Сонымен қатар, құлбек Ергөбектің шығармашылығының шыңына айналған Сәбит Мұқанов тақырыбына келу жолдары сараланады. Екінші тарауда Құлбек Ергөбек «Адасқандар» романын – романнан повестке деп атап, бұл тарауда сыншының Сәбит Мұқановтың «Адасқандар» романын негізге ала отырып, түпнұсқадан алыс кетпей, нақтылықты ұстандық. Айтулы шығарманың астарына иерең үңілуге тырыстық. Соңғы тарау, бүкіл бір дәуірдің бет-бейнесін ашатын Сәбит Мұқанов шығармашылығын тағы бір қырына арналады. Оның халық ауыз әдебиетін зерттеудегі еңбектері сыншы Құлбек Ергөбектің назарынан тыс қалмаған. Сәбит Мұқановты жаңа заманның жазушысы деп тану арқылы жеке зерттеу жұмыстары сараланады.....
Кіріспе Диплом жұмысының өзектілігі: Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі, академик-жазушы, алыптар тобының сардары Ғ.Мүсіреповтің «Ұлпан» романы жарық көрген тұста оқырман қауымның ыстық ықыласына ие болып, әдеби сында да жоғары бағаланды. «Ұлпан» романының ерекшелігі оның басты кейіпкерлерінің тарихта болған тұлғалар екендігінде. Жазушының «40 жыл бойына» көңілінде пісіп-жетіліп, толыққан бейне − Ұлпан бейнесі. Бұл шығарма идеялық-көркемдік тұрғысынан ерекшеленетін туынды. Біз жұмысты жазу барысында шығарманың осындай ерекшеліктерін қарастырумен қатар оның жазылу тарихын, басты тұлғалар мен олардың түптұлғаларының тарихтағы орнын сараладық. Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері: 1.Ғ.Мүсіреповтің шығармашылығына жалпы шолу жасау; 2."Ұлпан" романының жазылу тарихына тоқталу; 3.Кейіпкерлер мен түптұлғалардың арақатынасы, өмір шындығы мен көркемдік шындықтың байланысы; 4.Автордың тұлғасын сомдауы мен характерін ашудағы шеберлігін пайымдау; 5."Ұлпан" романы туралы бұрын-соңды жазылған сыни мақалалар мен еңбектерге сүйене отырып, өзіндік ой-пікір қорытындысын шығару, пікір қалыптастыруға тырысу; Жұмыстың теориялық және әдістемелік негіздері: Диплом жұмысын жазу барысында қазақ әдебиеттану ғылымындағы орныққан теориялық тұжырымдар мен қағидалар негізімен басшылыққа алынды. Сонымен бірге талдау, жинақтау және салыстыру әдістері қолданылды. Жұмыстың негізгі теориялық тұжырымдары мен түйіндерін қорытуда қазақ ғалымдары С.Мұқанов, З.Қабдолов, Т.Кәкішұлы, Ж.Ысмағұлов, Ш.Беркімбаева, М.Бекбергенов, Ә.Нарымбетов сынды әдебиеттанушыларының теориялық зерттеу еңбектері, сын-мақалалары мен пікірлері басшылыққа алынды. Бұларға қоса әр жылдарда баспасөз бетінде жарияланған Ғ.Мүсірепов туралы түрлі мақалалар да пайдаланылды. Диплом жұмысының құрылымы: Жалпы жұмыс кіріспеден, негізгі бөлім мен қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Белгілі қаламгер, көркем сөздің зергері Ғабит Махмұтұлы Мүсіреповтің қазақ әдебиеті тарихында алатын орны ерекше. Оның шығармашылығы келелі де мазмұнды әдеби қорымызды байыта түскен әдебиетіміздің қазынасына қосылды. Шеберлік шыңына Ғ.Мүсірепов бүкіл қазақ әдебиетінің өрге ұмтылған үлкен керуенімен бірге адымдай отырып, көптеген жетістіктерге жетті. Туған әдебиетімен бірге түлеген жазушы шығармалары өмір шындығымен, замандастың даңқты істерімен тыныстаған. Ол бүкіл қазақ әдебиетімен бірге қанаттанып, қияға бірге құлаш ұрды. Шағын әңгіме, новелладан бастап, салалы роман мен кесек драмаға дейін жазушы жүріп өткен үлкен жол − алғашқы шағын әңгімелерден көп томдық эпопеяға, фольклорлық эпостан XX ғасырдың биік өнеріне шырқап шыққан қазақ әдебиеті дамуының бір дерегі мен дәлелі. Ғ.Мүсірепов шығармашылығы қазақ әдебиетінің профессионалдық биік дәрежесіне, кең құлашына, философиялық тереңдігіне, байтақ өрісіне, қоғамдық зор маңызына айқын айғақ. Туған әдебиетіміздің осынау гүлдену, өсу жолында, оның әрбір кезең, белестерінде Ғ.Мүсіреповтің сіңірген еңбегі айрықша. Ұлттық жаңа әдебиеттің қалыптасуында белгілі роль атқарған Ғ.Мүсірепов әңгімелері мен пъесалары, романдары мен повестері халық өмірінің елеулі кезеңдерін қазақ қоғамындағы әлеуметтік өзектерді, қазақ кедейлерінің мінез-құлқындағы құбылыстарды, ұлт болып қайта туу, жаңғырып, жасару жолымызды бейнелейді.Оның шығармалары белгілі бір оқиғаның жалаң суреті ғана емес, ірі дарын иесінің халық тағдыры, адам жайлы толғаныстары деп білеміз....
КIРIСПЕ Қазақ тіл білімінің қалыптасып, даму тарихында оның негізін салушылар А.Байтұрсынов, Қ. Жұбанов, С. Жиенбаев, С. Аманжолов, Н. Сауранбаев есімдері ерекше аталатыны сөзсіз. Аталған ғалымдар жалпы қазақ тіл ғылымының дамуына зор үлес қосты дейтін болсақ, соның ішінде синтаксис саласына қалдырған мұралары күні бүгінге дейін маңызын жоймағандығын атап өтуіміз керек. Синтаксистің аса күрделі де күрмеуі мол салаларын зерттеп, зерделеу, оның тілдік табиғатын таныту мен құрылымдық-семантикалық белгілерін айқындау ісінде белгілі ғалымдар Н.Сауранбаев, М. Балақаев, Т. Қордабаев, Қ. Есенов, Р. Әмір еңбектерінің мәні зор. Кейiнгi жылдары жарық көрiп жатқан оқулықтар мен зерттеу жұмыстары аталған ғылым саласының әлi де зерттей түсудi қажет ететiн тұстары бар екендiгiн көрсетiп отыр. Тілді грамматикалық тұрғыдан қарайтындар да, логикалық аспектіде қарайтындар да сөйлемнің қандай түрі болмасын предикативтік қасиетке ие және ол бұның ең басты белгісі болып саналады деп есептейді. Осыған байланысты да көп уақытқа дейін сөйлем атаулының барлығы дерлік тек екі басты мүшелі болуға тиіс деген идея үстем болып келді. Алайда сөйлемді үздіксіз әрі жан-жақты зерттеу нәтижесі құрылымдық ыңғайда оның белгілі бір стандартқа сыймайтынын, сөйлем сан қырлы сыры бар құбылыс екенін көрсетті. Сөйлемнің сондай ерекшелігінің бірі - олардың бір бас мүшелі болып та келуі. Осыған байланысты тіл ғылымында “ бір бас мүшелі” (бір құрамды) сөйлемдер идеясы қалыптасты. Сөйлем синтаксисін зерттеушілердің қайсысы болмасын бір құрамды сөйлемдердің де предикативтік құрылымға негізделетінін жоққа шығармайды. Қазақ тіл білімінде бұл мәселені арнайы зерттеген – ғалым Ж. Сәдуақасов. Аталған проблемаға қатысты негізгі мәселелер айқындалды десек те, әлі де айқындауды қажет ететін тұстары бар. Диплом жұмысының өзектiлiгi Ойды жарыққа шығарудың құралы ретінде қолданылатын жай сөйлемдердің құрамдық, мағыналық сипаты әр алуан. Осыған орай, сөйлемдердi таптастыруда бiр iздiлiк жоқ. Бір құрамды сөйлемдерге қандай сөйлемдер жататындығы жөніндегі көзқарастар да сан алуан. Аталған мәселенiң оқулықтар мен зерттеулерде әр түрлi қаралуы, бiр iздi пiкiрдiң болмауы, мектеп оқулықтарында жүйелі түрде берілмеуі оның өзектiлiгiн танытса керек. Диплом жұмысының мақсаты мен мiндеттері Зерттеудiң мақсаты – сөйлем синтаксисiнiң негізгі нысандарының бірі болып саналатын бір құрамды сөйлемдердің граматикалық табиғатын таныту. Осыған орай, төмендегідей міндеттерді шешу көзделеді: – бір құрамды сөйлемдер туралы жалпы және қазақ тіл біліміндегі пікірлерді жинақтап-саралау; – бір құрамды сөйлемдерді топтастыру; – бір құрамды сөйлем түрлерiнiң ерекшелiктерiн ашу; – олардың тұлғалық-құрылымдық сипатын анықтау; – тiлдiк фактiлермен (мәнбірлермен) нақтылау.....
КІРІСПЕ Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауының басым бағыттарында, біз қазақ халқының санғасырлық дәстүрін, тілі мен мәдениетін сақтап, түлете береміз. Сонымен қатар, ұлтаралық және мәдениетаралық келісімді, біртұтас Қазақстан халқының ілгері дамуын қамтамасыз етеміз,- [1; 1б.] делінген. Сондықтан біз, Қазақстанның дамуына өз үлесімізді қосуға міндеттіміз. Дипломдық жұмыс қазақ халқының асыл түлігі - тұлпар бейнесінің әдебиетімізде жеке образ болып қалыптасуы, осы образ арқылы шығармаларда өмір шындығы мен кейіпкер тағдырының көрініс табуы, оның көркемдік тұрғыдан жинақтауға әсері сынды мәселелерді қарастыруға арналған. Дипломдық жұмыста қазақ ауыз әдебиетіндегі тұлпарлар бейнесі: жылқы малы туралы наным-түсінік, тұлпарлар бейнесін сомдауда кейіпкер тағдырының көркемдік тұтастығы, қазіргі әдебиеттегі тұлпарлар бейнесінің өзіндік қырлары кеңінен көрсетіледі. Қазақ халқын: "ер қанаты - аттан" бөлек қарау мүмкін емес. Арыдағы арналарды еске алсақ, халық әдебиеті үлгілерінде, көне жазба ескерткіштердің тасқа қашалып жазылған мұраларында тілге тиек етіліп, аласапыран замандарда да елге қорған, ерге қанат бола білген тұлпарлар көп жырланады. Мінсе -көлігі, жесе - азығы, ішсе - сусыны болған сенімді серігі - тұлпарларға айрықша мән берген. Қазақ халқының өмір тарихы мен өткен жолы асыл жануар - жылқымен байланысты болғандықтан, оны ән-жырға қосып жырлап, мифтік санада өз жаратушысы деп те сенген . Бұндай дәлелдерді халық тарихы мен өмір-тұрмысынан жиі ұшырастыруға болады. Қазіргі таңда тілдік, этнографиялық, тарихи тұрғыдан мол мағлұмат беретін ауыз әдебиетінің туындылары - көптеген ғылымның зерттеу объектісіне айналуда. Қазақ тұлпарларының әуел бастан халқымыздың санасына, дүниетанымына етене жақын болғандығын дәлелдейтін рухани мұраларды С. Қондыбай [3], А. Тоқтабай [4] т.б. археолог, этнограф зерттеушілеріміздің еңбектерінен кездестіреміз. Қазақ халық әдебиетіндегі жылқы малының орны жөнінде Ә. Қоңыратбаев [5], Н. Келімбетов [6], А. Қыраубаева [7], Р. Бердібай [8] т.б. еңбектері зерттеушілер үшін құнды ғылыми - танымдық мәліметтерді алға тартады. "Мал патшасы - жылқының" әдебиеттегі орнын, оның образын биік тұғырға көтерген Ғ. Мүсірепов , Т. Әлімқұлов , Қ. Жұмаділов , С. Бақбергенов т.б. қаламгерлер тұлпар бейнесін көркем де шынайы суреттеген. Шындығында да, жан - жануарлар қай халықтың болмасын фольклоры мен әдебиетінде елеулі орын алатындығы әдеби шығармалардың тереңіне үңілген адамға мен мұндалап - ақ түр. Жылқы жайлы Қазақ Совет энциклопедиясындағы тарихи деректерге сүйенсек, біздің заманымыздан 7000 - 6000 жылдар бұрын Азия, Африка, Европада қолға үйретілгендігі сөз болып, сондай - ақ, жабайы жылқының сүйегі Францияның солтүстігінен көп табылған, - делінген . Осы ретте, Қазақстан территориясынан табылған Ботай мәдениетін зерттеуге ат салысқан ғалымдар: В.З. Зайберт , Л.А. Маркова, М.К. Хабдулина, Г.Б. Зданович т.б. энеолит дәуіріндегі табылған сүйектердің - 99,9 % - і жылқынікі болғандығын тап басып көрсетеді. Қазақстан - Американ біріккен экспедициясының қорытындысы табылған жебелердің үшына жасалған талдауларда жылқы малының қаны табылмағандығын айта келіп, II ғасырда жылқыны қазақтар қолға үйреткендігін дәлелдеген . Эпостық шығармалар ішінде жиі кездесетін, кез-келген елдің ауыз әдебиет туындыларында мол ұшырасатын бейне - жылқы болып табылуы да тегін емес. Шығармалардың басым көпшілігінде ол адамның жақын досы, ақылшысы, сырласы, тағдырласы түрінде өріледі. Мәселен, Саха -Якут, түркі халықтарының дүниетанымында жылқы - жаратушы ана, апам -напат тотемі жылқы - тәңірі мен пенделердің арасын байланыстырушы (пырақ) күш немесе шаманның ие - қыласы, жылқы - адам не сиқыршы ретінде сомдалған. Қазақ әдебиетінде XX ғасырдың 60-80 жылдар аралығындағы прозалық шығармаларында да тұлпар образына байланысты көркемдік ізденістер оқырман назарын өзіне аударады. Бұл шығармалардағы басты идея -тұлпарлардың адам өміріндегі өзіндік орны, тарихи қоғамдық - әлеуметтік шындықтың тұлпарлар образымен сабақтасуын, тұлпардың сымбаты мен сұлулығы, ат баптаудағы дәстүрлі мектептер суреттелген. Мұның бәрінен, әрине жылқы - халқымыздьщ қымбат қазыналарының бірі, өмір - тұрмыстағы жиі пайдаланатын, қадірлі де қасиетті жануарларының қатарына жататынын білеміз.....
КІРІСПЕ Тестілеу техникасы және тест мүмкіндіктері[center][/center] Қандай тест тілдік білімді – тілді білуін бағалай алады немесе тілді үйренуге көмектесе алады? Жақсы дайындалған тест тіл үйренушіге екі себеппен көмектесе алады: 1. Біріншіден, мұндай тест аудиторияда, тіпті көпшілік қауым үшін позитивтік қатынасқа әкеледі. Мотивациялық тұрғыда және оқыту нәтижесі үшін оқытушылар негізінен позитивтік ауан қалыптастыруға тырысады. 2. Екіншіден, тест тіл үйренуші үшін тілді жетілдіруге жетелейді, көмектеседі. Тіл үйренуші тест тапсыруға дайындалудың, оны тапсырудан кейінгі нәтижесін талқылаудың пайдасын көреді. Тест оқушының, тілдің қай жағына көңіл бөлу керектігіне көз жеткізеді. Қысқаша айтқанда, дұрыс құрастырылған тест оқуға деген позитивтік қатынастың құрылуына көмектеседі және оқушы, студент немесе кез-келген тіл үйренуші үшін жетістік сезімін, оқытушы бағалауының да өзінің оқыған-тоқығанымен сәйкес келетінін аңғартатын сезім пайда болады. Жақсы тілдік тестілер, сондай-ақ студенттерге, оқушыларға олардан табандылықты талап ете отырып, тілді оқуға көмектеседі және тіл үйренушінің жақсартуға тиісті әлсіз жақтарын да көрсетіп береді. Тест бағалаушыға қалай көмектеседі? Барлық оқытушылар өздерінің оқытуының нәтижесі үшін жауапты. Біздің тестілеріміз бізге төмендегідей маңызды сұрақтарға жауап беруге көмектеседі: «Менің оқытуым тиімді болды ма, болмады ма?» Басқаша айтсақ, біз тест көмегімен, өзіміздің тырысуымызбен тіл үйренушінің қатынасын бағалай аламыз. Тест нәтижесін есептеуді жүргізгенде біз: «менің сабақтарым тиісті деңгейде жүргізілді ме екен?», «Мен қалай оқытып жүрмін?», «Қандай пункттерді қайта қарау керек?», «Осы материалға менің көбірек, азырақ көңіл аударуым қажет пе?» деген сияқты сұрақтарды өзімізден сұрай аламыз. Оған қоса, тестер бізге болашақ тестерді жетілдіруге көмектеседі: «Тест нұсқаулары анық болды ма екен?», «Тест тапсырушы арнайы берілген уақытта тесті аяқтай ала ма екен?», «Тест мазмұны оны орындауға деген ниетін жоғалтып немесе көңіл толмаушылық туғызуы мүмкін бе екен?», «Тест тапсырушының алған тілдік білімін тест анықтай алды ма екен?» деген сияқты сұрақтар біздерді мазалауы тиіс. Тест бағаланушыға да бағалаушыға да көмектеседі, яғни тестер жасалынған, жеткен прогресті растайды және болашақ жұмысымызды жақсы жақтарға бұруға бағыттайды. Түйіндесек, жақсы тест аудиторияда мораль ауанын жақсартуға, сондай-ақ, оны қолдауға, сақтауға көмектеседі, оқытудың көмекші құралы да болып табылады. Тілді тестілеу өнер тәрізді тарихи мәліметтер, көз жүгіртсек, бүгінгі күндердегі тілдік білімді тестілеу оқытудағы қазіргі көзқарасқа сай келетін коммуникативтік мақсаттарды білдіреді. Өткен жылдар еншісіндегі әлемдік тәжірибедегі тестілеу, негізінен, интуитивті болды немесе субъективті сипатта болды десе болады және оқытушының жеке пікір-ойларына да байланысты болды. Интуитивтік кезеңнен кейін тестілеу ғылыми кезеңге көшті десек те болады, тілшілер бұл кезеңде тілдік білімнің объективтік бағалануының маңыздылығын баса көрсетеді 1, 6 б.. Қазір біз тілдік білімді бағалаудың коммуникативтік кезеңіндеміз, бұл кезең тілдік тұлғаны емес, оны қолдана білуін бағалау маңыздылығымен ерекшеленеді.....
КІРІСПЕ Тақырыптың өзектілігі. Қазақ тіл білімінде орын тәртібі мәселесі төңірегінде бірқатар тілші ғалымдардың зерттеу еңбектерінде, мақалаларында ой-пікірлер айтылып келеді. Ол негізінен тілдік категориялардың ішінде сөз тіркесіне, сөйлем мүшелеріне және құрмалас сөйлем компоненттеріне қатысты зерттелуде. Сонымен қатар құрмалас сөйлемдерді құрмаластырушы тәсіл ретінде де айтылған ой-пікірлер бар. Сөйлемдегі кей сөздер бірімен-бірі меңгерілуімен іс бітпейді. Олардың кейбірі бірімен-бірі ешбір жалғаусыз қарым-қатынасқа енеді. Әрине, мұнда екінші сөздің аяғындағы жалғау ескерілмейді, тек екі сөз арасы ескеріледі. "Қабысудың ендігі бір мәнісі – сөздер бір-біріне өте тығыз байланысуынан көрінеді. Бұлардың орны өзгеден берік. Қабыса байланысқан сөздер араларынан қыл өтпестей болып көрінеді" [1;147]. "Қабысу — түркі тілдерінде, оның бірі қазақ тілінде өте жиі қолданылатын синтаксистік байланыс формасының бірі. Егер қиысуда бағыныңқы сөздің грамматикалық мағынасына, тұлғасына бейімделе, матасуда тиісті жалғауда айтылып байланысса, қабыса байланысқан сөз тіркестері өзара ешқандай жалғаусыз, тек қатар тұру арқылы тіркеседі. Сонда қабыса байланысқан сөз тіркестерінің грамматикалық байланыс амалы сөздердің орын тәртібі болады" [2;47]. Қабысу – сөз тіркесінің бағыныңқы сыңарының басыңқымен жалғаусыз, қатар тұру арқылы байланысы. Қабыса байланысатын сөздердің көпшілігі тұрған орындарын өзгертпейді, жұбын жазбайды. Сөздердің орын тәртібі туралы орыс тіліндегі еңбектерде де жазылған. Орыс тілінде сөздердің орын тәртібі соңғы жылдары көптеген тілші ғалымдардың назарын аударып жүр. Сөздердің орын тәртібі қазіргі орыс тілінде де, ежелгі орыс тілінде де зерттелген. Алайда зерттеуге нысан болатын нақты мәселелер айқындалған жоқ. Өйткені О.А.Лаптаева. З.Д.Попова, В.Н.Роговалар орын тәртібін сөйлемнің жеке мүшелерінің орын тәртібіне қатыстыра зерттесе, М.С.Андронова, В.М.Чистиякова жеке ескерткіштер мен шығармалардың орын тәртібі туралы қарастырады, ал И.П.Распопов, А.Мельничук сөйлемнің актуальді, синтагматикалық мүшеленуін зерттеумен байланыстырады. ...Орыс тілші ғалымы О.Б.Сиротинина орын тәртібі мәселесіне ерекше тоқталып, зерттеген. Ол сөз тіркестерін құраудағы, сөйлем құраудағы сөздердің орын тәртібінің ролі, қызметі жайлы айтады. Оның айтуынша, "сөздердің орын тәртібі тіліміздегі тіркестерді, сөйлемдерді ұйымдастырып жасаудағы маңызды нәрсе. Барлық сөз тіркестерінде белгілі орын тәртібі бар: бағыныңқы сыңары әрдайым басыңқыдан бұрын тұрады. Осы қатаң орын тәртібінің өзгеруінен сөз тіркесі бұзылады" [3;3]. Зерттеу нысаны. Менің жұмысымның зерттеу нысаны — орын тәртібінің функциясы. Мен сөздердің орын тәртібінің функциясын үш бөлімге бөліп қарастырдым. 1.Орын тәртібі арқылы жасалған сөз тіркесі 2. Орын тәртібі арқылы жасалған фразеологизм 3. Орын тәртібі арқылы жасалған күрделі сөз Зерттеу мақсаты: Орын тәртібі арқылы жасалатын тілдік категориялардың ұқсастығы мен айырмашылығын нақтылау. Зерттеудің дерек көздері. Бұл тақырып арнайы зерттелмегендіктен, ол туралы ғылыми пікір табу немесе шетел ғалымдарының ғылыми болжамдары мен ойын талқылауға мүмкіндік болмағаны рас. Дегенмен «орын тәртібі» ұғымы бізге белгілі. Сондықтан орын тәртібі арқылы жасалған сөз тіркестерін, фразеологизмдерді және күрделі сөздерді түсіну қиындық туғызбайды. Ең алдымен Балақаев М., Қордабаев Т «Қазіргі қазақ тілі (синтаксис)», Кеңесбаев І «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі», Сайрамбаев Т.«Қазіргі қазақ тіліндегі күрделі сөз тіркестері », Р.Әмір «Жай сөйлем синтаксисі», Аманжолов С «Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы», Исаев С «Қазіргі қазақ тілі», оқулықтарын қолыма алып жете танысып шықтым.Ондағы сөз тіркестерінің, фразеологизмдердің және күрделі сөздің қалай жасалғандығына көңіл аудардым. Мысалдарды Әуезов М «Абай жолы», Нұрпейісов Ә «Қан мен тер», Мұқанов С «Ботагөз» романдарынан, Б.Майлин әңгімелерінен, Абай мен Жамбыл өлеңдерінен алдым.....