Аптаның балалары

Ал, кәнекей, санайық,

Балаларын Аптаның.

Орындарын табайық,

Сен де босқа жатпағын.

 

Ең үлкені - Дүйсенбі,

Барлығының басшысы.

Одан кейін....

Санамақтар
Толық

Туған жер- алтын бесігім!

Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
(Фариза Оңғарсынова)

Туған жер! Әрбір адам осы сөзді естігенде ең бірінші өзінің туған жерін есіне түсіреді. Туған жер... Туған ел...  Осы екі ғана сөзде қаншама мағына жатыр десеңізші?! Барлық адам табиғаты керемет, ауасы таза ауылдан шығады. Ал сол ауылда сенің ыстық алақаны бар анамыз, алатаудай әкеміз, туған-туысқандарымыз, жора - жолдастарымыз, білімін аямаған ұстаздарымыз барлығы, барлығы да сонда. Бұл жерде менің уайымсыз, шаттыққа толы балалық....

Шығармалар
Толық

Мақсат Дауылбай өлеңдері

   Мақсат Дауылбай – жас ақын, Халықаралық, Республикалық жыр мүшайраларының жүлдегері. «Самғау» жастар сыйлығының иегері. Қызылорда қаласы әкімінің стипендияты. Қызылорда облыстық «Рухани жаңғыру» орталығының бөлім басшысы.

Өлеңдер
Толық

Біз бақытты баламыз

Бейбіт елдің ұланы,
Оттай лаулап жанамыз.
Бұл бақыттың ұраны,
Біз бақытты баламыз.
Айтқан тілді аламыз.
Үлкендерді....

Тақпақтар
Толық

Бір ашуланғанда сексенді қырған батыр

Ерте, ерте, ертеде,
Ешкі жүні бөртеде,
Қырғауыл жүні қызылда,
Құйрық жүні ұзында, бір байдың малын баққан қойшы болыпты. Бірде ол жаздың жайма-шуақ күнінде сылдырап аққан өзеннің бойында мал жусатып отырыпты. Қарны ашқан соң торсықтағы айранын ішіп тамақтаныпты. Дәмді қою айранға тойып балқыған қойшы жерге тамған тамшыға жабылған шыбындарды көріп қалады да, жапырақпен ұрып салады. Қырылған шыбындарды санап та үлгереді. Олар сексен екен.......

Ертегілер
Толық

Прописка

Күн ұзарған, түн қысқарған көкектің кәрі қыздай қылтың-сылтың басы. Өскеменнен түсте шыққан автобус Ұлан арқылы Самарға тікелей асып, Ертіс түсіп, Күршімнен бір-ақ шығуға бел байлаған. Көкек келсе де наурыз жылымығының қайырма қызыл шұнағы қала ішін дірдек қақтырып, Ұлан асуына қарай созылған ұзақ жол беті сиыр жалағандай. Жып-жылмағай көк мұз. Алды-арты бірдей тартатын шағын сары автобус ішіндегі азғана жолаушыларды селкілдете ұрып, соқтырып келеді. Күн аяздан шаңытып тұр. Автобустағылар өзді-өзімен шүйіркелесіп, қайсыбірі жорта қалғып отыр. Жолаушылар арасында нәресте құшақтаған жас келіншек қыңқылдаған сәбиін уатумен әлек. Ең артқы орындықта отырған Архат олардың....

Әңгімелер
Толық

Әсемдік кремі

Теледидардан тікелей эфирден репортаж жүріп жатыр. Диктор қолындағы микрофонды жас бір қызға ұсынды:
  - Әсемдік тақырыбында бір зерттеу жүргізудеміз. Әсіресе, терінің сұлулығы неге байланысты деп ойлайсыз?
  - Әлі жеткілікті мөлшерде табыс таппайтын болғандықтан бетіме қияр қабықтарын жапсырамын. Кейде қияр кремін қолданамын. Сондықтан жылтырап тұр, әрине.
   Диктор жас әйелге барып:
   - Сіз ше, ханым, сіздің де бетіңізге ерекше....

Оқиғалар
Толық