Биология | Қансырауды тоқтату

Уақытша қан тоқтату әдістері. Жараланған мал қансырап тұрған жеріндегі қанды тоқтатып, сол ауру малға көмек көрсету керек.
Уақытша қан тоқтату әдістері неше түрлі кездесіп отырады. а) Қансырап тұрған жерді басып, қысып тастайтын таңғыш арқылы аққан қанды тоқтату әдісі. Қансырап тұрған жерге дәкені бірнеше қабатттан салып сонымен орап тастау керек. Осылай еткенде ғана тезірек тромб пайда болып, қансырау тоқтайды. Жараға байланатын дәке мата микроптардан таза болу үшін, бұларды алдын ала үтіктеу керек. Жаралану, жарақатттану ойламаған жерде, аяқ астынан болып қалса микроптардан таза, арнайы заттарды пайдалану керек. ә) Қансырап тұран артерия қан тамырларын жақын жердегі сүйекке бармақпен басып, ағып тұрған қанды тоқтату әдісі болады. Саусақпен басып қан тоқтату әдісі сирек қолданылады. Себебі, шаршаған саусақты ауыстырған кезде қан шапши береді. Басқа амал болмағандықтан осы әдісті есте сақтаған дұрыс.
Қан тамырын сүйекке басқандықтан тамырмен бірге жүйке жүйесі де қатты қысымға түсетініде хақ. Ондайда басып тұрған жердің зардабы күшейіп үдей түседі.
Дегенмен, бармақпен қан тамырын басу әдісі операция кезінде қолданылады. Б) Жараланған малдың шапшып тұрған қан тамырын қысқыш аспаппен қысып, қанын тоқтатады. В) Малдың аяқтарын немесе жараланған жерінен жоғары, бұлшық еттерді сүйекке резеңкемен қыса буса, қансырап тұрған қан тамыры қысылып, аққан қан тоқтайды. Жалпы қан тоқтату үшін орамал, белбеу,резеңке, түтіктер қолданылады. Эсмарх деген хирург, 1873 жылы ширатылған созылғыш резинаны ұсынған еді, қан тоқтату үшін сол құрал күні бүгінге дейін қолданылып келеді.....
Рефераттар
Толық

Биология | Қант қызылшасының морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері

Морфологиялық сипаттамасы және биологиялық ерекшеліктері. Сорттары. Қант қызылшасы (Веtа vulgaris L. v.saccharifera) - Алабұталар тұқымдасы (Chenopodiaceae) Қызылша туысының (Веtа L.) малазықтық (v.сrаssа), жапырақты (v.сісlа) және асханалық (v.еsсulenta) түр тармақтары кіретін түрдің - екіжылдық өсімдігі.
Қант қызылшасының ұзын жіңішке тамыршалары бар олар жанына 40-50см тарайды, ал негізгі кіндік тамыры 2-2,5 м топырақ тереңдігіне дейін бойлауға қабілетті. Оның орталық тамыры өсіп-толысып тамыржеміске айналады. Жетілген өсімдігінің тамыржеміс массасы 500-800 г және одан да жоғары болады.
Тамыржемісінің формасы – конус тәрізді. Құрылысы: басы, мойны және нағыз тамырдан тұрады.
Басы - тамыржемістің үстіңгі бөлігі, түрі өзгерген сабақ, онда жапырақтар орналасады. Басында тамыржемістің басқа бөлігіне қарағанда қанттың мөлшері аз.
Мойын - тамыржемістің басы мен нағыз тамырдың арасында орналасады. Онда жапырақтар мен тамыршалар болмайды. Тамырдың өзі - тамыржемістің төменгі конус тәрізді бөлігі. Тамырдың ұзына бойындағы жырықшаларынан көп жанама тамыршалар тарайды. Қанттың көп мөлшері (19-20 %) тамыржемістің ортаңғы бөлігінде болады.
Пісіп-жетілген тамыржемісте шамамен -75% су, 25% құрғақ заттар (сорты мен өсіп-жетілу жағдайына қарай 16-24% қант) болады. Қанттылығына жоғары агротехника көп әсер етеді.
Қант қызылшасының жапырақтары ірі, бүтін, жүрек тәрізді, сағақты. Формалары жасына қарай өзгереді: жас жапырақтарының сағақтары қысқа және алақаны дөңгелек, ал үлкейгендерінің сағақтары ұзарады да жүрек тәрізденеді. Жапырақ алақанының толқынды, ойықты немесе тегіс болуы сорттық белгі және өсіру жағдайына байланысты. Жеке жапырақтың ұзындығы 50-70 см дейін. Бірінші жылы өсімдік 60 таяу жапырақтар түзеді.
Қант қызылшасы тұқымды тіршілігінің екінші жылы - қыста сақталған тамыржемісті көктемде топыраққа отырғызғанда гүлді өркендер пайда болғаннан кейін береді.
Гүлдері - қосжынысты, гүлсеріктері жасылдау. Гүлдеуі 20-40 күнге созылады. Қант қызылшасы айқас тозаңданады. Тозаңдануы жел мен насекомдар арқылы жүреді.
Жемісі-жаңғақша. Көп дәнді қант қызылшасының жемістері 2-5 дәннен тізбектеліп шоғырланған. 1000 тұқым салмағы 20-дан 50 г дейін. Бірдәнді қант қызылшасының жемістері бір жаңғақшадан тұрады, сондықтан механизацияны пайдаланып себуге ыңғайлы.
Тұқымының сыртында бурыл жылтыр қабықша болады. Тұқымның ұрығы перисперманың (қоректік заттар қоры орналасқан жер) айнала сақина тәрізді қоршап тұрады, ол екі тұқым жарнағынан, орталарында орналасқан бүйрекшеден және ұрық тамыршаларынан тұрады.....
Рефераттар
Толық

Биология | Қара шіріктің минералдануы топырақтарда гумус баланысының мөлшерін теңдесуін қалыптастыру

Қара топырақ тегі-жаралуы (гензис) туралы үш болжамды көзқарас (гипотеза) айтылған олар: теңіздік, батпақтық және құрылық-өсімдік.
Зерттеушілер теңіздік болжамды гипотеза бойынша қара топырақты теңіз орнында қалған лайы деп санаған (Паллас 1799, Пецольд 1851). Мурчисон болса (1842) оны юра дәуірінің мұз сулары шайып кетуінен қалған балшықты қара тақта тастар азығы деп есептеген. Бұл болжамдардың қазір тек тарихи маңызы бар. Батпақты болжамды жақтайтындар дала аймағы бұрын аса батпақтанған тундра болған деп жорамалдаған. Бірақ кейін климаттың жылынуына және ыза деңгейінің төмендеуіне байланысты, лай батпақ орнында тундра өсімдігі ығыстырылып (Эйхвальд, 1850), жергілікті дала өсімдіктері дамуы арасында (Борисяк,1852) қара топырақ қалыптасқан. Құрылық- өсімдік (растительно-наземное) пікір бойынша қара топырақ пайда болуын шабынды-далаалық және далалық шөптесіндермен байланыстырады. Осы пікірге Ф.Рупрех «Қара топырақ геоботаникалық зерттеулер» (1866) атты еңбегінде бірінші негіздеме берген, яғни қара топырақ құрамын шөптесіндер қалдықтарының ыдырауынан жаңа күрделі органикалық зат-қара шірінді түзілуімен түсіндіріледі. Аталған пікірді В.Докучаев «Орыс қара топырағы» (1883) атты еңбегінде толық дамытып қалыптастырған, яғни қара топырақтың құраушы жыныста қара шірінді шоғырлануынан пайда болғанын дәлелдеп көрсеткен. Сондай-ақ шөптесіндер дамуына, қалдықтарының ыдырауы жылдамдығы мен бағытына және қара топырақ құрамына дала климатының ықпалы ерекше екенін айтқан.....
Рефераттар
Толық

Биология | Қазақстанның улы өсімдіктері

Қазақстан Республикасында улы өсімдіктер флорасы алуан түрлі болып келеді. Улы өсімдіктердің құрамында түрлі ауыр металдар, химиялық қосылыстар, ционид, кофеин сияқты заттар кездеседі. Негізінде улы өсімдіктерді ежелден бері халық және батыс медицинасында дәрі дәрмек, ауруларды емдеу барысында қолданып келді.
Қазақстанымызда өсетін адыраспан өсімдігін адамдар улы қасиетінің бар екенін сірә біле қоймас. Алайда зерттей келе өсімдік құрамында өте улы ционид және ауыр металдар бар екені анықталды. Адыраспанды жаққанда ауыр металдар қосылыстары ауаға түтін түрінде ұшады, жоғарғы тыныс жолдары қабынғанда, тұмау аурулары кезінде пайдаланғанда ол вирустар мен патогенді бактерияларды жоятын қасиеті бар.
Солтүстік Қазақстанда көптеген улы өсімдіктерді – улы саңырауқұлақтар алады. Олардың бірқатары мухоморлар, мицендер тұқымдастарына жатады. Улы өсімдіктер алуан түрлі болып таралған: оңтүстікте шөптесін, ал орманды жерлерде қалпақты түрлері көптеп таралған.
Қазақ халқы шай, кофе сияқты өсімдіктерді күнделікті сусын есебінде пайдаланады. Оларды өте улы зат-кофеин бар. Ол жүйке жүйесін зақымдап, адам оған тәуелді болады. Ішек жолдарында токсиндері, улы заттары қабырғаларға жабысып қалады. Кофеинді нашамен теңеуге болады ....
Рефераттар
Толық

Биология | Қазақстандағы кемірушілердің түрлері

Жұмбақ дүниені танып – білуіміздің табиғи көздерінің бірі – хайуанаттар әлемі. Жалпы табиғатта 2 миллионға жуық түрлері бар – микроскоп арқылы ғана көрінетін организмдерден бастап алып Піл, дене тұрқы 30 метрлік Кит сияқты хайуанаттар кездеседі. Ендеше сол хайуанаттар ішіндегі «Кемірушілерге» тоқталсақ. Кемірушілер (Rodentia) – сүт қоректілердің бір отряды. Бұған жер жүзіндегі сүт қоректілердің төрттен үш бөлігі, ал СССР-дегі сүт қоректілердің жартысы дерлік жатады. Кемірушілердің қазба қалдықтары- полеоцен дәуірінен белгілі. Кемірушілер Бор дәуірінде, сірә, насеком қоректілер мен бір ата-тектен дамыған болса керек. Кемірушілерге осы кезде туыстығы жағынан жақын топ қоянтәрізділер отряды жатады. Кемірушілердің ең ұсақ түрінің тұрқы 5 см, су шошқасы 1,25 м. Кемірушілердің тісі қатты қорек жеуге бейімделген. Күрек тістері (әр жақ сүйегінде бір жұп) күшті дамыған, доға тәрізді имек келген және үнемі өседі, әр тістерінің эмалы мен дентиннің қаттылығы әр түрлі болғандықтан, тісі өзінен-өзі қайралып, өмір бойы мұқалмайды. Кейбір кемірушілердің азу тістері де үнемі өседі. Ит тістері болмайды, күрек тістері мен азу тістері арасында тіссіз бос жер – диастема болады. Азу тістерінің беті бұдырлы, қырлы не қатпарлы. Бұл тістері де тіс эмалының қалыңдығы әр түрлі болғандықтан өзінен-өзі қайралады.
Кемірушілер жер жүзіне түгел таралған. Осы кезде тіршілік ететін 30 тұқымдасқа, 400-ден астам туысқа бөлінетін 2000-дай түрі бар. СССР-де 11 тұқымдасқа, 50 туысқа жататын 130-дан астам түрі белгілі. Бұдан басқа антропоген дәуірінен 70 түрі, оның ішінде 15-ке жуық өліп біткен туысы табылды. Кемірушілердің қазір тіршілік ететін түрлері әдетте үш отряд тармағына бөлінеді. Бұлардан тиін тәрізділердің(Sciuromorpha) осы кезде тіршілік ететін 5 тұқымдасы (құндыз,америка тау құндызы, тиін, қапшықты егеуқұйрық, гетеромитдер) және өліп біткен 5 тұқымдасы бар. Жайра тәрізділер отряд тармағына(Hystrcomorpha) осы кезде кездесетін 12 тұқымдас (кәдімгі жайра,ағаш жайрасы,теңіз ақ тышқаны,су шошқасы,агути,саз құндызы,шиншилла т.б.) және өліп біткен үш тұқымдас жатады. Тышқан тәрізділер (Myomorpha) он тұқымдасқа (қарақас тышқан,жалманқұлақ тышқан,қосаяқ,соқыр тышқан,аламан т.б.) және 3 қазба тұқымдасқа бөлінеді. ....
Рефераттар
Толық

Биология | Қазақстандағы ауа қауіпті әлеуметтік мәнді аурулар

Оба, чума (латынның pestis сөзінен шыққан, «кенеттен басып кіру» деген мағынаны білдіреді) – аса қауіпті зоонозды табиғи-ошақты карантиндік жұқпалы ауру. Түйеде, кеміргіштерде, қоянда, түлкіде, борсықта, ақбөкенде, мысықта болатын аса қауіпті жұқпалы ауру, бактериясы ауа не қан арқылы адамға да беріледі. Чуманың табиғатта өсіп-өніп отыратын ошақтары болады. Жануарға бүргелер арқылы беріледі. Ауру қоздырғышы таяқша тәрізді бактерияларды 1894 ж. бір-біріне байланыссыз жапон микробиологі С.Китазато (1853-1931) мен француз бактериологы А.Йерсен (1863-1943) (адамнан; 1897 ж. егеуқұйрықтан) тапқан. Оба таяқшасы (Yersinia pestis) пішіні жұмыртқа тәрізді, ұсақ, қозғалмайды, талшықтары болмайды, спора түзбейді, анилинді бояғыш заттармен тез боялады.
Аурудың даму кезеңі 3 күннен 6 күнге созылады. Ауру қатаң әрі кенеттен басталады. Алғашқы белгілері: дененің қатты дірілдеуі, ыстықтың 39-40 градусқа дейін көтерілуі, бастың айналуы, дененің еттерінің ауыруы, құсу, тамырдың дірілдеп соғуы, өкпенің қабынуы /пневмония/. Аурулар есінен ажырамағанмен ессіз адамша жатады. Психикасы өзгере бастайды, орнынан ұшып тұрып, қашқысы келеді. Мастар секілді сөйлей алмайды. Қан қысымы төмендеп, жүрек-жұмысын бұзады. Тілі ісініп, тамағы құрғап, миндалі ісініп кетеді. Бауыры ісінеді. Қанды құсық құсады. Қан кетуі де мүмкін.
Оба ауруының аса қауіптілігіне байланысты бұл ауруды тараптауға үлкен күш салынады. Әлемдік денсаулық сақтау ұйымының қадағалауымен, ұйымдастыруымен бұл аурудың эпидемиялық түрде және жоғары деңгейде дамуына әрі тарап кетуіне жол бермеуге шара қолданылады.
Оба ауруының тарамауына қолданатын шараның негізгі бөлігі оның табиғи ошақтарында тұрақты әрі кешенді бақылау жұмыстарын жүргізіп отыру.
Егер ауру байқалған жағдайда ауырған адамдарды тез арада емханаға жатқызып, олармен қатынаста болған адамдарды дәрігерлік бақылауға екшеп алу керек. Ауруды таратып отырған көзін іздейді. Оны тапқаннан соң, ол объектіні зарарсыздандырып, сол мекеннің жалпы тұрғындарын бақылауға алады. Карантиндік шараларды анықтайды және жүргізеді. ....
Рефераттар
Толық

Биология | Қазақстандағы сирек кездесетін өсімдіктер

Жиі гүлдері жалғыз, бірақ көбіые бір сабақта 10-ға дейін болады. Бұл түрдің тамыры өте ерекше — жуан, ақ, цилиндр тәрізді, ұзындығы 60 см, шеңбері 8-10 см; көптеген жіңішке тамыршалары бар.
Қазақстан жерінен тыс Еуразияның орманды аймақтарында (Сахалинге дейін), Солтүстік және Оңтүстік Америка, Австралия және Жаңа Зеландияда кең таралған, Ылғалды мүк басқан шатқалдарда, шөгінді тастар арасында, биік таулы тасты тундраларда, сирек орманды белдеудің жоғарғы бөлігінде өседі. Көпжылдық мәңгі жасыл шөптесін өсімдік, споралар арқылы және жоғарғы жапырақ қындарында орналасқан өскін бүршіктер арқылы көбейеді.
Негізінде мұның ашылмаған гүл себетінде сантонин болады. Ол медицина мен мал дәрігерлік ісінде іштегі құртты айдап шығаратын дәрі ретінде кең қолданған. ХП ғасырда Италия көпестері Орта Азия мен Каспий маңы даласынан жиналған бұл шикізатты сатқан болатын.
Елдің бәрі біле бермейді, біздін Грейг қызғалдағының ғылымға тек 1868 жылы ғана белгілі болғанын, ал 1877 жылы ол Голландияда бірінші дәрежелі сорт дипломын алды. Осы уақытқа дейін осы түрдің қатысуымен табиғи сұрыптау және будандастыру әдістері арқылы қызғалдақгың 300-ге жуық мәдени сорты алынды.
Аллохрузаны Орта Азияда 1927 жылдан бері даярлайды. "Түркістан сабынды тамыры" деген атпен көп мөлшерде шетелге жіберідді. 1960 жылдардың басында Қазақстанда жылына 700-800 тамыр дайындалатын.
Ерте гүлдейтін сәндік түр, шағыл тасты және ұсақ топырақты беткейлерде жазықтықтан субальпі белдеуіне дейін өседі. Екі ұршық тәрізді қосалқы түйнекшелері бар жұмыртқа пішінді түйнегімен ерекшеленеді.
Алматы қаласы мен Қазақстанның оңтүстігіндегі қалаларда кең таралған. Тұқымы арқылы көбейеді, өздігінен тұқым шашып та өседі. Кирсанов ботаника қорықшасында қорғалады.....
Рефераттар
Толық

Биология | Күріш тұқым шаруашылығы

Күріштің бастапқы тұқым шаруашылығын оригинаторлар және аттесатталған тұқым шаруашылықтары жүргізеді. Олар жоғары репродукциялы және элита тұқымдарын өсіріп белгілі бір аймаққа сатады және күріш өндіретін шаруашылықтарға консалтингтік көмек көрсетеді.
Масақты дақылдардың бастапқы тұқым шаруашылығы жүйесі толығымен қайталанады.
Қазақстанда аудандастырылған күріш сорттары: Авангард, Алтынай, Арал 202, Златый, Қарақалпақстан, Кубань-3, Краснодарский 424, Лазурный, Лиман, Мадина, Маржан, Опытное, Пак-Ли, Солнечный, Уз Рос 7-13, Уз РОС 59, Уш-Тобинский.

Өндірістік тұқым шаруашылығы аттестатталған тұқым шаруашылықтарында жүргізіледі. Олардың міндеттері: күріштің жоспарлы егістік көлеміне жеткілікті, сорттық және егістік көрсеткіштері жоғары тұқым өндіру.
Жоғары сапалы тұқым өндіру жүйесі:
- сұрыптау питомниктері;
- тұқымдық питомниктер;
- алдын ала көбейту питомниктері;
- суперэлита, элита питомниктері;
- бірінші, екінші және үшінші репродукция егістіктері.

Бірнеше қайтара сепкеннен кейін күріш тұқымының сапасы күрт төмендеп кетеді, сондықтан 3 жылда бір рет сорт жаңарту жұмыстары жүргізіліп отырады.
Жаңа, элита немесе бірінші репродукциялық тұқымдар, көбею коэффициентін ескере отырып, барлық егілетін егістік аумағының 10%-на егіледі

Тұқымдық егістіктер агротехникасы.
- алғы дақылдар: көп жылдық шөптер, екпелі сүрі жер, күріш егістігіне енгізілген жаңа жерлер. Тұқымдық егістіктер үшін тұзды жерлер мүлдем жарамсыз;
- жоғары сапалы тұқым: 1-ші классқа (өнгіштігі 95%-дан жоғары) сорттық тазалығы 1-ші категорияға жататын;
- себу мезгілі: жердің 3-5 см тереңдігі 14-160С қызған кезде
- тұқымды себуге даярлау: себуге 3-5 күн қалғанда ауамен қыздырып өңдеу, себуге 2-3 апта қалғанда ауруларға қарсы химиялық өңдеу
- себу мөлшері: сортқа байланысты 4,5-6,0 млн/га өнгіш дән. Элита көбейтілетін егістіктерге 4-5 млн/га өнгіш дән себіеді.
Жақсы толысқан тұқымдар гектарына 3,0 млн мөлшерінде 30,0 см қатараралықпен себіледі.
Күріштің тұқымдық егістіктері минералды қоректік заттармен толығынан қамтамасыз етілуі керек
Өсіріп баптау технологиясы. А л ғ ы д а қ ы л. Күрішті бір орынға екі, әрі кетсе үш жылдан артық егуге болмайды, өйткені топырақ батпақтанып және сортаңданып кетеді. Сондықтан күрішті суда өспейтін жақсы алғы дақылдардан кейін орналастырудың үлкен маңызы бар. Сонымен қатар, топырақтың ауа режимі бұзылады, анаэробты процесс жүріп, алюминий, темір металдарының шала тотықтары пайда болады, сөйтіп, күріштің өсуіне зиян келтіріледі. Ғылыми-зерттеу мекемелері мен алдыңғы қатарлы шаруашылықтардың тәжірибесі күріштің ең жақсы алғы дақылы жоңышқа екенін дәлелдеді. Одан кейінгі алғы дақыл жоңышқа қыртысының аударылған алқабы. Күріш ауыспалы егісіне екпе немесе таза сүрі жер енгізген дұрыс, одан кейін күрішті бір-екі жыл егуге болады. Сүрі жерлерге екпе ретінде ас бұршақ, үрме бұршақ немесе беде егіледі.
Қазақстанда негізінен күріштің 7 танапты ауыспалы егісі игерілген. Ондағы дақылдар келесі тізбекте орналасады: 1, 2-ші танаптар жоңышқа 3, 4-ші танаптар-күріш, 5-ші танап екпе немесе таза сүрі жер кейде сүрлемдік жүгері, 6-7-ші танап-күріш. ....
Рефераттар
Толық

Биология | Күріш тұқым шаруашылығын ұйымдастыру аудандастырылған сорттары

Ерте кездегі зерттеу жұмыстарының қорытындысына қарағанда дүние жүзіне көп тараған дақылдардың бірі күріш деп есептелінеді. Күріш аса бағалы дәнді дақыл ретінде 110-ға жуық елінде 150 млн.га жерге егіліп оның 90% -ы Азияда, 4%-ы Америкада, 2% Африкада, 4%-ы басқа құрлықтарда өсіріледі.
Азия континентіндегі ең көне әрі өте маңызды азық-түлік дақылдарының бірі күріш. Бұл дақыл әлемнің 112 елінде 145 млн. гектардан астам жерде өсіріледі. Күріш дәннің жалпы өнімі 1990 жылы 426,6 млн. тоннаға, 1995 жылы 433,0 млн. тоннаға жетті, ал кейінгі 10 жыл ішінде күріш өндірісінің жылдық орташа көрсеткіші 560 млн. тоннаға жеткен.
Қазіргі тарихи, археологиялық, палеоботаникалық, лингвистикалық мәліметтер қарағанда, күріш өте ерте , көне заманнан бері егіліп, екпе дақыл түріне айналған. Күріштің жабайы түрлерін мәдени (екпе) түрге айналдыру 20 мың жыл және оданда бұрын Солтүстік Үнді Қытайда жүзеге асқан. Бұл аймаққа Бирма, Лаос, Тайланд, Солтүстік Вьетнам және Юньнанидың оңтүстік бөлігі жатады. Үнді Қытайдан күріш Қытайға жеткен, одан Маньчжурия, Корея, Жапония елдерінде тарап, егіле бастаған. Индияның оңтүстік-батысында да жабайы түрлерін екпе дақыл ретінде егіп өсіру аталған аймақтармен қатар жүзеге асқан.
Вьетнамда және онымен көрші елдерде жүргізілген археологиялық қазбаларда табылған күріш үлгілеріне қарап, Вьетнам ғалымдары бұл дақыл Азия елдерінде бұдан 50 ғасыр бұрын егілген деген тұжырымға келіп отыр. Өйткені халық селекциясы шығарған күріштің көптеген көне сорттары және жабайы түрлері Оңтүстік Шығыс Азия елдерінде бар. Де-Кандольдың (1883,1885) пікірінше, күріштің шыққан жері Индия және Қытай. ....
Рефераттар
Толық

Биология | ҚАБЫНУ

ҚАБЫНУ –(грекше phlogosis, лат. Inflamatio өрт алу деген мағына) –организмнің әр түрлі сыртқы немесе ішкі патогендік әсерлер нәтижесінде дамыған ,қан айналымның ерекше бұзылыстарымен және жасушалар пролиферациясымен сипатталатын ,стериотипті,қорғаушы ,бейімделуші реакция.Ол қабыну ошағындағы зиянды әсерлерді жоюға және зақымданған ағзалардағы ,тіндерлегі құрылымдық өзгерістерді қайта қалпына келтіруге бағытталған әлтерация, экссудация, пролиферациямен қабаттасатын біртектес дерттік үрдіс.
Қабыну этиологиясы:
Қабыну әр түрлі ішкі және сыртқы себептерден болады.
Қабынудың себептері – флогогендер:
Экзогенді (биологиялық, механикалық, физикалық, химиялық, әлеуметтік)
Эндогенді (қан құйылу, тін ыдырауы өнімдері, улы метаболиттер, тұздар жиналуы, иммундық кешендер, белсенді радикалдар)

Қабыну ошағындағы өзгерістер негізінен үш фазадан тұрады:
1. Әлтерация тіндердің жасушулардың зақымдаруы
2. Экссудация және лейкоциттер эмиграциясы құбылыстарымен көрінетін микроциркуляция арнасындағы қантамырлардағы қанайналым өзгерістері.Қан тамырларынан қаның сұйық бөлігінің және қан элементтерінің сыртқа бөлініп шығуы.
3. Пролиферация жасушалардың көбеюі нәтижесінде тіндердің қайта қалпына келуі
Мұның барлығы гистион деп аталатын дәнекер тінінің құрылымдық қызметтік өлшемінің территриясында өтеді.Гистион құрамында негізгі зат ,коллагенді ,эластинді,аргирофильді талшықтар, нерв талшықтары қоршаған микроциркуляция арнасының бір бөлігі кіреді .
Әлтерация – зақымдану - жасушалардың , жасушааралық заттардың, нерв аяқшаларының, қан тамырларының дистрофиялық, некробиоздық, немесе некроздық бүлінулері
Алғашқы әлтерация–флогогеннің тікелей әсерінен дамиды.
Салдарлық әлтерация – алғашқы әлтерацияның зардабы, зат алмасу өзгерістерімен, қабыну дәнекерлері әсерімен байланысты.
Қабыну ошағында зат алмасуы өзгерістері
Зат алмасудың сандық және сапалық өзгерістері:
• Майлар, көмірсу, нәруыздар ыдырауының (лизосомалар мембранасы зақымдануы  лизосомалық гидролазалардың шығуы және әсерленуі) жоғарылауы
• Түзілу үрдістерінің төмендеуі
• Заттар алмасуы соңғы өнімдерге дейін жүрмейді - СО2 және Н2О (митохондрий мембранасы зақымдануы әсерінен)  тыныстық коэффициенттің ( ТК = бөлінген СО2/қабылданған О2). ....
Рефераттар
Толық