Тарих | Тарихты оқытудың жаңашыл әдісі – модульдік технология

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі.
Білім деңгейі мен технологияның барған сайын дамуы, жаңа идеялармен оқыту әдістерінің шығуына түрткі болады. Білім деңгейінің жоғары болуы, оқушылардың білім көрсеткіші осы жаңа оқу әдістерін оқып үйренуімен сипатталады.
Тақырыптың мақсаты:
Тақырыптың мақсаты оқытушылардың жаңа идеяларымен танысу, жас педагог әдіскер идеяларымен танысу, жас педагог әдіскерлердің тәсілдерімен танысу болып табылады. Шаталов, Шевченко, Жанпейісова, Д.Құтымбекова сынды әдіскерлер тәсілін оқып үйрену.
Тақырыптың міндеттері.
Тақырыпта төмендегідей міндеттер қойылды:
- Жаңашыл идеялар ұсынған педагог әдіскерлер тәсілдерімен жалпы танысу.
- ХХІ ғасырдағы жаңа оқыту идеяларының қажеттілігін атап көрсету.
- Шаталовтың В.Ф.Тірек конспекті әдісімен толық түрде баяндау.
- Оқытудың жаңа әдісі әрі көпшілік қолдау білдірген модульдік технологиямен танысу.....
Курстық жұмыстар
Толық

Тарих | Тарих сабағында жаңа технологияларды қолдану

Кіріспе
Жасампаздық стратегиясы атағына ие болған «Қазақстан - 2030» жас ұрпаққа талаптарға сай тәрбие мен білім беруді мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттар, типтік бағдарламалар, ұлттық бірыңғай тестілеу және ата - аналар, қоғам талаптары деңгейінде болуын міндеттейді, ұстаздарға айырықша жауапкершілікті нақтылайды.
Сондықтан, оқыту - тәрбие жұмыстарын тұтас жүйе деп есептеп, саналы тәрбие, сапалы білім беру технологияларын жегілдіруді міндеттейді. Оқыту технологиясы-педагогикалық технология дидактиканың бір бағыты, ғылыми зерттеулер бойынша байқаулардан өткізу нәтижелеріне байланысты іс - тәжірибелерге ендіріледі. Оқыту үрдісінде жаңалықтар пайда болуда, оларды зерделеп, талдап, нәтижелі болса іс - тәжірибеде қолданады. Білім беруде инновациялық бағыт пайда болып, оқу - тәрбие үрдісінде енуде. Инновация өздігінен пайда болмайды және ұжымның шығармашылықпен зерттеулері мен ізденістерінің озық педагогикалық тәжірибелерінің нәтижелері. Сонымен, білім берудегі инновациялық үрдістерді сөз етеміз. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Энергетика және байланыс | Таңертеңгі асты дайындау құрылғысының микропроцессорлық басқаруын жобалау

1. Кіріспе мен мақсаты:
Менің курстық жұмысымның мақсаты- таңертеңі асты дайындау АРЖ-сін микропроцессорлық элементтер негізінде жобалау. Бұл мақсатқа жету үшін келесіні орындау қажет:
-автоматтандыру жүйесінің құрылымдық сұлбасын құру;
-автоматтандыру негізгі шешетін есептерін құру;
-орындаушы және мән беруші элементтерін таңдау қажет және сол таңдауды дәлелдеу;
-элементтердің электрлік сұлбасын және элементтердің көрсеткіштер кестесін құру;
-басқарудың алгоритмдік сұлбасын құру;
-программасын жазу керек;
2.Берілгені:
Мен таңертеңгі асты дайындайтвн автоматты қарастырамын. Бұл үшін сағат, тостер және кофедайындағыш (кофеварка) керек. Жұмыс істеу алгоритмі:
- сағат жетіні көрсеткенду тостер және кофедайындағыш қосылады;
- тостерде қосымша нан бөлінділері салатын резервуар бар; ....
Курстық жұмыстар
Толық

Азаматтық құқық | Талап өндірісінің түсінігі және маңызы

Кіріспе
Талап өндірісінің құқығы және әр түрлі ұғымдар. Талап өндірісі туралы айтылғанда еңбек өнімдерінің тиісті нысандарын иеленумен шарттастықтағы өндіріс құрал-жабдықтары мен өнімдеріне иелік жасау жөніндегі белгілі бір қоғамдық қатынастар туралы сөз болады.
Талап – қоғам өмірінің шарты. Талап өндірісінің сипатындағы экономикалық санат болса, ал меншік құқығы қондырмалық тәртіптегі ұғым болып табылады.
Талап өндірісі объективті және субъективті мағынада түсініледі. Объективті мағына бойынша талап құқығы өндіріс құрал-жабдықтары мен өнімдерін иелену, пайдалану және оларға билік ету қатынастарын дәйектейтін құқықтық нормалардың жиынтығы болып табылады. Талап өндірісіне субъективті мағынасында – белгілі бір адамның нақты мүлікке қатысты құқығы болып табылады. Талап өндірісінің иесіне мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқықтары тиеселі. Бұл құқықтар, дәлірек айтқанда, меншік иесінің құқық өкілеттілігінің яғни адамдағы талап өндірісінің мазмұнын құрайды. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Анатомия | Мыстың адам ағзасы үшін биологиялық маңызы

I.Кіріспе.
Бұрынғы кездерге қарағанда, қазіргі кезде мыстың адам ағзасы үшін биологиялық маңызына өте зор көңіл бөлінеді. Мыс – барлық тірі организмдер үшін орны толмас элемент болып табылады.
Мыс адамның барлық ағзалары мен тіндерінде кездеседі: бауырда, мида, жүректе, бүйректерде, бұлшықет және сүйек тіндерінде жиналады. Көбінесе ішектің жоғарғы бөлімдерінде сіңеді, мыс темірдің жұлынға ауысуына, тамақпен және сумен бірге түсетін органикалық емес темірдің органикалық байланысқан, қан түзуге қатысатын формаларға айналуына жағдай жасайды. Организмге күніне тамақпен бірге 2 – 5 мг мыс түседі. Ал күніне 200 мг –дан асып кетсе адамға улы әсер етеді. Ол ішекте сіңіріледі, бауырға түседі, онда бауыр синтездейтін церулоплазминмен байланысады, қан сарысуының айналымын реттейді, оны қажет ететін ағзаларда таңдамалы түрде ұсталып қалады, ал өтпен экскрецияланады. Мыстың аз ғана мөлшері қанда иондалған формада альбуминмен лабильді комплекс түрінде кездеседі және зәрмен бірге сыртқа бөлініп шығарылады. Организмге түскен мыстың 95 % – і асқазан – ішек жолдарында (ең жоғарғы көлемі асқазанда), содан кейін он екі елі ішекте, аш ішек және тоқ ішекте адсорбцияланады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Анатомия | Мыстың маңызы

I.Кіріспе.
Мыс адамның барлық ағзалары мен тіндерінде кездеседі: бауырда, мида, жүректе, бүйректерде, бұлшықет және сүйек тіндерінде жиналады.
Көбінесе ішектің жоғарғы бөлімдерінде сіңеді, мыс темірдің жұлынға ауысуына, тамақпен және сумен бірге түсетін органикалық емес темірдің органикалық байланысқан, қан түзуге қатысатын формаларға айналуына жағдай жасайды.
Организмге күніне тамақпен бірге 2 – 5 мг мыс түседі. Ал күніне 200 мг –дан асып кетсе адамға улы әсер етеді. Ол ішекте сіңіріледі, бауырға түседі, онда бауыр синтездейтін церулоплазминмен байланысады, қан сарысуының айналымын реттейді, оны қажет ететін ағзаларда таңдамалы түрде ұсталып қалады, ал өтпен экскрецияланады. Мыстың аз ғана мөлшері қанда иондалған формада альбуминмен лабильді комплекс түрінде кездеседі және зәрмен бірге сыртқа бөлініп шығарылады.
Организмге түскен мыстың 95 % – і асқазан – ішек жолдарында (ең жоғарғы көлемі асқазанда), содан кейін он екі елі ішекте, аш ішек және тоқ ішекте адсорбцияланады. Мыс маңызды элемент болып табылады, ол көптеген витаминдердің, гормондардың, ферменттердің, тыныс алу пигменттерінің құрамында болады, зат алмасу үрдісіне қатысады. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Азаматтық құқық | Мұрагерлік құқық ұғымы және оның маңызы

Кіріспе
Көлік Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің дамуына ықпал жасайды. Жүктер мен жолаушыларды тасымалдау шартарының қызметтік рөлі бұл маңызды міндеттерді тікелей өмірге енгізумен тұжырымдалады.
Біздің елімізде темір жол, теңіз, өзен, әуе, автомобиль және құбыр жолы тәрізді көлік түрлері бар.
Олардың әрқайсысындағы тасымалдың өзіндік ерекшелігі, сондай-ақ өзіндік құқықтық реттеу тетігі бар.
Көлік қызметіне байланысты қатынастар 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Қазақстан Республикасындағы көлік туралы Заңымен, сондай-ақ, басқа да нормативтік актілермен реттеледі.
Тасымал бойынша қатынастарды реттейтін маңызды нормативтік актілерге көліктің барлық ұйымдары үшін орындауға міндетті, бірақ тасымал қызметін пайдаланатын барлық кәсіпорындар, мекемелер және ұйымдар үшін міндетті емес Кодекстер мен Жарғылардың негізінде және дамуында көлік және коммуникация министрлігі шығарған ережелер, түсініктер жатады. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Медицина | Микробтың инфекциядағы маңызы

Кіріспе
Ауруға бейімділіктің түпкі негізінде әртүрлі молекулалар мен клеткалардың бірін-бірі биологиялық тануы жатыр. Инфекцияның ең алғашқы кезеңі ауру қоздырушының макроорганизмдегі тиісті ұлпаны тануына, содан кейін оған жабысып, мекен етуіне саяды. Микробтың белгілі бір ұлпада мекендеп, өсіп-өне бастауын колонизация, немесе отарлау деп те атайды. Биологиялық тану микробтың экзотоксинының (мысалы, ботулизм токсинының) сезімтал торшаларды табуы үшін маңызы аса зор. Макро және микроорганизмдер торшаларының бірін-бірі тануы олардың беткі макромолекулалық құрылымдары арқылы іске асады. Олар біріне-бірі сай, яғни өзара комплементарлы болулары қажет. Бұларды тану бірлігі (сайт узнаванмя) деп атайды. Олар лиганда - рецептор жүйесін құрайды (рецептор - қабылдаушы, ал лиганда - жалғаушы деген мағынада).
Бейімділікке қарама-қарсы жағдай, организмнің инфекция қоздырушысының зардапты әсеріне төтеп беретін мүмкіндігі төзімділік немесе табиғи резистенттілік деп аталады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Салық заңы | МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ ҚАЛЫПТАСУЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАЖ

І КІРІСПЕ
Нарықтық қатынастар жағдайында салық жүйесі экономиканы мемле- кеттік реттеудің негізгі қаржы-несие механизмі, ең маңызды реттеушілердің бірі болып табылады. Салық саясаты облысындағы негізгі бағыт - мемлекет пен салық төлеушілер арасындағы қатынастардың жаңа типін қалыптастыру басты негізде салық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі он жылдан астам уақыт бойы әрекет етуде және де осы уақытқа дейін қатаң сынаудың обьектісі болуын жалғастырып келеді. Еліміздің жеке салық қызметінің ұйымдасқан күніне бастағандығы он жыл ішінде біздің тәуелсіз мемлекетіміздің салық жүйесін қалыптастырып және оның, әрі қарай дамуына сәйкес біршама жұмыстар атқарылады.
Жалпы бұл курстық жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі мемлекеттік баждың мәнін ашу, оның бюджетке деген үлесін анықтау, қажеттілігін айқындау және оны жетілдіру жолдарын қарастыру. Осы мақсатқа сүйене отырып біз келесідей шаралар жиынын құрғанымыз жөн:
 салықтың маңызы мен мәнін ашу; ....
Курстық жұмыстар
Толық

Алланың сынағы.....

Аязды күн......
Жүректерді жылатқан биязы күн.
Қайғылы күн.......
Бес бүлдіршін өліп кеткен қараңғы түн.
Ақшаның жетегіне ерген ата анасы,
Қайғыдан қан жұтқан түн.
Бәрі кетті...
Өлеңдер
Толық