Өткен мен бүгіннің арасындағы терең тағылымды төл тарихымыз күннен-күнге толыға түсуде. Әсіресе, Отанымыздың бұрын көлеңкеде ысырылып қалған, елдігімізді айқындататын, сөйтіп, қоғамдық пікірді толыққанды қалыптастыратын тұстарымыз әлі көп. Қазақ жұртының еркіндігімен азаттығы үшін қаны мен жанын аямаған, есімдері аңызға айналған батырлардың ғажайып ерлігі барша қауымға жария етуде әзірге ол қылықтарымыз да жеткілікті. Әсіресе, кейінгі 5-6 жылда халқымызды терең ойға шомдырған бір құбылыс – еліміздің көне замандағы орнықтылығын, саяси дербестігін қорғау жолындағы азаттық күрес туралы пікір жаңғырығы қатты естіле бастады. Соның бірі – Аңырақай шайқасының тарихы. Бұл соғыс, ондағы алып қашпа пікірлер, кейбір жағдайда тіптен тарихи шындықты бұрмалаған жәйттер, түрлі сауалдар туғызатынын байқап жүрміз. Мәселенің анығына көз жеткізу бұрынғы және шаң басқан архив құжаттары негізіндегі жаңа мәліметтерді сыни көзбен қарап, сараптауды талап етеді. Аңырақай жеңісі бір ғана шайқастағы халық күресінің нәтижесі емес. Тарихтан белгілі, 1723-1727 жылдары «Ақтабан шұбырынды» оқиғасы ел тағдырындағы моңғол шапқыншылығынан кейін қайталанып көрмеген жантүршігерлік қасірет болса, екінші жағынан, бұл оқиға қазақ хандарының көзін ашты, батырларының тізесін қосты. Тек қана халықтың қорғаныс мүмкіндіктерін бір уысқа шоғырландыру ғана жойқын апаттан елді құтқаруға жол ашатынын байқатты. Қазақ халқын жоңғар шапқыншылығынан аман алып қалу мақсатында Ресей еліне Әбілхайырдың бас июін, орыс үкіметінің қамқорлығын қабылдаумен түсіндіретін ескі тұжырым тарихи шындықтан тым алшақ. ....
Ақша айналысы заңы – құн заңының айналыс аясындағы көрінісі. Ол тауар – ақша қатынастары болатын барлық қоғамдық формацияларға тән. Айналыстағы ақшаның саны К. Маркс ашқан ақша айналысы заңымен реттеледі. Тауар айналысына қызмет ету үшін қажетті ақша мөлшері екі факторға: біріншіден, бір кезеңде, айталық бір жылда сатылуға тиіс таурлар бағасының қосындысына, екіншіден ақша айналысының жылдамдығына байланысты өзгереді. Ақша айналысы заңы мына формуламен өрнектеледі: Ақша айналысы заңының мәні – ақшаның айналыс құралы қызметін орындауы үшінқажетті ақша мөлшері сатылуға тиіс тауарлар бағасының көбейтіндісінбір аттас ақша өлшемінің айналым санына ( айналым жылдамдығына ) бөлгенге теңесуі керек. Ақша тек айналыс құралы ғана емес, сонымен бірге төлем құралы қызметін де атқаратындықтан айналысқа сомасына байланысты азаяды. Қарыз міндеттемелерінің бірсыпырасы қолма – қол ақшасыз есеп айырысқандаөтеледі, яғни олар қарыз талаптары мен міндеттемелерін өзара есептеу жолымен де өтеледі. Сөйтіп, несиенің даму дәрежесі ақша мөлшеріне кері әсерін тигізеді: тауардың неғұрлым көп бөлігі несиеге сатылса, айналысқа соғұрлым аз ақша мөлшері қажет. Одан басқа, айналыстан шығарылған әлдеқандай ақша мөлшері шаруашылықтың және халықтың тұрақты ақша қорын құрайды. Экономикада сатылған тауарлар бағасынан айналыста әлдеқайда кем ақша жиыны жүруінің себебі төлемеушілік проблемасының болуынан. Ол кезде Ү мөлшері теріс сан болады. Бірақ бұл Қазақстанда және басқа да директивалы экономика үлгісінен нарықтық үлгіге өтуші мемлекеттерде кездесіп отырған кәсіпорындар арасындағы төлемеушілік көптеген себептері бар: төлем тәртібінің босаңдығы,төлемеушіліктің тізбегінде әлеуетті күйреушілердің болуы, күйреушіліктің тиімді тәжірибесінің болмауы, жеке меншіктендіру үрдісінің аяқталмауы, төлем құралдарының дамымауы және т.б. Сөйтіп,айналысқа қажетті ақша мөлшері өндірістің даму жағдайларына әсер ететін көптеген факторларға: айналыстағы тауар мөлшеріне, тауарлар мен қызмет бағасының деңгейіне және т.б. байланысты өзгереді. Айналысқа қажетті ақша мөлшері ақша айналысының жылдамдығына кері пропорционалды өзгереді. ....
Ғарыш техникасының күнбе-күнгі дамып келуі, адамдарды бірнеше он жылдықтан кейін айды толық игеруге мүмкіндік береді. Алдымен ғарыш кемелері мен станциялары едәуір үлкен геостационарлы орбиталарға айналады да, одан соң ай маңындағы кеңістікке алмасады. Геостационарлыорбита дегеніміз - бұл Жерден шамамен 35800 км биіктіктегі шеңберлер экваторлы орбита. Әрине адамдарға Ай не үшін қажет, одан қандай пайда түседі деген сұрақтар тууы мүмкін. Адамдардың соңғы жылдардағы шаруашылық әрекеттерінде басты мақсаттардың бірі болып отыр. Бұның бәрі энергия көзінің, пайдалы қазбалардың, таза және тұщы судың жетіспеушілігінен шығып отыр. Біздің планетамызда жоқ заттардың орнын алмастыру қажет. Сол себепті адамдар Айға көз жүгіртеді. Бұл біздің ғарыш кеңістігіндегі көршіміз. Айдың жерге жақындығы және жаңа ғарыш техникасына қолайлы болуы оны жердегі проблемаларды шешуге пайдалануға әкеліп соғады. Ай ресурстарын мақсатқа сәйкес қолдану деген кезде, тек қана пайдалы қазбаларды іздеп, оларды өңдеу емес, табиғи серігімізді қажетті потенциалды ресурстарды ғарыш саласының дамуына сай қолдану. Қазіргі заманғы жоғары дәрежелі өнеркәсіптің өркендетілуі жылма жыл бізді дүние жүзілік экологиялық апатқа әкелуде. Ай бізге қалай көмектеспек, егер онда ауа да, су да болмаса? Әрине, Айдан ешкім су мен ауа әкелейін деп жатқан жоқ. Бірақ та жердегі индустрияны, әсіресе зиянды реактивті және химиялық өндіріс орындарын Айға апаруға болады. Үлкен бұл жұмысты жүзеге асыру үшін қиын да, ауыр жолдардан өту қажет, міне, осы жолдың бастамасын ХХІ ғасырдың 1 жартысында қалау керек. Айға қоныстандырудан бұрын, алдымен тұрғындарды қалай оттегімен және сумен қамтамасыз етуді ойлау қажет. Сонымен бірге тіршілікке қажетті заттарды жергілікті орында қайдан алуға болатынын қарастыру керек. Жерден бәрін тасу мүмкін емес қой! Айдағы негізгі жыныс құрайтын минерадарда орташа алғанда 40% оттегі бар. Бұл минералдар пироксен, плагиоклаз, ильменит болып табылады. Осыларды оттегіні өндіруде қолдану қажет. Ай топырағынан оттегі ал технологиясы жердегі зертханаларда пайдаланылған. АҚШ-та Ай бетінде оттегіні өндіру өнеркәсібіне автоматтандырылған завод жобасы жасалған. Бұл заводтың өндіргіштігі - -жылына 1000т дейін оттегіні құрайды. Негізгі тапсырмалардың бірі – бұл суды алу және қорландыру болып табылады. Ай бетінде жоғарғы мұз жамылғылары ретінде көп су құрамының болуы мүмкін жағдай. Соңғы ашылған «Ай күмбезі» деп аталатын аймақ түгелімен мұз басқан ай бетінің шыңдары. Олардың гидролакколит деп те атайды. Айдағы мол су қорлары мүмкін осылар шығар. Негізінде күн желінің ағына мен галактикалық ғарыштық сәулелер гелиймен араласқан таза сутегін құрайды. Есептеулер нәтижесінде 1млрд жылда 1 см² ай бетіне корпускулярлы сәулелену түрінде 10г сутегіден түсу керек екендігі анықталды. Ай реголиті губка тәрізді суды өзіне сіңіріп алады. Ай пайда болғаннан бері оның бетіндегі реголиттің 1м³-де 1 литр су жинақталған. ....
Қазақтың ұлттық Ренессансының басы Абай Құнанбаев, оны дамытқан әрі қалыптастырған ХХ ғасыр басындағы Алаш қайраткерлері дейтін болсақ [1,5], оның пайда болу процесіне ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында ғұмыр кешкен кемел ақын Дулат Бабатайұлы бастаған «Зар заман» дәуірі әдебиеті өкілдерінің әсері бар екенін жоққа шығара алмаймыз. Дулат ақынның Абайға дейінгі поэзияда көркем ойлау жүйесінің жаңаша үлгісін тудырып, ұлттың әлеуметтік үнін, халқының азаттығын жырлауда замандастарынан даралық танытқаны туралы Қ.Жұмалиев, Х.Сүйіншәлиев, Р.Сыздықова, Қ.Өмірәлиев т.б. сияқты көрнекті әдебиет зерттеушілері Кеңестік идеологияның екпіні басылмай тұрған кездің өзінде толымды пікірлерін жазды. Өткен заманның озығынан үйреніп, тозығынан жиренген, тарихтың тұнығынан қанып ішкен талғампаз Алаш қайраткерлері Семей жеріне туларын тіге отырып, сол өлкеде ұлы Абайдың алдындағы бүтіндей бір әдеби дәстүрдің бастауы болған, азаттықты аңсаған саф алтындай бағалы жырлар тудырған Дулат Бабатайұлының шығармашылығын мүлде білген жоқ десек қателескен болар едік. Оның кестелі көркем жырлары сол кезеңдегі азаттықты аңсаған көзі ашық зиялы қауымның айнымас темірқазығы болғандығы анық. Пікіріміздің дәлелі ретінде Дулат ақынның шығармашылығындағы идеялық жаңалықтар мен көркемдік ерекшеліктер турасында азырақ сөз қозғамақпыз. Дулат ақын шығармашылығы біз «Зар заман әдебиеті» деп бөліп қарастырып жүрген әдеби ағымның көш басында тұр. Ол жасы жағынан да, әдебиетке келуі жағынан да осы ағымның өкілдері Шортанбай Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы, Әбубәкір Кердері, Албан Асан, Нарманбет Орманбетұлы сияқты марғасқалардың алдында болып есептеледі. Сондықтан оны ең бірінші ХІХ ғасырдағы қазақ қоғамын өз билігінен айырған Ресей патшалығының отарлаушыларына қарсы, қазақ даласындағы әлі де болса дербес хандық биліктің жойылуына қарсы алғаш үн көтерген, патша билеушілерінің шылауындағы аға сұлтан, ұлықтарды оңдырмай сынаған, сол дәстүрді қалыптастырушы жаңашыл ақын ретінде тануымыз қажет. Әдебиеттегі дәстүрдің қалыптасуының бір парасы мазмұн мен пішінге байланысты. Кейде дәстүрді өлеңнің сыртқы пішініне сәйкестендіріп жалғастыратындар болса, көбіне ішкі мазмұнға байланысты да дәстүр жалғастығы жаңғырып жатады. Ал екеуі бірдей тонның ішкі бауындай үйлессе онда әдебиетте жаңа бір арна пайда болады. ХІХ ғасырдағы қазақ поэзиясының ішкі мазмұнына алғаш реформа жасаушылардың бірі ретінде Дулат ақынның қазақ поэзиясына енгізген жаңалығы зерттеушілер тарапынан биік бағасын алып үлгерді. ....
Білім беру саласы: Қатынас Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Тіл дамыту Тақырыбы: «Туған тілім - ардағым, туған жерім - шаңырағым» Мақсаты: Балалардың тілін дамыту; зейінін тұрақтандыру; ойлау қабілетін дамыту; сөздік қорын байыту; байланыстыра сөйлеуін дамыту; Білімділігі: Қазақстан Республикасы туралы түсініктерін кеңейту, Отанын, туған жері туралы білу, құрметтеу Тәрбиелік: Тілін, дінін, елін, жерін, Отанын сүюге, құрметтеуге баулу Көрнекілігі: Оқу іс - әрекетінің презентациясы, мақал - мәтелдер топ ішіндегі «Астанаға саяхат», Бәйтерек, Қазақстан Республикасының рәміздері ту, елтаңба, гимні, Қазақстан картасы,, Алтын адам, т. б. Әдіс - тәсілдері: Көрсету, түсіндіру, сұрақ - жауап, саяхат, ойындар .....
Шағын орталық тобында ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы Тақырыбы: Таң, күн, кеш, түн Білім беру саласы: Таным Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: ҚМҰҚ Мақсаты: Тәулік бөліктеріне түсінік беру. 2 - 3 сандарын салыстыру, теңдік – теңсіздік таныс заттарды пішіні бойынша салыстыруды үйрету. (үлкен, азырақ, аз) Геометриялық пішіндер туралы (текше, шар, үшбұрыш) білімдерін бекіту.
Дәлелдеу - ояту Ұйымдастыру бөлімі Шаттық шеңбері жасалды Өткен сабақта Өзіне қатысты кеңістікте жаттығу. Қазір қыстың нешінші айы?.....
Жүргізуші: (жүргізушінің дауысы тыс жерден шығады) Тезірек, тездетіп мұнда жиналыңдар, Басталады Жаңажылдық карнавал, Маска да бар, би де бар, асығыңдар, Шырша жанында қонақтарды қарсы алыңдар. Аязата шақырғанның бірі дағы қалмайды, Басталады, басталады, жаңажылдық карнавал! Карнавалдың иелерін қарсы алайық! (Балалар билеп залға шығады)
Жүргізуші: Армысыздар, аяулы ұстаздар, ата - аналар! Сәлеметсіздер ме, балалар. Сендер бүгін, сәнді киініп, әдемі болып кетіпсіңдер. Мына жерде Джунглидің барлық аңдары, сүйікті ертегілеріміздің кейіпкерлері де жетіпті. Ал, бүгін балалар, қандай мереке? Балалар: Жаңа жыл! .....
Алтай мен Атыраудың арасындағы ұлан-ғайыр алқап- көшпенді қазақ жұртының бағзыдан бергі ірге тепкен ата қоныс, алтын бесігі. Ұшқан құстың қанаты талатын осынау кең даланы біздің ата-бабамыз ғасырлар бойы ақ білектің күші, ақ найзаның ұшымен қорғап келді. Бәрінен бұрын жан- жағын жолбарыстай жайпаған Жонғар шапқыншылығы қазақ елі үшін үлкен нәубет болды. XV-XVII ғасырларда қазақ хандығы бірде өсіп- өркендеп, тұрақтылығы бекіп, берік болса, бірде бірлігі бұзылып, босаң тартқан, кейде жеке-жеке хандықтар болып ыдырап кеткен кездері болды. Көрші елдермен негізінен бейбіт қарым-қатынастар, шаруашылық және мәдени байланыстар жүргізіп отырды. Олармен кейде шағын шайқастар, шұбалаңқы соғыстар болып тұратын. Бұл жорықтар негізінен пайда табу, тонау, соның арқасында баю үшін жүргізілген тонаушылық шапқыншылықтар еді. Марқайып, мерей толтырарлық жеңістер де, көңіл күйзертерлік ащы жеңілістер де болатын. Солардың ішінде ең ауыры да, ең ұзағы да қалмақтармен соғыс еді. Орыс тарихшысы- шығыстанушы В.В. Вельяминов-Зерновтың жазуына қарағанда қазақ-ойрат қарым-қатынастары XVI ғасырдың бірінші ширегіне дейін бейбіт түрде болса керек. Осы ғасырдың 30 жылдарынан жағдай өзгеріп, күрес басталған. XVI ғасырдың аяғында, XVII ғасырдың бас кезінде, әсіресе Есімханнның ел билеуі (1598-1628) кезінде Қазақ хандығы біршама күшті еді. Ол бытыраңқы ойрат тайпаларымен салыстырғанда басым түсетін. Есімхан билік құрған жылдарда ойраттардың бір бөлігі Жәңгір сұлтанға тәуелді болды. XVII ғасырдың екінші жартысында күштердің ара салмағы өзгеріп, жоңғар тайпалары басымдық ала бастайды. 1635 жылы бытыраңқы ойрат тайпалары қосылып, бірыңғай жауынгерлік - әскери сипаттағы Жоңғар мемлекетін құрды. Қазақтар сияқты, ойраттар да көшпелі, мал шаруашылығымен айналысты. ....
Балалар әуенмен ішке кіреді Тәрбиеші: Қандай жақсы шыршамыз, Ән шырқайық, баршамыз. Тақпақ айтып, би билеп, Жаңа жылды бастайық
Құрметті бүлдіршіндер, ата - аналар, ұстаздар. Көптен күткен қуанышты мереке жаңа жыл келе жатыр. Келе жатқан жаңа жыл құтты болсын. Барлығымызға бақыт, береке, көп қуаныштар, жақсылықтар әкелсін! Жәнеде осы жаңа жылға арналған бүгінгі ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз. Біздің бүлдіршіндеріміздің жаңа жылға шашуы ретінде «Кукарелла» биін билеп береді. .....