Қиял-ғажайып ертегі: Жақсылық пен Жамандық жолдас болған

Бұрынғы заманда жақсылық пен жамандық жолдас болып жүріпті. Екеуінің де ат, тоны, азығы болыпты. Eкeyi жақсылықтың азығын жеп жүріпті. Жеп жүргенде жақсылықтың азығы таусылыпты. Жамандық айтыпты: «Жақсылығым, азығың таусылды, енді қайтесің?»—депті. «Жамандығым, өзің біл!»—депті. «Өзім білсем, атыңды сойайық»,—депті. Жақсылықтың атын сойыпты, Жақсылықтың атының етін eкeyi жеп жүріпті, азық тағы таусылыпты. «Жақсылығым, енді қайтесің, атыңның eтi таусылды»,—депті «Жамандығым, әлі де болса өзіңіз біліңіз»,—депті. «Өзім білсем, жақсылығым бip құлағыңды кeciп, пicipiп, өзіңе берейін жеймісің?». «Жeймiн, жамандығым»,—депті. Бip құлағын кесті, бip күнге азық болды. Жамандық айтты: «Бip құлағыңды бip күнге тағы да асып берейін»,—депті. «Тағы да азық таусылды, жақсылығым, енді қайтейін»,—депті. «Әлі де болса, жамандығым, өзің біл»,—депті. «Жақсылығым, өзім білсем, бip көзіңді ойып бip күнге азық қылып берейін»,—депті. Бip көзін тағы да ойып бip күнге азық қылып берді.

Жақсылықтың ат, тоны, азығы, құлағы, көзі бiттi. Жамандық жақсылықтың азығын бipгe жеп түгесті. Жақсылықтың азығы таусылған соң, жамандық азығын бермеді. «Жақсылығым,—деді атыңды сойып жедік,—деді, екі көзіңді ойып, құлағыңды кeciп, төрт күн азық бepдiм,—деді. Жақсылығым, енді қайтесің? Енді құлағың жоқ, көзің жоқ, Жақсылық, ceнi тастап кетемін»,—деді. «Жамандығым, дeдi тастап кетсең бip қалың қара тоғайдың iшiнe таста»,—деді. Жамандық қалың қара тоғайдың iшiнe Жақсылықты әкпеліп тастап кетті.....
Ертегілер
Толық

Қиял-ғажайып ертегі: Түсін іздеген жігіт

Бұрынғы өткен заманда бір бай болыпты, төрт түлік малы сай болыпты. Байдың қойын бағатын қойшылары да көп екен. Сол көп қойшының ішінде ақылды бір қойшы болыпты. Күндіз кешке шейін қойын жайып шаршап келіп жатқан әлгі қойшы жігіт түнде түс көріпті. Түсінде бір омырауында күн, бір омырауында ай көріпті. Ертеңінде тұрған соң түнде көрген түсіне ғажайыптаныпты. Сол маңдағылар жори алмаған соң, түсін жорыту үшін сапарға аттаныпты. Күн жүріпті, ай жүріпті. Түстің жоруын ешкім таппапты. Жүріп отырып күндердің бірінде бір қалаға кез болыпты. Түн ішінде қонуға үй іздеп келе жатса, бір үйдің жанында бір жігіт киім-кешектерін бөктеріп жүруге әзірленіп жатыр екен. «Бұл не қылған жан екен түн ішінде бүлінген» деп қасына барса, қыз екен.

—Келдің бе?—деп сұрапты әлгі қыз.

—Келдім,—депті ойында еш нәрсе жоқ жігіт.

—Онда жүрелік,—депті қыз.

«Бұл мені қайда апарар екен, байқап көрейін» деп ойлапты да:

—Болады,—депті. Екеуі жүріп кетіпті.....
Ертегілер
Толық

Қиял-ғажайып ертегі: Ахметжан

Баяғыда Тоқсанбай деген атқан оғы жерге түспейтін бір мерген болыпты. Оның жасынан бергі кәсібі аңшылық екен. Жұрт оны мерген деп есептесе де, ол өзін шын мерген екендігіне сенбейді екен. Тоқсанбай жетпіс жастан асқанда аңшылықты шорт тоқтатыпты. Мылтығы жиырма жыл ілулі тұрыпты. Тоқсанбай тоқсанға келгенде өзінің мергендігін сынамақ болып, мылтығын сүртіп тазалап, атына мініп, аңға шығыпты. «Егер атқан оғым әлі тиетін болса, онда оғым жерге түспейтін болғаным, үйткені әзір қарауылды көретін көз де қалмады. Әдеттегі мерген болсам, бұл жолы оғым тимейді» деп ойлайды.

Иенде жалғыз келе жатқан Тоқсанбай жайылып тұрған бір маралдың үстінен түседі де, абың-күбің мылтығын серт ұстап, маралды атып қалады. Марал оқпен бірге түседі. Тоқсанбай жантаңдай жүгіре басып маралды бауыздап алады. Жас кезіндегі әдеті бойынша, маралдың ішін де жармастан төсінен іреп жіберіп, төстігін сыпырып алып, қақтайды.

Тоқсанбай төстіктің қанды сары суы әлі әбден тарап болмаған жерінен бір кесіп аузына сала бергенде, әлгі бір жапырақ ет жерге түсіп кетіпті. Тоқсанбай «бісімила» деп етті қайта ала бергенде, ет ыршып барып, кесіп алған орнына жабыса қалыпты. Онымен қоймай марал тұра салып, қаша жөнеліпті. Мұны көрген Тоқсанбай өз көзіне өзі сенбей, аң-таң болыпты....
Ертегілер
Толық

Органикалық заттар: көмірсу, май, нәруыз (Биология, 7 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Су және органикалық заттар
Сабақ тақырыбы: Органикалық заттар көмірсу май нәруыз
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: Оқушылар орындай алады:
Органикалық заттар түрлерімен танысу
Тағам құрамындағы нәруыз, май, көмірсулардың бар екендігін анықтап, дәлелдеу
Сабақ мақсаттары: • Азық-түлік құрамында кездесетін органикалық заттар түрлерін анықтайды.
• Азық-түлік құрамындағы органикалық заттардың болуын анықтайтын тәжірибелер орындайды.
• Оқушылар жасалған тәжірибе негізінде нәтижені берілген нұсқаулық картаға толтырып, қорытынды жасайды. ....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Дихотомиялық кілттерді пайдалану (Биология, 7 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тірі ағзалардың көп түрлілігі
Сабақ тақырыбы: Дихотомиялық кілттерді пайдалану
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 7.1.1.4 Белгілі бір ағзаларға дихотомиялық кілттерді пайдалану.
Сабақ мақсаттары: Оқушылар:
Ағзалардың ерекшеліктерін дихотомиялық кілтті пайдаланып, сиаттайды.
Дихотомиялық кілт көмегімен ағзаларды анқықтайды.....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Азық- түлік өнімдеріндегі органикалық заттар: нәруыздар, майлар, көмірсулар. (Биология, 7 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Су мен органикалық заттар
Сабақ тақырыбы: Азық- түлік өнімдеріндегі органикалық заттар: нәруыздар, майлар, көмірсулар.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): оқушылар: азық- түлік өнімдерінің құрамында көмірсулар, нәруыздар және майлардың бар-жоғын дәлелдейді
Сабақ мақсаттары: азық-түлік өнімдерінің құрамында органикалық заттардың бар-жоғын тестілеу....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Аса қорғалатын аймақтар (Биология, 7 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тірі ағзаларды жүйелеу Адам іс-әрекетінің қоршаған ортаға әсері
Сабақ тақырыбы: Аса қорғалатын аймақтар
Осы сабақ арқылы жететін оқыту мақсаттары: 7.3.2.3 Қазақстан жерінде аса қорғалатын аймақтардың флорасы мен фаунасын сипаттау
7.3.2.4 Жергілікті өңірдегі аса қорғалатын аймақтын жануарлары мен өсімдіктеріне мысал келтіру
Сабақтың мақсаты: Барлық оқушылар Қазақстан жеріндегі аса қорғалатын аймақтарды біледі;
Оқушылардың көбі жергілікті өңірдің аса қорғалатын аймағына, және оның жануарлары мен өсімдіктеріне мысал келтіреді;
Кейбір оқушылар аса қорғалатын аймақтардың қоршаған ортаға әсері туралы қорытынды жасай ала, биологиялық алуан түрлілікті сақтап қалу үшін ұсыныстар айтады;....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Ағзаның өмірлік іс-әрекеті үшін микро және макроэлементтерінің маңызы. Өсімдіктерде микроэлементтер жетіспеушілігі. Органикалық және минералды тыңайтқыштар (азотты, калий и фосфорлы). (Биология, 7 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тірі ағзаларды жүйелеу
Сабақ тақырыбы: Ағзаның өмірлік іс-әрекеті үшін микро- және макроэлементтерінің маңызы. Өсімдіктерде микроэлементтер жетіспеушілігі.
Органикалық және минералды тыңайтқыштар (азотты, калий и фосфорлы).
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): -макро- және микроэлементтерді ажырату;
- тірі ағзаларда макро- және микроэлементтердің пайдалану мысалдарын келтіру;
- өсімдіктердің минералды қоректенудің маңызын түсіну.
Сабақ мақсаттары: Оқушылар:
- өсімдіктердің минералды қоректенудің маңызын сипаттайды........
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық