Факторингтік операциялары

Қазіргі таңда банктік операциялар және қызметтер күннен күнге артуда. Олардың ішінде көп тараған түрлері несиелік операциялар мен депозиттік операцияларды жатқызуға болады. Сонымен қатар, банктің жаңа операциялары да кең өріс алуда. Олардың ішінде форфейтингтік және факторингтік операциялар жатады. Бірақ бұл операциялар Қазақстанда өте дамымаған. Негізінен, Факторинг – банктің тауарлар жеткізуден және қызмет көрсетуден, берілген несиені қайтаруды талап ету құқығын қоса алғанда басқа шарттардан туындайтын төлем талаптарын сатып алуы.
Курстық жұмыстың мақсаты, яғни факторингтік операциялардың Қазақстанда қолдануын талдау. Осы мәселені алға қойып, талқылау.
Курстық жұмыстың тақырыбы, яғни екінші деңгейлі банктердің жаңа дамып келе жатқан операциясы факторингтік операцияларды қарастырып, оның түрлеріне тоқталып кету, факторингтік операциялардың Қазақстанда қолдануын көздедім.
Осы мәселелерді алға қойып, факторингтік операцияларға жалпы тоқталып кеттім..
Қазақстандағы банктік қызмет аясын реттеуге бағытталған заңдардың жүзеге асу процессі өтпелі нарықтық кезеңдегі күрделі экономикалық реформалар мен ұзаққа созылатын мемлекеттік бағдарламалар ауқымында жүзеге асырылуда. Сонымен қатар банктік қызмет аясын реттеуге бағытталған заңдардың тек осы саланы ғана емес, сонымен қатар мемлекеттің қаржы, валюта, ақша-несие, жалпы экономиканың кез-келген саласына қатысты болатындығын естен шығармаған дұрыс.
Аталған заңның 30-бабына сәйкес банктік операцияларға мыналар жатады:
— заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және жүргізу;
— жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және жүргізу;
— банктердің және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспондентік шоттарын ашу және жүргізу;
— заңды және жеке тұлғалардың металдық шоттарын ашу және жүргізу;
— кассалық операциялар: банкнота мен монетаны қабылдау, беру, қайта санау, айырбастау,ұсату, сорттау, қаптау және сақтау;
— аударым операциялары: заңды және жеке тұлғалардың ақшаны аударумен байланысты тапсырмаларын орындау;
— есепке алу операциялары: заңды және жеке тұлғалардың вексельдерін және өзге борыштық міндеттемелерін есепке алу (дисконт);
— заемдық операциялар: ақы төлеу, мерзімін белгілеу және қайтару шартымен ақшалай формада несиелер беру;
— заңды және жеке тұлғалардың, оның ішінде корреспондент-банктердің тапсырмаларына байланысты, олардың банктік шоттары бойынша есеп айырысу операцияларын жүргізу;
—сенім (траст) операциялары: сенім білдірушінің тапсырмасы бойынша және оның мүддесіне сай ақшасын, құйма бағалы металын және бағалы қағаздарын басқару;
— клирингтік операциялар: төлемдерді жинау, тексеру және растау, сондай-ақ олар бойынша өзара есепке алу операцияларын жүргізу және клирингке қатысушылардың таза позициясын анықтау;
— сейфтік операциялар: клиенттердің құжатты формада шығарылған бағалы қағаздарын, құжаттарын және бағалы заттарды сақтау қызметін көрсету, сондай-ақ жәшіктерді, шкафтарды және бәлмелерді жалға беру;
— ломбардтың операциялар: тез іске асатын бағалы қағаздар мен жылжитын мүліктерді кепілге алып, қысқа мерзімді несиелер беру;
— төлем карточкаларын шығару;
— банкнота мен монеталарды және бағалы заттарды инкассациялау және жөнелту;
— шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру;
— төлем құжаттарын инкассоға қабылдау (вексельден басқаларын);
— чек кітапшаларын шығару;
— бағалы қағаздар нарығындағы клирингтік қызмет;
— аккредитивті ашу, растау және ол бойынша міндеттемені орындау;
— ақшалай формада орымдалуды көздейтін банктік кепілзаттарды беру;
— үшінші тұлғаның атынан ақшалай формада орындалуды көздейтін банктік кепілдеме беру.....
Рефераттар
Толық