Гүлмария Тұрысбекқызы | М.Дулатовтың Оян қазақ өлеңі мен А Байтұрсыновтың Маса өлеңіндегі идея үндестігі


XX ғасыр басындағы қазақ халқының азаттық күресінің басында тұрған Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов тәрізді айбынды Алаш азаматтарының еліміздің жарқын болашағы үшін аянбай еңбек еткені баршаға мәлім. Аталған ұлт зиялылары саяси қызметтерімен ғана емес, сондай-ақ өздерінің өлең-жырлары арқылы да қалың елді жайлаған қараңғылық бұлтын сейілтуге бар күштерін сала білді. Бұған М.Дулатовтың «Оян, қазақ!» өлеңі мен А.Байтұрсыновтың «Маса» өлеңдері арқылы көз жеткізе аламыз.
Бұл екі шығарма авторының да негізгі айтар ойы- ұйқыдағы халықты оятып, оларды жаңаша өмірге, еркіндікке, елдікке баулу . М.Дулатов «Оян, қазақ!» өлеңінде:
«Көзіңді аш, оян қазақ, көтер басты,
Өткізбей қараңғыда бекер жасты.
Жер кетті, дін нашарлап, хал арам боп,
Қарағым, енді жату жарамас-ты.»,-деп, қазағының ешбір ойсыз, харекетсіз «қалғып» жүргенін, сөйтіп бәрінен құр қалғандығын ашына жырлайды. Өмірді босқа өткізбей, өзге елдер тәрізді жарыққа ұмтылуға шақырады.
Осы сынды А.Байтұрсынов өзінің «Маса» өлеңінде:
«Үстінде ұйықтағанның айнала ұшып,
Қаққы жеп қанаттары бұзылғанша.
Ұйқысын аз да болса бөлмес пе екен,
Қ .....
Әңгімелер
Толық

Тұрсынханның үш ұлы

Баяғы заманда Тұрсынхан деген кісінің үш баласы бар екен. Үшеуі де өнерпаз, шешендігімен «Тұрсынханның үш шешені» атаныпты. Тұрсынханның есігінің алдында екпе бәйтерегі бар екен. Сол бәйтеректің ішін ойып, ат басындай алтын тығып қояды. Оны өзінен басқа ешкім білмейді.

Тұрсынхан өлер алдында балаларын шақырып алып:

— Балаларым, енді мен өлемін, сендерге айтатыным, есік алдындағы бәйтеректің түбіне ат басындай алтын тықтым. Сол алтынды қашан қолдарыңнан мал кеткенде, әбден ішерге тамақ, киерге киім, мінерге......
Ертегілер
Толық

Қазақ әдебиеті | Тұрсын Әбдуәлиев

Тұрсын Әбдуәлиев(1.9.1939 жылы туылған, Алматы облысы, Көксу ауданы, Мұсабек ауылы) — белгілі қаламгер, Қазақстан Жазушылар одағы ның мүшесі (1996). Еңбек жолын Айнабұлақ темір жол станциясында жұмысшы болып бастаған. 1972 жылы Свердлов мемлекеттік педагогикалық институтын, 1984 жылы Мәскеудегі Қоғамдық ғылыми академиясын бітірген. 1963 жылдан аудандық [1], облыстық газеттерде тілші. 1972-82 жылдары Талдықорған облыстық партия комитетінде нұсқаушы, облыстық теле­радио .....
Рефераттар
Толық

Қазақ әдебиеті | Тұрсынхан Әбдірахманова

Тұрсынхан Әбдірахманова — белгілі қазақ ақыны, филология ғылымдарының докторы (1981), Қазақстанның халық жазушысы (1984). [1]Тұрсынхан Әбдірахманова 1921 жылы Семей облысы, Жарма ауданы, Бөке кеніш поселкесінде дүниеге келген. Аягөз педучилищесінде оқыған, Қазақстан КП ОК жанындағы партия мектебін және 1959 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. Мұғалім, мектеп директоры болып істеген, партия және комсомол қызметтерінде, «Қазақстан әйелдері» журналында бөлім меңгерушісі болған. 1969-86 жылдары Қазақстан Ғылымдар академиясының М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында аға ғылыми қызметкер болып еңбек еткен.[2][3]
Мазмұны
1 Тағы қараңыз
2 Шығармаларының жинақтары
3 Сыртқы сілтемелер
4 Пайдаланылған әдебиеттер
5 Дереккөздер
Тағы қараңыз

5 қарашада Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданына қарасты "Бөке" деген кеніште туған.Ұлы Отан соғысы жылдарында мұғалім, мектеп директоры, Абай, Аягөз аудандық комсомол комитеттерінде бірінші хатшы, Шар аудандық партия комитетінде бөлім меңгерушісі, 1947-1949 жж. Алматы жоғары партия мектебінде тыңдаушы, бұдан соң Алматы қаласында Совет аудандық партия комитетінде нұсқаушы, 1950-1954 жж. "Қазақстан әйелдері" журналының бөлім меңгерушісі, 1954-1956 жж. ҚазМУ-де студент, .....
Рефераттар
Толық

Қазақ әдебиеті | ТҰРСЫНБАЙ, Балта Керей

ТҰРСЫНБАЙ, Балта Керей[1] (1707, Есіл өзен бойы – 1800, қазіргі Ресейдің Челябинск облысы Итиль ауданы) – батыр. Орта жүз батыры Ертісбайдың отбасында дүниеге келген. Тұрсынбайдың атасы Атық 17 ғасырда батыр әрі әулие атанған. Тұрсынбай 9 жасында ата-анасынан айрылып, жетім қалғанына қарамастан отбасы шаңырағын күйзелтпей, інілері Есілбай мен Толыбайға қамқорлық көрсеткен. Өзі Түркістан түбіндегі "Қарнақ” .....
Рефераттар
Толық

Алмат Тұрсынов

Алмат Тұрсынов - «Қарасу» АӨК» ЖШС бас директоры.

Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін Алмат Жанәбілұлы Қарасу ауданындағы туған ауылына оралып, ауыл шаруашылығын дамытумен айналысты. Оның құрған «Қарасу» компаниясы 1999 жылы Қостанай облысында бірінші болып егістікті өңдеуге химиялық буды қолдана бастады, бұл жердің ластануын 60% дейін қысқартып, арамшөп өсімдіктерінен топырақты тазартып, жарамсыз жерлерді пайдалануға мүмкіндік береді.

Бүгінде Қостанай облысындағы ірі ауыл шаруашылығы тауарларын өндіруші болып табылатын «Қарасу» серіктестігі ай сайын Астана нарығына өз өндірісінің ірі қара мал етінің 100 тоннадан астамын жеткізеді. Болашақта компания астанада ірі қара мал еті, жартылай ет фабрикаттары мен шұжық өнімдері сияқты – өз өнімдерін өткізетін фирмалық нүктелерін құруға ниетті. ....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Бір-бірінің көйлегін алмастырып киетін жұлдыздар кімдер?

Бүгінде ел алдында жүрген қыз-келіншектер әр көйлегінің, тіпті әр сәнді бұйымының ешкімге ұқсамайтын, қайталанбайтын, ерекше болғанын қалайды. Дегенмен, кей жағдайда олардың бірдей көйлек киіп қалатын кездері де болады. Мәселен, отандық дизайнерден эксклюзивті көйлекке тапсырыс берген Аиша дәл сондай көйлекті Гүлнұр Оразымбетованың үстінен көріп, таң-тамаша болған еді.
Жаңалықтар
Толық