ХІХ ғасырдың жарқын жұлдыздары – Шоқан, Ыбырай, Абай салған ағартушылық – демократтық бағытты ілгері жалғастырушы, жаңа буынның төл басы, дарынды ақын, ірі ғалым, әрі журналист Ахмет Байтұрсынов 1873 жылы 28 қаңтарда бұрынғы Торғай облысы, Жангелдин ауданы, Сарытүбек деген жерде дүниеге келген. Әкесі Байтұрсын Шошақұлы еліне беделді , намысқор, қайрат иесі болған. Өз тұсындағы әділетсіз ел билеушілердің зорлығына қарсы тұрған. Ел-жұртына қиянат жасаған Торғай уезі Яковлевті соққыға жыққан. Ақыры, іс насырға шауып, Байтұрсын інісі Ақтаспен Сібірге 15-жылға жер аударылады. Бұл оқиға 13 жасар, Ахметтің жүрегіне үлкен жара салған. Ауыл молдасынан хат таныған Ахмет 1886-1891 жылдары Торғай қаласындағы екі сыныптық мектепте, 1891-1895 жылдары Орынбордағы мұғалімдер даярлайтын мектепте оқиды. Одан әрі оқуды жалғастыруға мүмкіндігі болмайды, өздігінен оқып, білімін жетілдіреді. 1895-1909 жылдар арасында Ахмет Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездеріндегі ауылдық, болыстық және екі сыныптық училищеде бала оқытады. Осы кезде қазақ жеріне орыс шаруаларының көптеген көшіп келуі жергілікті халықтың тілін, мәдениетін елдігін сақтап қалу мәселесін күн тәртібіне қояды. Тіл құрыса, халық та құриды. Ұлт атымыз өшпесін десек, қазақ әдебиеті мен тілін өркендетуді қолға алу керек деп ойлайды Ахмет.Осы ойын іске асыруға кіріседі. Осы жолдағы ізденістерін ол 1896 жылы А. Алекторовқа жолығудан бастайды. Алекторов бұл кезде Омбыда отырып, Ақмола, Семей болыстарының оқу жүйесін басқарып тұратын болатын. Онымен Ахмет қазақ даласында бала оқыту жайы туралы кеңеседі. Ахмет орыс оқымыстыларының миссионерлік мақсатын , олардың қазақтарды орысша оқыту арқылы орыстандыру саясатын көздейтінін түсінеді. Осыдан секем алады.Қазақты өнер-білімге жетектеу өзгелердің емес, өзі тектес оқығандардың парызы деп түйеді. Алекторовтан алған екінші әсері- Ахметтің білім мен өнер жолындағы ой пікірінің кеңейе түсуі еді. Қазақ тарихы мен фольклорынан аса бағалы материал жинап, зерттеген Алекторов Ахметтің көп көмескі түсініктерің айқындап алуына, алдына жаңа мақсаттар қоюына елеулі әсерін тигізеді. Ағартушылық жолға түсіп, «қайтсем,халқыма пайдамды тигізем, қалай көзім ашам, ұйқысынан қалай оятам» деген мақсат Ахметті әдебиетке алып келеді. Ол әдебиетті халыққа ықпал етер күш санайды. Осы мақсатпен өлеңдер шығарады, И.А. Крылов мысалдарын аударып, сол үлгіде өзі де мысалдар жазады. Оның 1909 жылы Петербургте «Қырық мысал» деген кітабы, 1911 жылы Орынборда «Маса» деген өлендер жинағы басылады. Ахметтің Орынборға келгеннен кейінгі қызметі өте күрделі, әрі өнімді болған. Оның қоғамдық ой-пікірлері 1913 жылы 2-ші ақпанда шыға бастады, өзі ұйымдастырған «Қазақ» газетінде жариялана бастайды. Ол «Қазақ» газетінде патша үкіметі орындарынын құлағына жақпайтын мақалалар да жариялап отырған. Ол үшін талай рет ақшалай айып салынып, Ахмет түрмеге жабылған. ....
ХІХ ғасырдың жарқын жұлдыздары – Шоқан, Ыбырай, Абай салған ағартушылық – демократтық бағытты ілгері жалғастырушы, жаңа буынның төл басы, дарынды ақын, ірі ғалым, әрі журналист Ахмет Байтұрсынов 1873 жылы 28 қаңтарда бұрынғы Торғай облысы, Жангелдин ауданы, Сарытүбек деген жерде дүниеге келген. Әкесі Байтұрсын Шошақұлы еліне беделді , намысқор, қайрат иесі болған. Өз тұсындағы әділетсіз ел билеушілердің зорлығына қарсы тұрған. Ел-жұртына қиянат жасаған Торғай уезі Яковлевті соққыға жыққан. Ақыры, іс насырға шауып, Байтұрсын інісі Ақтаспен Сібірге 15-жылға жер аударылады. Бұл оқиға 13 жасар, Ахметтің жүрегіне үлкен жара салған. Ауыл молдасынан хат таныған Ахмет 1886-1891 жылдары Торғай қаласындағы екі сыныптық мектепте, 1891-1895 жылдары Орынбордағы мұғалімдер даярлайтын мектепте оқиды. Одан әрі оқуды жалғастыруға мүмкіндігі болмайды, өздігінен оқып, білімін жетілдіреді. 1895-1909 жылдар арасында Ахмет Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездеріндегі ауылдық, болыстық және екі сыныптық училищеде бала оқытады.....
Күні кеше Алматыда отандық әнші Төреғалидің "Ұлы дала комедиясы" атты фильмінің тұсаукесері өтті. «Баласы атқа мінсе, анасы тақымын қысады» демекші, тұңғыш ұлының тырнақалды туындысын көруге келген әртістің анасы қатты қобалжып, қорыққанын жасырмады. Ол өзінің "ерке әрі тентек" ұлының қылықтары мен даулы оқиғалары туралы NUR.KZ тілшісіне баяндап берді.
Көпшілікке «Махаббат», «Астана» әндерімен танылған белгілі сазгер Қайрат Баекенов тоқал алуға үзілді-кесілді қарсы екенін айтып, махаббатқа қашан да адал болу керектігін жеткізді деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.
Желіде кеңінен тарап кеткен «Шымкенттің қыздары зың-зың-зың» әнінің ақтөбелік нұсқасын өзінің жеке парақшасына блогер Серік Әбдіжәми жүктеген, деп хабарлайды «Тілші».
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбе сапарын өңірдегі зиялы қауым өкілдерінің кездесуімен қорытындылады. Сөз сөйлегісі келіп, тілек айтуға ұмтылғандарға да мүмкіндік берілді. Президент саяси жағдайы күрделі елдер туралы сөз қозғап, ел ішіне іріткі салып жүргендерден сақ болу керектігін ескертті деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.
NUR.KZ тілшісі қытайлық жастардың Қазақстан туралы ойын білді. Анықталғандай, көпшілік үшін бұл территориясы үлкен, Димаш Құдайбергенов өскен азиялық ел ғана екен. Дегенмен, көптеген қытайлықтар Қазақстан туралы білгілері келетінін жасырмады.
Оңтүстік Қазақстан облысының бір топ полицейлері табиғат аясына демалысқа шығып, өзге демалушыларды шошытты. Форма киіп, қару асынған шенділер бұл демалысына қызметтік көлігін пайдаланған деп хабарлайды NUR.KZ порталының өңірдегі тілшісі.
Елордадағы Бауыржан Момышұлы атындағы саябақта арнайы «ЭКСПО» орындықтары қойылды. Алайда олардың бірінде өрескел қате жіберілген, деп хабарлайды baq.kz тілшісі.