Тіл – мемлекеттің тұғырлы тірегі, халықтың рухани байлығы, өткені, болашағы. Биыл тәуелсіздігіміздің таңы атқанына жиырма жыл толып отыр. Тіл мен тәуелсіздік – егіз ұғым. Тіл тәуелсіздігіміздің қуатты құралы, асыл ой мен парасат белгісі, елдігіміз бен бірлігіміздің туы. Еліміз тәуелсіздік алғалы бері жүргізіліп келе жатқан тіл саясатының арқасында қазіргі таңда қоғамда тіл туралы оңды көзқарас қалыптасып отыр. Мемлекеттік тіл мәртебесіне ие қазақ тілі бүгінде ұлттық руханиятымыздың өзегіне айналды. Әр халық ана тілін дамытуына, әлемдегі бүкіл....
Тақырыбы:Алтын Күз Мақсаты: 1.Алтын Күз сайысына қатысушылардың арасынан Күз ханшайымын және Күз ханшасын анықтау. 2.Күз айлары туралы білетіндерін ортаға сала отырып, оқушылардың сайысқа деген қызығушылығын,ынтасын арттыру. 3. Табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Сәулеттік ерекшелігі мен әлеуметтік қызметі күрделі Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарының өзіндік сыры мол. Сондықтан да, кесенедегі жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарына арнайы тоқталудың маңызы ерекше деп білеміз. Қалпына келтіру дегеніміз – мұражай ісінде табиғи тозудың әсерінен пайда болған бүлінуді жойып, оны бастапқы қалпына келтіру деген мағынада қолданса керек. Қалпына келтіру тек кәсіби шебер-реставраторлардың қолымен ғылыми негізде іске асырылғанда ғана нәтижелі болатыны сөзсіз. Кесенедегі жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын сипаты мен маңыздылығына қарай бірнеше кезеңге бөліп қарастырған орынды.
Бірінші кезең: кесене салынғалы бергі ХХ ғ. бас кезі, яғни І дүниежүзілік соғыс басталғанға дейінгі кезеңді қамтиды. Екінші кезең: 1917 жылдан 1950 жылдардың бас кезіне дейінгі кезеңді қамтыса, үшінші кезең: 50 жылдардың бас кезінен, мұражай ашылған 1978 жылға дейінгі уақытты еншілейді, төртінші кезең: мұражай мәртебесі өзгеріп, “Әзірет Сұлтан мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы” болып өзгеріп, “Әзірет Сұлтан мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы” болып аталған 1989 жылдан осы кезеңге дейінгі уақытты қамтиды. Жөндеу және қалпына келтіру саласындағы әр кезеңнің көтерер жүгі жеңіл емес. Осы арқылы қоғамның мәдени мұраға деген көзқарасы танылатындығы сөзсіз.
Бірінші кезеңде атқарылған жұмыстар туралы белгілі шығыстанушы М.Е.Массонның зерттеу еңбегінен көп мағлұматтар кездестіруге болады. Қазақстан Ресейге қосылғаннан кейін Әзірет Сұлтан кесенесін жөндеуге алғаш рет 1872 жылы көңіл бөлінді. Ол жұмыстар кесене төңірегіндегі қоқысты тазалауға бағытталды. Ал, 1884 жылы қазынадан 15 мың сом қаржы бөлініп, кесененің төбесінен су өткізбеу шаралары жасалып, шөге бастаған кесене іргетасы бекітілді. 1886-1887 ж.ж. кесененің батыс бұрышын құлаудан сақтау үшін қабырғаның сыртынан кірпіштен тіреулер өрілді.
Үкіметтік шаралардан бөлек жергілікті тұрғындардан жиналған 12 мың сом қаржыға Асхана бөлмесі мен кесенеге әрлеу жұмыстары жүргізілді. 1910 жылы жүргізілген бұл жұмыстан бір жыл өткен соң Түркістан генерал-губернаторлығы арнайы комиссия шығарып, кесенені тиянақты жөндеуден өткізу үшін 100 мың сомның жұмыс көлемін анықтады. Бұл жерде әңгіме қалпына келтіру емес, тек қана жөндеу жұмыстары туралы болып отырғандығын атап айту керек. Сол кездің ақша бағамында бұл қомақты қаржы еді. Әйтсе де І дүниежүзілік соғыс зардабы аталған шараларды іске асыруға мүмкіндік бермеді. Бұл кезеңде жөндеу жұмыстарының ғылыми негіздемесіз тұрпайы технологиямен жүргізілгендігін көреміз. Мысалы, қабырғаның сыртқы бедеріне еуропалық үлгідегі кірпіш қаланып, әрлеудің стилін бұзды, өрнектер әктеудің астында қалды, тіпті орталық бөлмедегі сәндік плиталар алынып тасталды. ....
Қазіргі коммерциялық банктер – бұл тікелей кәсіпорындарға, ұйымдарға, сондай-ақ халыққа қызмет ететін банктерді білдіреді. Коммерциялық банктер деп бұл жерде ҚР-дағы екінші деңгейдегі банктер туралы айтылып отыр. Коммерциялық банктер мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі: 1. Жарғылық капиталдың қалыптасуына қарай: - мемлекеттік; - акционерлік; - жеке; - пай қосу арқылы (жауапкершілігі шектеулі серіктестік); - аралас (шетел капиталының қатысуымен). 2. Операцияларының түрлеріне қарай: - әмбебап, яғни экономиканың барлық салаларына бірдей және кең көлемді банктік қызмет көрсететін банктер; - маманданған, яғни бір ғана салаға қызмет көрсететін банктер; 3. Аумақтық белгісіне қарай: - халықаралық; - мемлекетаралық; - ұлттық; - аймақтық; 4. Салалық белгісіне қарай: - өнеркәсіптік банктер; - сауда банктері; - ауыл шаруашылық банктері; - құрылыс банктері; - басқа. 5. Филиалдар санына қарай: - филиалсыз; - көп филиалды. Акционерлік банктердің жарғылық капиталы шығаратын акцияларын сатудан түсетін түсімдерден құралады. Акциялар екі түрге бөлінеді: жай және артықшылығы бар. Жай акция – оның иелерінің сол қоғамдық басқару ісіне араласуына, оның пайдасына қарай дивиденд алып отыруға құқық береді. Ал артықшылығы бар акция - оның иесіне қоғамды басқаруға қатысуына құқық бермегенмен, уақытылы, яғни қоғамның пайдасына байланыссыз тұрақты пайызын алуға, қоғам банкроттыққа ұшыраған жағдайларда жай акция иесінен бұрын қоғамға қосқан өз үлесін алуға құқық береді. ....
Түркістан қласында 14 ғасырдың соңында тұрғызылған архитектуралық ғимарат. Қожа Ахмет Иасауи дүние салғаннан кейін халықтың көп жиылуымен өзіне арнап соғылған кішкене мазарға жерленеді. Кейін бұл кесене мұсылмандардың жаппай тәуеп ету орнына айналды. 1389, 1391, 1394 және 1395 жылдардағы қан төгіс ұрыстарда Әмір Темір Алтын Орданың өктемдігін жойып, астанасы — Сарай-Беркені өртеп жібереді. Міне, осы жеңістің құрметіне Қожа Ахмет Иасауидің ескі мазарының орнына жаңа, зор кесене орнатуды ұйғарады. Осы тұрғыда Әмір Темір тек діни мақсат-мүддені ғана көздеген еді деу қиын. Бұл оның беделін көтеруге, үстемдігінің мызғымас берік екендігін көрсетуге және дала жақ ту сыртының сенімді болуы үшін де қажет еді. Бұл кезде Әмір Темір Моғолстан әміршісі Хазыр Қожа ханның қызы — Тукел ханымды алмақ болып, той қамына кірісіп жатқан. Қалыңдықты қарсы алу үшін Әмір Темірдің әмірімен Самарқанда "Ділкүш" ("Гүл атқан жүрек") бағын салу аяқталды. Қалыңдығының алдынан шығуға аттанған Әмір Темір жолшыбай Шанас елді мекеніне таяу маңдағы Ахангеран қойнауында біраз аялдайды. Қыркүйек айында ол осы арадан Иасы шаһарына соғып, Қожа Ахмет Иасауи зиратының басында құлшылық ету ырымын жасайды, мазар жанында тұратын шырақшы мен діни қызметшілерге бағалы сыйлықтар береді. Деректерде Қожа Ахмет Иасауидің 12 ғ-да салынған, құлауға жақын тұрған мазарын көрген Әмір Темір мұны бұзып, орнына жаңасын салуға әмір еткендігі айтылады. Әмір Темірдің ұсақ-түйекке дейін есептеп барып берген нұсқауында кесененің негіздері алдын ала анықталып көрсетілген-ді. Жамағатхана күмбезінің 41 кезге, ал айналасы 130 кезге тең болуға тиісті. Бас фасады қос мұнаралы биік порталмен көмкерілуі керек еді. Пештақтың мұнараларға дейінгі ені —60 кезге, пештақ арқасының биіктігі—30 кезге жетуі қажет болатын.....
Сенімгерлікпен қызмет көрсету –меншікті, клиентке тиесілі басқа активтерді басқару жөніндегі операция. Бүгінгі таңда сенімгерлік операциясының маңызы жоғары болғандықтан банк нарық пен клиенттің арасында өкілетті делдал ретінде алға шығады және оларды орындаудан өзіне көптеген пайда түсіреді. Әлемдік банк іс-тәжірибиеде коммерциялық банктердің өз клиенттеріне көрсететін әр алуан комиссиялық делдалдық қызметтердің бір түрі ретінде сенімгерлік операцияның пайда болуын және олардың шапшаң дамуын мынандай бірнеше обьективті себептермен байланыстырып түсіндіруге болады: -банк өтімділігінің проблемасы, дәстүрлі ссудалық банк операция түрлеріне тәне құбылыстың кемуі, сондай-ақ шешуші міндеттердің бірі болып табылатын өтімділіктің қолайлы деңгейін сақтап отырып, операция табыстылығын арттыруға банктердің ұмытылысы; -банк клиентурасының, әсіресе, өнеркәсіп кәсіпорындарының банктен қызмет көрсетудің кең ауқымды жиынын пайдалануға өсе түскен ынтасы; -ссудалық капитал нарығындағы бәсекелестіктің клиент үшін банктердің арасында жүріп жатқан күрестің күшеюі, жеке тұлғаларға да, заңды тұлғаларға да көрсететін жаңа қызмет түрлерінің пайда болуы мен дамуы; Банктер үшін қызмет көрсетудің басқа түрлерімен салыстырғанда сенімгерлік операцияның артықшылықтары. Сонымен бірге спенімгерлік операциясын жүргізу персоналдан көптеген салаларда жоғары біліктілікті талап етеді: заңды білу, инвеститциялық қызметке машықтану, меншікті басқару. Сенімгерлік тараптардың бір-біріне сенімді болғанын, өзара қарым-қатынасын сенім негізінде құруын ұйғарады.Тараптардың бірі меншікке (мүлікке, ақшалай қаражатқа, құнды қағаздарға, мүліктік және басқадацй құқықтарға) қалай өкімгерлік ететініне жауап беретін болса, екіншісі әлдекімнің пайдасына жауапты болады. ....
Дене тәрбиесі – коғамдағы жалпы мәдениеттің бөлігі, адамның дене қабілеттерін дамыту мен денсаулығын нығайтуға бағытталған әлеуметтік қызметтің бір саласы. Жастардың жан - жақты дамуын дене тәрбиесінсіз елестету мүмкін емес . Денесі жақсы дамыған деп күн режиміне спортпен жүйелі айналысуды енгізген, ағзаның шынығуы үшін табиғи факторларды тұрақты пайдаланатын, жұмысты белсенді демалыспен кезектестіріп отыратын жас адамды айтамыз. Біздің елімізде кәсіподақтардың бірыңғай ерікті дене шыңықтыру- спорт қоғамдары құрылған. Оның негізгі міндеттерінің бірі балалар мен жеткіншектердің арасында дене шынықтыру – сауықтыру және спорт жұмыстарын ұйымдастыру болып табылады, өйткені дене тәрбиесінің негізі балалық және жеткіншектік жаста қаланады.Тек қана осы кезеңде дене жаттығуларымен айналысу кажеттілігі қалыптасады, дағдылар мен іскерліктер жинақталады, спортқа қызығушылық калыптасады. Дене жаттығулары, сылап - сипау , козғалыс және спорттық ойындар , жүру, жүгіру шынығу, дене еңбегі дене тәрбиесінің құралдары болып табылады . Айтылған кұралдар өсіп келе жатқан ағза үшін маңызды сауықтыру мәнге ие. Бұл біріншіден, дене жаттығуларының арқасында қоршаған ортаның жағымсыз факторлары мен жұқпалы ауруларға ағзаның қарсылығы артатындығымен түсіндіріледі. Басқа сөзбен айтқанда, денесі мықты және шыныққан адам сирек ауырады . Екіншіден , өсу мен даму процесі ынталандырылады, жылуды реттеу реакциясы жетілдіріледі , яғни салқыннан болатын сырқаттануға қарсылық артады . Үшіншіден ,ақыл-ой және дене қабілеттерінің артуына себепкер болатын шыдамдылық , күш, жылдамдық пен икемділік секілді қасиеттер дамиды. Ақырында , дене жаттығуларымен айналысу жағымды эмоционалды жағдайды туғызады , сергектік пен сенімділік қолдайды. Дене тәрбиесімен шүғылдану кезінде жас , жыныс, ағзаның жеке ерекшеліктері мен мүмкіндіктерінің есепке алынуы керектігі есте болғаны жөн. Басты талаптардың бірі – дене тәрбиесімен спортпен айналысу тәртібін сақтау , яғни олардың жүйелілігін, жүктемелердің біртіндеп арттырылуын, сабақ өтілетіндей жағымды жағдайларды әр түрлі құралдар мен формаларды кешенді ....