Тәрбие сағат тақырыбы: «Тіл - тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» Тәрбие сағат мақсаты: Оқушыларды туған халқының тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу.
Тәрбие сағат көрнекілігі: Сыныпты тақырыпқа лайық безендіру, нақыл сөздер. Мұғалім: Ана тілі - адам болып жаралғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп - өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі. Ана тілі жүректінің терең сырларын, халық тарихының барлық кезеңдерін, жанның барлық толқындарын ұрпақтан - ұрпаққа сақтап отыратын қазына. Мейрам: Қазақ тілі аса бай, икемді тіл. Қалай исең, солай иіле береді. Орамын, бұрымын тауып, қисынын, орайын келтіріп пайдалансаң, бұл тілмен сурет салуға, тас қашап, ағаш, текемет оюға болады - ау. Бұл тілден май тамады десе де сыяр. Халықтың тіліне жырына құлақ салсаң, небір алуа - шекер балдай татитын нәріне, әріне әсте тоймайсың. Ғашықпын қазақ тіліне... Осындай майса, сұлу тілді қалай өгейсітуге болады.
Сценарий мақсаты: Оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету, қазақ тілінің мәртебесін көтеру. Қазақстан мемлекетінде тұратын барлық халықтардың тілдерін құрметтеу. Сценарий әдіс-тәсілдері: Сұрақ – жауап, мың бір мақал, жүз бір жұмбақ ойыны, ой-толғау, полиглот , жат оқу т. б. Көрнекілігі: қабырға газеттері, қанатты сөздер, ұлы тұлғалар портреті, кітаптар мен рефераттар....
Қандай ғажайып әлем! (таң қалып қарайды) Біз қандай елге келдік,ақылшы періштем? Періште: Бұл «Балауса» балдырғандар елі. Бұл елде өте әдемі,ақылды.....
Мекен жайы: Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Мектеп аты: №26 мектеп - гимназиясы Бастауыш сынып мұғалімі: Бейсембаева Бақтыгүл Қабдығалымқызы
Тәрбие сағаттың тақырыбы: "Мемлекеттік рәміздер - ұлттық мақтаныш" Тәрбие сағат мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, патриоттыққа тәрбиелеу. 1.Оқушыларды отансүйгіштікке, мемлекеттік рәміздерді қастерлеуге, олимпиада жүлдегерлерін құрмет көрсетіп, мақтаныш етуге тәрбиелеу. 2.Оқушыларға Қазақстан Республикасының бас қаласы-Астана, жалпы рәміздер туралы мағлұматтар беру. 3.Астана қаласы, мемлекеттік рәміздер,олимпиада туралы баяндау арқылы оқушылардың патриоттық сезімдерін, танымдық қабілеттерін дамыту, спортқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Тәрбие сағаттақырыбы: «Сен еліміздің Ата Заңы – Конституция туралы білесің бе?» Тәрбие сағат мақсаты: Еліміздің Ата заңы жөнінде түсінікті тереңдету. Тәрбие сағат міндеттері: Білімділік: Оқушыларға Конституция ұғымы, тараулары, қабылдануы, қазіргі кездегі қолданысы жөнінде түсіндіре отырып, бүгінгі өмірмен байланыстыра білім беру.
Микобактерия туберкулеза тудыратын өкпедегі қабыну процесі туберкулез деп аталады.Таралу жолдары. 1 Ауа тамшысы арқылы 2 Алиментарлы (тағам арқылы) 3 Ауру адамның сау адаммен қарым қатынасы 4 Науқастың заттарын,ыдыстарын қолданғанда. Микобактерия туберкулезды 1882 жылы Кох деген зерттеуш ашты.Бұл Ауру социальды тобына жататын ауру.Тыныс жолдары арқылы таяқша адамның өкпесіне барады, өкпені зақымдайды.Өкпеде төмпешіктер пайда болады.Оның ұлпасы эпитериялды және үлкен лимфоцидке бай жасушалардан туылған.Төмпешіктің ортасы тірі емес ұлпа, сол жерде микобактерия орналасады.Төмпешіктер бір – бірімен қосылғанда үлкен ошақ пайда болады.Өкпенің ұлпасы некротикалық өзгерсе каверна(шұңқыр) пайда болады. Науқас жазылса кавернада тыртық қалады.
Туберкулездің ағымы.
Оларға бөлінеді: Жеңіл, ауыр, орташа түрлері. А Компенсирлық процесс, Б субкомпенсиралық,С – декомпенсиралық Қақырық пен микобактерия сыртқа шықса оны туберкулездің ашық түрі дейді.БК+,МГ+ Микобактерия туберкулезі қақырықпен сыртқа шықпаса оны жабықтүрі деп аталады.БК-,МТ-
Туберкулездің қоздырғышын тапқан Роберт Кох "ол түзу, сәл имек таяқша ұзындығы 1,5-3 мкм" деген анықтама береді. Ал енді осы бір кіп-кішкентай вирус адамның өкпесін ғана мекен етпейді, бронхы, жұтқыншақ, ішек, сүйек, буын, бүйрек тіпті жыныс органдарына дейін зақымдайды. Қазақстан медицинасының адам ағзасында құрт ауруына қарсы иммунитет қалыптастыруда рөлі қаншалықты? Қандай да бір дертке қарсы ағзамызда иммунитет қалыптастыру үшін біздің өміріміз жүйелі бағытқа бағынуы керек. Адам дұрыс дем алуы керек, дұрыс тамақтануы керек, тыныш ұйықтауы керек. Біз шапқылап жүгіреміз де жүреміз. Кеш жатып, ерте тұрамыз. Дертке дауа – таза ауаны мейрамхана, дәмхана, түнгі клубтарға айырбастап жүргендерді де көріп жүрміз. Біз "Жүректі ояту" дегенді атымен білмейміз. "Жүректі ояту" үшін таңғы асты ішпес бұрын 200 грамм жылы су ішу керек. Сосын 15 минуттай тамақ ішпей барып, таңғы асқа отыру керек. Ал біз таңертең тұра салысымен беті-қолымызды шала-шарпы жуа салып жүгіре жөнелеміз. Қысқасы, "екі аяғымызды бір етікке тығамыз". Кішкентай уақытта бар шаруаны тындырып тастағанды жөн көреміз. Осыдан барып адамның ағзасы шаршайды, ағза қартаяды. Маған келіп, денсаулық туралы жөн сұрап отырған өзіңіз де "бір жүйелік бағытқа бағынамын" деп айта алмайсыз. Ауыр тамақ жеген күннің ертесінде, сұйық тамақ ішуге тырысу керек. Сіз бен біздің олай бипаздап отыруға "уақытымыз" жоқ. Тамақ даярлауға қаншама сағатын өлтіргенше, дәмханадан барып, тезірек дайын аспен ауқаттанғанды жөн санайтындар да жетіп артылады. Өз үйінің асын менсінбей, өзге қазанға көз сүзіп жүрген қаншама адам дерт жұқтырып жүр. Ал енді осы бір "сұрап алған ауруға" қарсы қандай иммунитет қалыптастыруға болады? Біз нәресте дүниеге келе салысымен, құрт ауруына қарсы вакцина саламыз. Бұл вакцина салынған адам "дертпен мүлде ауырмайды" дегенді білдірмейді. Ол тек адам ағзасында сол ауруға қарсы иммунитет қалыптастыру үшін қажет. Біздің бала туа салысымен, егіліп жатқан вакциналарымыз, осыдан үш-төрт жыл бұрын күшінде еді. Ал қазір сол вакцинаның беделі белден басылып жатыр. Осыған орай, былтырдан бастап, 11-12 жасқа толған балаларға вакцинаны қайта салу бағдарламасын жасадық. Міне, Қазақстан медицинасының бұл дертке қарсы иммунитет қалыптастырудағы рөлі – осы. Негізі, адамның ағзасына қарсы иммунитетті адам өзі қалыптастыру керек. Адам өзі "мен мына дертті қалай да жеңіп шығамын" деп күресуі керек. Біз медицина мамандары бір адамды сақтап қалуға емес, бүкіл халықты сақтап қалуға күш салуымыз керек. Біздің бір-екі адамның дертіне қарсы иммунитет қалыптастырғанымыз ешқандай пайда әкелмейді. Біз қоғамдағы кертартпаларға қарсы иммунитет қалыптастыруымыз керек. Егер қоғам өзін-өзін сыйламайтын, өзінің дертіне мән бермейтін бойкүйездермен толығатын болса, онда бізде сау халық қалмайды......