Экономика | Несиелік шығындарды жабу үшін резервтер құрудың қажеттілігі

Міндетті резервтеу саясаты жоғарыда айтылғандай, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің басты міндеттерінің бірі, қарызгерлер мен клиенттердің муддесін қорғау.(«Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі туралы» заңның 7 бабы) Осы міндетті орындау ушін және екінші дәрежелі банктердің өтемпаздығын сақтандыру мақсатында, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі арнаулы резервтік шотта сақталуға тиісті қаржының ең төменгі деңгейін белгілейді. Мұндай практикада барлық, экономикасы өскен елдерде қолданылады. Бірақ бұл әр елде,бұл резервтің құрылымы, амплитудасы, көлемі және процент төлеу өзіндегі әр турлі.
Резервтің ең төменгі деңгейі, ақша саясатының құралы ретінде, бір жағынан , ақша нарқында, екінші дәрежелі банктердің ағымдағы өтемпаздығын реттейді, екінші жағынан, олардың айналымға несиелік ақша шығаруын бақылайтын құрал. Резервтік міндеттемелер, тәртіп бойынша, банктердің міндеттемелерінің белгілі бір бөлігінің жагдайына байланысты, немесе, өсуіне байланысты белгіленеді.
Резервтік активтің ең төменгі деңгейін есептеудің негізгі бабы, банктің қызмет көрсететін шаруашылықтарының шоттарындағы қаржының қалдығы, жеке тұлғалардың депозиттері мен салымдары және банк аралық міндеттемелер.Негізінде қамтылған міндеттемелердің түрі көбейген сайын бұл құралдардың тиімділігі артады.
Резервтің ең төменгі деңгейінің көлемі есептеуде қамтылған міндеттемелердің сомасынан процент түрінде белгіленеді, және де бұл процент көрсеткіші әр елде әр түрлі. Мысалы: Испания мен Италияняң Орталық банктері резервтік талаптың процентін жоғары деңгейде ұстайды, ал Ангияның Орталық банкісі, керісінше, ең төменгі шекте белгілейді, (0,45 %), Жапонияның Орталық Банкісі де2,5 % - тен жоғары белгілемейді. ....
Рефераттар
Толық