Бiр тауды төңкеретiн де бар, Бiр дәндi зiл көретiн де бар.

Адамдардың адамгершілік қасиеттері еңбекке қатысынан білінеді. Біреулер бар кішкентай шаруа тапсырсаңыз, соны таудай етіп, қабығы түсіп
жүріп орындайды. Сондай кескін-келбетін көргенде сол кісіге аз шаруаны тапсырғаныңызға өкінесіз. Ал кейбіреулер аз тапсырмаңызды молынан орындайды. Жоғарыдағы халық даналығы сондай адамдарға айтылған сөз болса керек.

Мағынасы бар мақал-мәтелдер
Толық

Түйеқұсқа: - Жүк артамын, ­ десе, – Мен құспын, ­ дептi. – Ұш, ­ десе, – Мен түйемiн, ­ дептi

Түйеқұстың тіл қатып сөйлей алмайтынын бәріміз білеміз. Мұндағы айтылмақ ой біздерге, адамдарға қатысты. Мойны еш жұмысқа жар
бермейтін, жалқау адамның сөзі де, сылтауы да көп болады емес пе? Кейде өзіміздің бойымыздан да жалқаулықты көреміз. Егер сол жалқаулық болмаса, біз қаншама істерді атқарар едік, талай биіктерге де көтеріліп қалар едік...
Келісесіз бе?

Мағынасы бар мақал-мәтелдер
Толық

Араға ерсең балдан татарсың, Қоңызға ерсең қиға батарсың

Мына тіршілікте аралардың өмір сүру тәртібі өте ерекше көрінеді. Олардың ортасында жалқау аралар болса, олар оны қатты жазалап, тіптім
өлтіріп тастайды екен. Аралар тынбай гүлден нәр тасып, еңбек етеді. «Араға ерсең» дегенде адамның араға ермейтіні – түсінікті. Ара сияқты еңбекқор адаммен бірге жүрсең, бірге еңбек етсең деген мағынада айтылып тұр. Қоңыз да еңбекқор ғой дерсіз. Бірақ қоңыз әрекеті өз қарабасының игілігі үшін. Ол бал арасы сияқты адамдарға тамақ әзірлемейді.

Мағынасы бар мақал-мәтелдер
Толық

Әр күннiң өз таңы бар, Әр жанның өз қамы бар

Тіршілікте адамдар бір-біріне жүк артып, міндет қылып жүреді. Жалпы ол дұрыс емес. Әр адам «мен бір-ақ рет айтқанда істей қоймады, келісе қоймады»,– деп ренжіп жатады. Сіз бір рет айтсаңыз, басқа қаншама адамдар да бір рет айтқан болады. Сол себепті де сол адамның орнына өзіңізді қойып көріңіз. Егер сіз сол жақсылықты, сол істі қиналмай жасайтын болсаңыз, сонда өкпелеңіз. Олай ете алмаған жағдайда, ренжімеңіз. Әр адамда өз тіршілігі, өз қамы бар.

Мағынасы бар мақал-мәтелдер
Толық

Ақылды қайғырған жерде, Ақымақ той қылады

Қайғы әр түрлі болады, ел қайғысы да болады, ер қайғысы да болады. Яғни, қайғы жалпы да, жеке де болады. Қайғы мен қуаныш бір-біріне антоним сөдер, антоним ұғымдар. Бір біріне жанаспайтыны да сондықтан.

Мағынасы бар мақал-мәтелдер
Толық

Жақсы жолдас ерттiм дегенше, Жарты жолдан өттiм де

Адамның жас күнінде жолдастары көп болады. Бірге ойнаған да жолдас, бірге жүрген де жолдас. Егер баланың сол жолдастары жақсы болса,
талапты, мәдениетті болса, бала соларға еліктеп, өзі де жақсы болуға тырысады. Ал егер керісінше тәртіпсіз, бұзақы болса, ол қиын жағдайға
ұшыратуы мүмкін. Сондықтан әр ата-ана баласының жанындағы жолдастарын танып, біліп жүргені абзал. Жора-жолдастары жақсы болса,
көмектессе, қиындықты жеңуге болды. Мақалдың бізге айтпағы да мүмкін сол шығар.

Мағынасы бар мақал-мәтелдер
Толық

Ұясын ұнатпаған құс – оңбас

«Ұясын ұнатпаған құс – оңбас»


Қазақ халқы тұрақтылықты, адалдықты жақсы көреді. Құсқа байланысты да олардың қалыптасқан пікірлері бар: Сауысқанды бірлігі жоқ деп ұнатпайды, қарғаны тілеуі жаман деп ұнатпайды, көкекті өз атын өзі шақырады дейді, қарлығаш құстың еңбекқорлығын, адалдығын ұнатады, қараторғайды, бозторғайды әнге қосады, бұлбұлды, қыранды үкіні қатты бағалайды. Құс тіршілігін бақылаған бабаларымыз, адамдардың жөнсіз, өз үйінен безген жаман әрекетін бетіне айтпай, құстың жаман қасиетін айту арқылы түсіндіреді.

Мағынасы бар мақал-мәтелдер
Толық

Бiлiмдiмен дос болсаң, Сасқанда ақылын айтар. Бiлiмсiзбен дос болсаң, Топ iшiнде бетiң қайтар

Білімді тар ұғымда, білімі бар адам деп, ал кең мағынада көргенді, ақыл-парасаты мол, білімді, жақсы мінезді адам деп білеміз. Бұл мақалдағы «білімді» осы екіншіге дәл келеді. Сондай адаммен дос болған адамдар өздерін бақыттымын десе болады. Ал «білімсіз» дегендер білімдіге қарамақарсы адамдар. Адамгершілігі, кісілігі төмен адамды білімсіз адам дейді.
Абай: «... білімсізге қылған жақсылық өзі адамды бұзады» дейді емес пе

Мағынасы бар мақал-мәтелдер
Толық

Айрылмастай досыңа қайырылмастай сөз айтпа

«Айрылмастай досыңа қайырылмастай сөз айтпа»


 «Қайырылмастай сөз» деген –ауыр сөз. Жүректі жаралайтын сөз. Достық дегенді мінсіздікпен шатастыруға болмайды. Адам – пенде. Пенденің әрекетінің дұрысы да, кей-кейде бұрысы да бола береді. Досыңа өз басың өте адал бол. Ал дұшпандықпен біреулер араларыңызға сына қақса, ауыр сөз айтпас бұрын, ойланыңыз. Уақыт – емші. Өзіңізді сабырға шақырыңыз. Мінсіз адам болмайтынын ойлап, достық қарым-қатынасыңызды сақтап қалуға тырысыңыз.

Мағынасы бар мақал-мәтелдер
Толық

Кешегi күннен алыс жоқ, Ертеңгi күннен жақын жоқ

«Кешегi күннен алыс жоқ,
Ертеңгi күннен жақын жоқ»


Халық даналығы ұрпағына қандай асыл сөзді, тәрбиені осы бір мақал арқылы қалдырғанын түсінейік. Тоқсан ауыз сөз айтуға болатын еді. Өткенге өкінбеуді, оның ешбір пайдасы жоқ екенін, ертеңгі күннің, мейлі ол 20,30,40 жыл болса да, оның жақын екенін тобықтай түйінмен жеткізіп тұрған жоқ па?
Сондықтан да, өткенге өкіне берудің қажеті жоқ. Бүгінгі күнмен өмір сүру керек. Ал болашақтағы жақсылықтың іргесін ереңге қалдырмай, бүгін
қалаған дұрыс.

Мағынасы бар мақал-мәтелдер
Толық