Көміртегі, кремний және олардың маңызды қосылыстары. (Химия, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Бейорганикалық талдау
Сабақ тақырыбы: Көміртегі, кремний және олардың маңызды қосылыстары.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.2.1.34 көміртекті, кремнийдің және олардың қосылыстарының физикалық-химиялық қасиеттерін зерттеу;
10.2.1.35 көміртегі тотығының улануының қалай пайда болатындығын түсіндіреді және алғашқы медициналық көмек көрсету әдістерін сипаттайды;
Сабақ мақсаттары: Көміртегі мен кремнийдің физикалық қасиетін сипаттау;
Көміртегі мен кремнийдің химиялық қасиетін ұғыну;
Көміртегі мен кремнийдің аллотропиялық модификациясын талқылау .
Көміртегі мен кремнийдің қолданылу аясын білу.....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Химия | КӨМІРТЕГІ КРЕМНИЙ

Периодтық жүйенің IV тобыңдағы элементтердің ішіндегі ең маңыздылары— көміртегі мен кремний. Көміртегі — тірі ағзалардың (организмдердің) құрамына кіретін элементтердің аса маңыздысы болса, кремний — жер қыртысында көп тараған элементтердің бірі.
Көміртегі мен кремний периодтық жүйеде атомдары электрондарын оңай беретін "оң электрлі" элементтер мен атомдары электрондарды оңай қосып алатын "теріс электрлі" элементтердің аралығында орналасқан. Сондықтан көміртегі мен кремний периодтық жүйедегі орнына, атомдарының құрылысына байланысты химиялық реакцияда валентті электрондарын түгелімен басқа атомдармен коваленттік байланыс түзуге жұмсайды.

Көміртегі (II) және көміртегі (IV) оксиді.
Ағашты құрғақ айдау.

Жұмыстың мақсаты. Активтелген көмірді және көміртегі (II) оксидін алу әдістерімен және олардың химиялық қасиеттерімен танысу. Ағашты құрғақ айдағанда бөлінетін заттарды байқау.
Құрал-жабдықтар. Стақандар, колбалар, пробиркалар, тамшылатқыш құйғыш, ағаш жаңқасы, шыны түтікшелер, резеңке түтік, спирт шам, электр плиткасы, хлорды және азоттың (IV) оксидін алатын құралдар.
Реактивтер. Құмырсқа қышқылы, қымыздық қышқылы, концентрациялы күкірт қышқылы, мыс (II) оксиді, фуксиннің, көк сияның ерітінділері, ағаш көмірі.
1 -тәжірибе. Активтелген көмірді дайындау. Стақанға ағаш көмірінің ұсақ бөлшектерін салыңдар, үлкендігі шамамен 1—1,5 см болсын. Содан соң стаканның жартысына дейін ыстық су құйыңдар. Ағаш көмірін салған ыстық суды 4—5 минуттай қайнатыңдар. Көмірдін суды бойына сіңіріп, салмағының ауырлағанына көңіл бөліңдер. Сұйықтықты салқыңдатып, ішіне мақта салынған құйғыш арқылы өткізіп, көмірді сүзіп алыңдар. Көмірді жинап, қайта қыздырыңдар. Темір тостағаншаны салқындатып, көмірдің кеуектенгеніне назар аударыңдар. Міне, осыңдай өңдеуден кейін көмір активтелген көмірге айналады. Осы активтелген көмірді келесі тәжірибелерге пайдаланыңдар.
2-тәжірибе. Активтелген көмірдің ерітінді бояуын сіңіруі. Пробирканың үштен бір бөлігіне дейін су құйып, оған бір-екі тамшы фуксиннің немесе күлгін сиянын ерітіндісін тамызыңдар. Үстіне бірнеше түйір активтелген көмір салыңдар. Пробирканың аузын үлкен саусақтарыңмен басып тұрып, бірнеше рет шайқап араластырындар. Біраз уақыт тұңдырып қойыңдар. Ерітіндінің түссізденгеніне көңіл бөліңдер. Ағаш көмірінің бұл қасиетін адсорбция деп атайды. Бұл тәжірибені дәрі ретінде пайдаланылатын карболенмен де жасауға болады.
3-тәжірибе. Активтелген көмірдін газдарды сіңіруі. Екі колба алып, бірін хлормен, екіншісін азоттын диоксидімен толтырыңдар. Екеуіне де активтелген көмір салып, колбалардын аузын тығындаңдар. Колбаларды шайқап араластырыңдар. Колбадағы газдардың түссізденгеніне назар аударыңдар. Оларды кристалдағыштағы суға төңкеріп, тығындарын су ішінде ашыңдар. Колбаларға судың көтерілгенін байқаңдар. ....
Рефераттар
Толық