Экономика | Касса операциялары бойынша есеп айырысу және журнал ордерлерін толтыру

Бүгінгі нарықтық экномика заманында кәсіпкерліктің рөлі күннен-күнге артуда. Мұны өзі Қазақстанның тек алға қадам басып жатқанының дәлелі. Яғни кәсіпкерліктің дамуымен қатар, ондағы бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың маңызы артып отыр. Кәсіпорынның негізгі көрсеткіші ақша қаражаты, сондықтан да кассалық операциялардың дұрыс орындалуы ақша қаражатын реттеудің негізгі көрсеткіші.
Халықаралық қаржылық есеп стандартының №7 “Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп” бойынша ақша қаражаты деп кәсіпорынның кассадағы және ағымдағы шотындағы ақшаны айтады.
Қолма – қол ақшаларды қабылдау, сақтау және жұмсау үшін шаруашылық субъектісінде касса болады. Касса – бұл қолма – қол ақшалар мен өзге құндылықтарды қабылдауға, беруге және уақытша сақтауға арналған, арнайы жабдықталған, оқшауланған үй жай.
Касса операцияларын орындау кассирге жүктеледі. Ол материалды жауапты адам болып табылады да, ережелерді мүлтіксіз орындауға міндетті болады.
Жазылған курстық жұмыстың өзектілігі бүгінгі таңда кассалық операцияларды дұрыс орындау және есепке алу әрбір кәсіпорынның міндеттілігімен түсіндіріледі.
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты кәсіпорындағы кассалық операциялардың орындалу тәртібі мен есебі, сондай-ақ құжаттардың дұрыс рәсімделуін көрсету. Алға қойған мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қаралды:
- кассалық операциялардың маңызы мен міндеттерін қарастыру;
- бақылау-касса машиналарын қолдану ережелері айту;
- құжаттардың маңызы және оларды тіркеу принциптерін көрсету;
- касса операциялары есебін талдау;
- касса құжаттарын дайындауда 1С:Бухгалтерия бағдарламасының мүмкіндіктерін нақты мысалдармен жеткізу.
Курстық жұмыс құрылымы бойынша кіріспеден, 3 бөлімнен, пайдаланған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады
Кіріспеде курстың жұмыстың өзектілігі, мақсаты, алға қойған міндеттері қарастырылады. Бірінші бөлімде кәсіпорындар мен ұйымдардың кассалық операцияларының теориялық негіздері қарастырылған. Екінші бөлімде касса операциялары бойынша есеп айырысу және құжаттарды рәсімдеу жолдары көрсетілген. Үшінші бөлімде касса құжаттарын дайындауда 1С:Бухгалтерия бағдарламасының мүмкіндіктерін нақты мысалдармен айтылған ....
Курстық жұмыстар
Толық