Ілияс Жансүгіров (Кеңес жалауы)

Ұшқыр жыр,
Құстай ұмтыл,
Қанатын қақ!
Қақ, заула,
Шық аспанға,
Талпынып бақ!
Шықты жаз,
Бауырың жаз,
Ескек жырым!
Желдей ес,
Әлі де қыс
Мұз мұхит жақ.
Борап кар,
Тұрған шығар
Қыс жылынбай.....
Өлеңдер
Толық

Мұхтар Шаханов (Жалын)

Өтудесің,
өтесің замандарым,
Құпиям көп ұқпаған, түсінбеген.
Әкем менің жек көрген адамдарын
"Жалыны жоқ сорлы" деп мүсіркеген.
Алдан іңкәр үміттің жолын көрем,
Жолын көрем,
Жанымнан жалын көрем......
Өлеңдер
Толық

Қадыр Мырза Али (Жалғыз)

Жалғыз түйір нәр болмайды тамырға,
Жалғыздықпен қорқытады қабыр да.
Жалғыз ішек жарытпайды күй тартып,
Жалғыз кірпіш бола алмайды қабырға.
Жылайтұғын түгі де жоқ зар илеп.....
Өлеңдер
Толық

Қадыр Мырза Али (Жалыннан жаралғандар)

О бастан-ақ парасат, ой дарыған
Біз боламыз жарқын қыз,
Жайдары ұлан.
Біз — жалынбыз өшпейтін мәңгі бақи,
Біз — комсомол жел ескен айдарынан!
Біз — комсомол:
Күштіміз,
Қарымдымыз.
Қолтықтаған құрбымыз — дарынды қыз.
Алқынуды білмейтін арғымақпыз,
Ауыздықпен алысқан арындымыз.
Біз — комсомол:
Ауылдан,
Шаһарданбыз.
Артқан жүкті алысқа апарғанбыз.
Спортында — әлемдік чемпионбыз,
Ал майданда — қып-қызыл қаһарманбыз!
Даңқты жол — біздердің өткеніміз.
Музейлерде қайла мен кетпеніміз......
Өлеңдер
Толық