Ержан Жұмабек Жұмабекұлы

Жұмабек Ержан Жұмабекұлы - ақын, "Серпер" жастар сыйлығының иегері, докторант.

1987 ж. бұрынғы Семей облысы Аякөз қаласында дүниеге келген. Өлең жазуды мектеп қабырғасынан бастаған. 2004 ж. ШҚО Үржар ауданы Үржар ауылындағы Абай атындағы орта мектеп-лицейін тәмамдаған. 2004-2008 жж. ШҚО Семей қаласы, Семей қаласы. Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті «филология» факультеті «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығын үздік бітірген. 2004 ж. бері жазба өлеңдері қалалық «Семей таңы» облыстық «Ертіс өңірі» республикалық «Қазақ әдебиеті» газеттерінде жариялануда. 2005 ж. жоғарғы оқу орындар арасында Семей қаласы бойыншы өткен «Жігіт сұлтаны» байқауында бас жүлдемен бірге «Семей серісі» атағын ұтып алған. 2005 ж. Өскемен қаласында 18-35 жас арасында өткен облыстық «Жігіт сұлтаны» байқауының бас жүлдегері. 2005 ж.

Семейде өткен қалалық «Наурыз нақыштары» атты жас ақындар айтысында 3-орын, 2006 ж. 2-орын иемденген. 2005-2006 жж. қыркүйек айында тіл мерекесіне арналған Оралхан Бөкей атындағы мәнерлеп оқу шеберлігінің қалалық байқауында 2-орынды жеңіп алған. 2006 ж. М.О.Әуезов атындағы Семей университеті шығарған «Өсер өркен» жинағына бір топ өлеңдері енген. 2006, 2007, 2008 жж. Қазақстан ұлттық телеарнасының тікелей эфирінде өткен «Қазақстан чемпионаты», «Аламан» айтыстарының жүлдегері. 2008-2010 жж. ШҚО Семей қаласы, Семей қаласы. Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті «филология» факультеті «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша оқып,ғылым магистрі атанған. ....
Өмірбаяндар (биография)
Толық