Қыстың желтоқсан жұлдызы. Қар көптен жауып, нағыз қыс болды. Күн әбден қысқарған. Күннің көзі көрінсе де жылынбайды. Өзенді, көлді мұз қаптап, жұрт үстімен жүре бастады. Қалың қардан шөптің басы көрінбейді. Қыс күні аяз күшті болып, үскірік борандар да аз емес.
Орман қарайған, ішінде қүстарды көре алмайсың, қоян күндіз....
Әл-Фараби дүниенің білім және ой тарихынан құрметпен орын алған ұлы түрік ғалымы, ойшылы. Физика, химия, медицина, математика ғылымдарында және философияда жеткен нәтижелерімен Еуропа мәдениетінде үлес қосқан, кітаптары XVIII ғасырдың соңына дейін Еуропа университеттерінде оқылған түрік дарыны.Шын аты –Махмұт. Фараби Түркістанда, Фараб (Отырар) қаласында 870 жылы дүниеге келді. Әкесі- қорған басшысы Махмұт Тұрпан. Батыстың білім әлемінде оны әл-Фарабиус атымен....
Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала, Мазмұн жоқта мазмұнсыздық шыға келер ортаға. Әр адамда өз анасынан басқа да, Ғұмырына етер мәңгі астана, Демеп жүрер, жебеп жүрер арқада, Болу керек құдіретті төрт ана: ТУҒАН ЖЕРІ - түп қазығы.....
"Сүйер ұлың болса, Сен де сүй. Сүйінерге жарар ол" (Абай)
Талантты ғалым, публицист, әдебиет зерттеушісі, саяхатшы-географ Шоқан (шын аты Мұхаммедханафия) Шыңғысұлы Уәлиханов XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі. Оның қысқа да жарқын өмірі, жан-жақты зерттеушілік қызметі, философия, этнография, тарих, экономика, құқық, география, ауыз әдебиеті, әдебиет теориясы, т.б. жайындағы ғылыми зерттеулері, пікірлері қай кезде болмасын өзінің құндылығымен жарқырай берері сөзсіз. Қазақ халқының рухани ізденістерінің жарқын көрінісі бола отырып, қоғамдық ойсана, пікір-тұжырымдардың биіктей өркендеуіне ерекше ықпал етті. Шоқан 1835 жылдың қараша айында қазіргі Қостанай облысының Құсмұрын бекетінде атақты аға сұлтан Шыңғыс Уәлиханов отбасында дүниеге келген. Арғы атасы Абылай жоңғарларға қарсы соғыста асқан ерлік көрсеткен, ел бірлігі мен тыныштығы үшін күрескен, ақылды қолбасшы, іскер дипломат, амал-айласы мол Орта жүз ханы болған.
Қазақ халқының XIX ғасырдағы ең көрнекті ақындарының бірі МахамбетӨтемісұлы 1804 жылы қазіргі Батыс Қазақстан облысының Орда ауданына қарайтын Бекетай құмы деген жерде туып, 1846 жылы қазан айының ішінде жалынды ақын жау қолынан қапыда қаза табады. Өтемістің он баласы болып, Махамбет Бекмағамбеттен кейінгі екінші бала болады. Жас кезінде хан ордасында тәрбиеленген ақын кейін бөлектеніп кетеді. Халықты, қарашаны қолдаған Махамбет 1829 жылы түрмеге қамалады.