Биология | Көру талдағышы

Көру талдағышының сезгіш бөлімі көз алмасында орналасқан. Оларға торлы қабықтағы таяқша және сауытша пішінді фоторецепторлар жатады. Өткізгіш бөліміне көру жүйесі жатады. Ол көз алмасынан шығып, сопақша миға барып бағытын өзгертеді, содан соң оң көзден шыққан нерв сол жақ ми қыртысының желке тұсындағы көру аймағына, ал сол көзден шыққан көру нерві оң жақ ми қыртысындағы көру аймағына қозуды тасиды. Көру талдағышының қыртыс бөліміне ми қыртысының желке тұсында орналасқан оң және сол жақ көру орталықтары жатады.
Көз өте сезімтал, нәзік және маңызды сезім мүшесі.
Құрлысы бойынша көру талдағышының сезгіщ бөлімін 3 топтағы мүшелерге бөлуге болады.
1. Көздің қосымша құрылымдары
2. Жарық өткізгіш және жарық сындырғыш құрылымдары
3. Жарық қабылдағыш құрылымдар
Қошымша құрылымдарға қас, кірпік, кірпік еттері, көз жасының безі мен оның қапшығы, көз еттері жатады. Көз жасының безі мөлдір сұйық- көз жасын түзейді. Тік және қиғаш орналасқан көз еттері көз алмасын қозғауға қатысады, солар арқылы көз бірнеше бағытта қозғала алады. Жоғарғыдан төмен және төменнен жоғары, жоғарыдан төмен ішіне қарай, жоғарғыдан төмен сыртына қарай, алдынан артына қарай.
Көздің сыртын тығыз ақ қабық қоршаған. Ол көз алмасының алдыңғы жағында мөлдір, дөңестеу қасаң қабыққа айналады. Көз алмасының алдыңғы жағында тамырлы қабат нұрлы қабыққа айналады. Нұрлы қабықтың алдыңғы дәл ортасында тесік болады. Оны көздің қарашығы деп атайды. Қасаң қабақтың арт жағында көздің сұйық екі камерасы және көз бұршағы орналасқан. Көз алмасының ішіндегі қалған кеңістік қоймалжың, іркілдеген мөлдір шыны тәрізді денеге толы болады. Көздің сұйық камералары мөлдір сұйыққа толы болады.
Ішкі торлы қабығының құрлысы өте күрделі. Негізінен алғанда, ол жарық сәулелеріне сезімтал фоторецептор деп аталатын таяқша және сауытша тәрізді клеткаларынан тұрады. Торлы қабақтың ортасында Сары дақ бар.
Көздің қасаң қабығы, бұршағы және шыны тәрізді денесі-негізгі жарық сындырушы оптикалық жүйе. Әртүрлі қашықтықта орналасқан заттың бейнесін торлы қабыққа түсіру үшін көз бұршағы аккомодациялық қызмет атқарады.
Көздің шыны тәрізді денесі жарық сындырғыш құрылымдарының ішіндегі ең күштісі. Таяқша клеткаларда родопсин, сауытша клеткаларда иодопсин деп аталатын заттар болады.
Жарық сәулелерінің әсерінен родопсин ретинен мен опсинге ыдырап, пайда болған заттар жарық толқындарының үзындығына лайық көру нервінің ұштарына қозу тудырады. Ретинен А витаминінің туындысы, қарңғыда А витамині ретиненге айналады. Сондықтан бұл витамин организмге жеткіліксіз мөлшерде болғанда ондай адамның ымыртта, қараңғыда көру қабілеті төмендеп жойылаы. ....
Рефераттар
Толық

Биология | Анализаторлар немесе талдағыштар

Анализаторлар немесе талдағыштар (анализаторы); (көне грекше: ἀνάλυσις - жіктелу, талдау) — шеткі қабылдағыш бөлімдерден басталып, ми орталықтарында аяқталатын күрделі жүйке механизмі, яғни ол дененің сыртқы және ішкі ортасын жүйке жүйесінің орталық бөлігімен байланыстырып түрған рефлекторлық доганың сезімтал бөлігі. Талдағыштар үш бөлімнен түрады: 1) тітіркеністі қабылдайтын шеткі бөлім (рецепторлар); 2) жүйкелік қозуды өткізетін аралық бөлім; 3) қабылданған сезімге талдау жасалынатын ми жабынындағы және қыртыс астындағы сезімтал орталық бөлім. .....
Рефераттар
Толық

Балаларға арналған жұмыс: Мансап баспалдағының алғашқы қадамдары

Балалардың өздері әлі игермеген мінез-құлық түрлеріне еліктейтіні көпшілікке мәлім жайт. Көбінесе балалар өздерін жұмыс істейтін үлкен адамдар сияқты сезінгісі келеді, сондықтан балалар арасында дәрігер, мұғалім және басқа да мамандық иелері болып ойнау кең тараған. Қазіргі кәсіпкерлер бұл қызықты фактіні тез аңғарып, оны өз мақсаттары үшін пайдаланып, балаларға жұмыс істейтін адамның рөлін сынап көруге мүмкіндік берді.

Балалар қаласы
Ең ірі жоба – Хавьер Лопес Анконаның туындысы. 1999 жылы ол Кидзания – балалар қаласын «тұрғызды». Мұның сызбасы қарапайым: балаға оның жүрген жерін анықтауға.....
kz | Әкелерге (папа) пайдалы кеңестер | Аналарға және әйелдерге кеңестер
Толық