Биология | Адамның пайда болуы

Грекше антропос адам логос ғылым деген сөзден құралған антропалогия адам жөніндегі ғылым деген ұғымды білдіреді.
Антропалогияның әсіресе адамның пайда болуы туралы мәселені нақтылай түсудегі орны ерекше.Бұл ғылым арқылы ежелгі адамдар-дың бас сүйектеріне қарай отырып олардың сөйлеу ойлай дәрежесі туралы пайымдаулар жасалынады. Сүйектін қалдықтары бойынша адамның ауру әки сау болғандығы, тіршілік ортасы туралы да мәліметтер алуға болады.
Сонау ежелгі замандарданақ озық ойлы, білімді адамдар адамдар-дың маймылдарға ұқсас екендігін байқаған. Мысалы, ұлы ойшыл Аристотель маймылдардың дене құрлысын зерттеп, олардың адам-дарға ұқсас екендігін айтты.Ал келесі бір табиғат тарихы туралы көлемді еңбек жазған Үлкен Плиний атты ғұлама:”Маймылдардың барлық түрі басқа жануарларға қарағанда адамға жақын”деп жазған екен.
XVIII-XIX ғасырларда өсімдіктер мен жануарлар туралы еңбектер жарық көрді. Маймылдардың бірнеше түрі анықталды.Олардың дене құрлысы, қабілет-қасиеті зерттелді.Бұл зерттеулердің көбі маймылдар-дың адамға ұқсас екенің көрсетті. Тіпті, Жан Ламарк атты қылмысты маймылдардың бірте-бірте дамудың барысында адамға айналуы мүл-кін деген пікір айтты.
Бұл кезеңде адамдардың дене құрлысы, денсаулығы туралы да ғылыми түсініктер дами түскен еді. Ол түсініктер де адамның май-мылға ұқсастығын дәлелей түсті. Атақты қылмысты Чарлз Дарвин маймылдардың ең жетілген, дамыған түрі бірте-бірте адамға айнал-ды деген тұжырым жасаған. Осылайша адамдардың дене бітімін басқа жан-жануарлармен салыстыра зерттеу басталды. Соның нәтижесінде адамдардың басқа жан-жануарларға қарағанда маймыл-дарға өте ұқсас екендігі туралы пікір кең таралды. Алғашқы адамдар-дың қалыптасуы, тұрмыс-тіршілігі туралы болжаулар мен көзқарастар жүйесі пайда болды. Ол бойынша адамдардың қалыптуы төменде-гінше сипатталды.
Ең алғашқы адамдар маймылдар сиақты болғанымен, олардан ерекше еді. Маймылдар тәрізді үсті-басын жүн басқан олар тобыр-тобыр болып тіршілік етті. Бірақ маймылдар сияқты ағашта емес, негізінен, жерде мекендеді. Тік жүре алатынды. Бұл алғашқы адамдар-дың басқа жануарлардан, маймылдардан да артықшылығы еді. Қолы-мен жеміс жеріп жеді. Тастан, ағаштан, сүйектен еңбек құралдарын, қарулар жасады. Сөйтіп еңбек ете бастады. Бұл олардың басқа жануарлардан үлкен ерекшелігі болатын. Соның арқасында ойлау қабілеті артты.
Тобыр болып жүргендіктен бір-біріне бір нәрсені айту, түсіндіру қажеттігі пайда болды.Одан сөз бен сөйлеу келіп шықты. Ойлауы мен сөйлеуінің арқасында алғашқы адамдардың миы жетіле түсті. Ал мидың дамуы олардың дене құылысын, әсіресе, сезу, есту, көру мүшелерін дамытты. Сөйтіп, замандар өте келе саналы адамдар қа-лыптасты.
Адамдардың пайда болуы туралы ғылыми түсініктер жүйесі осын-дай еді. Әр түрлі ғылым саласының мамандары бұл жүйені дұрыс деп есептеді. Бірақ ол кезде әлі де нақты, дәлелді деректер болма-ды. Кешікпей ондай деректер табылды да.....
Рефераттар
Толық