Қасиетті ата мекенім

Арманым менің ұласып бүгін көктемге,
Зеңбірек атып, сіркіреп жаңбыр өткенде.
Қақаған қыста қалайша келді жыр көктем,
Ғашық боп қалсам адамдар мені сөкпеңдер.

Сөкпеңдер мені ғашық боп қалсам жер көкке,
Ғашық боп қалсам далама мынау көсілген.
Төңкеріп тастап кетердей сонау төбені,
Тентек жел мені бетімнен өбіп өсірген.

Қиялым көкке самғаса сенен нәр алғам,
Сезімім менің сол тентек желден жаралған.
Туған жердің әр бір тасы қымбат ғой,
Арқаңда сенің мақсатыма тіке бара алғам.

Өзіңде өстім өзіңді мақтан етемін,
Өзіңмен ғана мақсатыма мен жетемін.
Бабаларымның кіндік қаны тамған жер,
Маңғыстауым қасиетті ата мекенім.




Өлеңдер
Толық

Сейсем ата

Айтамын далам сырын ақтарылған,
Қырынан жота-жота шатқалынан.
Сейсем ата қорымы сыр шертеді,
Тылсым терең тарихтың қатпарынан.

Сан ғасыр ішін тартып жатқан қорым,
Сан ғасыр Ел қасыретін тартқан қорым.
Ұрпақтан ұрпақтарға жалғастырып,
Заманның тылсым сырын артқан қорым.

Көсілген дархан далам төсінде өскен,
Талайдың туған жері кіндік кескен.
Қыйсайған құлпы тастан күреңіткен,
Тарих ізін көремін көкей тескен.

Құлпытаста жазулар сырын ашқан,
Ата-баба аруағы нұрын шашқан.
Желеп жебеп жататын әрдайымды,
Ұрпақтарын бұл күнде ізін басқан.

Бұл жерден батырда өткен, ақында өткен,
Заман жүгін көтерген Ерлерде өткен.
Жерімді жауға тастап кетпеймін деп,
Киелі кең даламда қанын төккен.

Ер Төлеп, Шотан батыр, Сүйін қара,
Ер Қонай, Есен Сейіт, Есекмерген,
Соғыста ерлігімен шыққан дара.
Жан алып, жан беріскен сан ғасырлар,
Кетерме Ел есінен түскен жара.

Сейсем ата ескінің жәдігері,
Сейсемге жерленіпті Ердің Ері.
Сан ғасыр өтсе дағы ескірмейтін,
Тарихтың бір парағы содан бері.

Маңғазым Маңғыстауым киелі Елім,
Сейсем ата жатқан жер - туған жерім.
Ұрпағың басыңа кеп тәу етеді,
Ақтайтын Бабалардың маңдай терін.








Өлеңдер
Толық

Шерқала

Шерқала

Шерқала жатыр аспанменен таласқан,
Шерқала жатыр керуендерге жол ашқан.
Шерқала жатыр тылсым дүние тарих ол,
Кең даламның қырларына жарасқан.

Ұлы жібек жолы сенен өтіпті,
Сенің терең сырыңа кім жетіпті.
Дұшпандардың шабуылынан қорғаған,
Шерқаланы Жошы бекініс етіпті.

Талайларға пана болған Шерқала,
Оған жалғыз куә болған кең дала.
Талайлардың сенде қалған сүйегі,
Арқалаған тарих мұңын Шерқала.

Түрікмен-Қазақ соғысының куәсі,
Алынбайтын бекініс болған расы.
Шың басыңа шығып алып жатыпты,
Түрікмендерің қашып жүріп қыр асып.

Берілмеген неше айлар жатсада,
Қазақтар кеп жан-жағынан атсада.
Ортасынан құдық қазып су ішіп,
Жата берген қанша азап тартсада.

Аңдыған жау алмай қоймас қашанда,
Қуғыншылар ойланып сыр ашарға.
Төмен жақтан үңгір қазып іздепті,
Бұның сырын, қалайша айла жасарға.

Шыңырауға кезігіпті сонда олар,
Түрікмендердің құдығы екен су алар.
Судың көзін тас бекітіп тастапты,
Түрікмендер,-деп, сусыз қалып қор болар.

Тау етегі үңгір әлі сақталған,
Адайлардың жауы осылай жанышталған.
Шерқалының сұсты көне тарихы,
Ел аузында дәл осылай хатталған.
Өлеңдер
Толық

250 күн

250 күн басталғалы бүгін соғысқа,
Талай тағдыр бақи жақта тоғысқан.
Қырық шұрық болып жер анада жиырылған,
Қанға тоймас құзғын мынау орыстан.

Зіркілдеген зеңбіректер атқылап,
Тып типыл етіп қалаларды жатты нақ.
Қанды басың бері тарыт, деп жөнелді,
Ажал кешіп Еуропаны шапқылап.

Бейкүна жанның қыршын кетті талайы,
Құрбан болып оқтұмсықтан бытырап.
Көмусіз қалған итпен құсқа нобайы,
Табалап жүр, құзғын көзін шұқылап.

Жерін сүйген Украйна халқына,
Бүкіл әлем риза болды антына.
Осылайша ақпен қара шайқасып,
Күллі әлемде қауіп төнді жалпыға.

Ұлы империя бір мұрсатта басылып,
Бет пердесі қала берді ашылып.
Отанынан безген халқы жосыды,
Тарыдайын басқа елге шашылып.

Жаратқанның құдыреті күшті ғой,
Мың асқанға бір тосқан, деп келер ой.
Украйна халқы кенелері хақ бақытқа,
Жеңіс туын желбіреті жасап тойып

Өлеңдер
Толық

Өмірге неге келдім мен?

Өмірге неге келдім мен, жауабы қиын сұрақ ғой,
Не бітірдім деген жалғанда мазалайды мені тұрақты ой.
Ізім жатыр мәні жоқ торлайды ойлар, торлайды,
Көңілім толмай өткенге мазалап кейде болмайды.

Жұбатамын кейде өзімді әлі дағы кеш емес деп,
Қынжылам кейде өткенге тұрлаусыз күндер елестеп.
Әттең ай тұлпар болмадым аузымен құс тістеген,
Ғұмырда көңлім толмайды ісіме өзім істеген.

Қалам алсам қолыма бытырап ойлар қашады,
Жуа шыққыр жолына беймаза ойлар басады.
Таң сәріде жатамын ұйқылы ояу маужырап,
Ойыма өлең оралса қаламын кейде абдырап

Жүйелі ойлар барына ақының бүгін сенді енді.
Бойыма біткен талантым бұл күндері жеңді енді,
Қасиетті қара өлең кешіре көр пендеңді,
Сабасына ақының келеді түсіп енді – енді.

19.04.2013 ж.
Өлеңдер
Толық

Түсі игіден түңілме

Менің нәзік сезімімді шымшылап,
Жүрек шіркін қалай ғана тыншымақ.
Әсем жанды адамдармен тілдессем,
Ақын жанды алар сезім қамшылап.

Кей біреудің жан дүниесі жүзінде,
Айнасы боп көз алдыңда тізілген.
Жұрт қайғысын өзімдікі деп қабылдап,
Жанарынан бір тамшы жас үзілген.

Ал біреудің сұп-сұр болған жүзінде,
Көрінеді қысың менен күзіңде.
Адамшылық дәметпейсің ондайдан,
Оған бірдей үйіңменен түзіңде.

Ондай жанның қасында әсте тұра алмай,
Асығасың әңгіме дүкен құра алмай.
Айтқаны өтірік, сөзі шикі бос кеуде,
Осы өмірде мәңгі бақи тұрардай.

Жамандардың алдында сен бүгілме,
Жақсыны біл жанарына үңілде.
Жақсы жанның нұр шашады жүзінен,
Дейді қазақ түсі игіден түңілме.

Өлеңдер
Толық

Еркек тоқты құрбандық

ЕРКЕК ТОҚТЫ ҚҰРБАНДЫҚ

(Тарихи әңгіме, болған оқиғаның ізімен)

Желтауда мешіт ұстап бала оқытып жүрген Бекжан сопының Шопан ата басында шырақшы болғанына да бір жылға жуық уақыт өтіпті. Тобыштардың қойымшылығы Шопан ата басындағы шырақшы кетіп ағайындары сұрағасын келген жайы бар. Бабықтың Әжібайынан тарайтын Мыңбай, Селбай ағайындары құсап бай болмаса да, Бекжан ескіше хат танитын, ерекше сауатты болатын. Сонысын қарап болса керек халық арасында Бекжан сұпы деген атпен танымал болатын. Атаның басына зиярат етуге келгендерге Шопан ата жайлы білгендерін, ескінің көзі халық жадында қалған уағыз әңгімелерді көп айтатын еді. Бәсеңдеу қоңыржай даусымен тыңдаушысын әп сәтте баурап алатын. Ресейде кеңес өкіметі орнап күшіне міне бастаған кез, Маңғыстауға әлі жете қоймады десе де болғандай. Бәлкім ен даладағы азғана ауылға әсерін әлі тигізе алмай жатырма, әзірше тыныш, бірқалыпты өмір өтіп жатыр. Жұбайы Сәрсенбибі Әбубәкір кердерінің жақын қарындасы болып келетін, Әбубәкірдің әкесі марқұм Боранқұлмен мұның әкелері үзеңгілес, әрі тумалас болатын. Кішкентайынан сол Әбубәкірдің жырларын жаттап өскен Сәрсенбибі бәйбіше бар білгенін қыздарына үйретіп әлек.
1920 жылдың көктемінде дүниеге келген қызы Оралжан да биылдары әкесінен дәріс алуға жарап қапты. Үлкен қызы Бақытта биыл онға толып отыр. Қолы бос уақытта көрші ауылдардың балдарын жинап алып арапша, латынша оқытады. Өзінің екі қызы да солардың ішінде. Латын әрпінің бір жақсысы өз ана тіліңде жазуға қолайлы болатын және арап әріптеріне қарағанда оңайлау көрінетін.
Биыл қолдан қашап жасаған үңгірді біршама жөндеп, сылап, ішін ақ тасты суға езіп ақтап алған. Іші жазда салқын, қыста жылы ұядай, қарамағындағы оншақты бала ішіне сиып кетеді. Шіркін Қазағымның пейілі кең ғой, қаншама жоқшылық деседе, тілеухана басында адам аяғы үзіліп көрмепті. Барын әкеліп садақаларын беріп жатқаны. Оқып жатқан балалардың да ата аналары келген сайын құр қол келмей, анау-мынауларын беріп кетеді. Биыл алла оңғарса тлеухананы кеңейтпекші, әйтпесе қазіргі жағдайы әйтеуір жоқтан жақсы.
Кеше сонау Кетік жақтан ат арытып Боранбай деген жолаушы келе қалғаны, мақсаты осында бір түнеп, әрмен қарай Бекет атаға зиярат етуге кетпекші.
—Інім алыстан келе қалыпсың, не хабарларың бар, айта отыр ел іші тыныштықпа әйтеуір.
—Біраз өзгеріс бар ғой аға, Кетік басы абыр-сабыр, Майлыбайдың Тәлпеңі ауылнай болғалы басымызға әңгір таяқ ойната бастады. Күнде бірдеме ойлап табады, онсызда әрең күн көріп отырған ауылға қырғыйдай тиуде, біресе ет салығы, біресе тері салығы дейме әйтеуір тыныштық беретін емес.
Қолына ұстап отырған кесесін төңкеріп тастады да жер шұқып отыра кетті. Бірдемені айта алмай кібіртіктеп отырғаны.
-Аға, сол неме өткенде бір сөзінде, Кетіктен атты әскер шығады екен деймеау, Маңғыстауды аралап Кеңес өкіметін орнататын көрінеді деймеау, малдарды жинап алып, қожа молдаларды ұстайды дейме ау, әйтеуір аузыңа қара қан толғырдың әңгімесі жаман екен, сақ болыңыз аға.
Боранбай келіп кеткелі Бекжан сопыдан ұйқы қашты, япырай мына заман не боп барады. Қара басын ойлап отырған жоқ, бес алты ұсақ жандығынан басқа малы жоқ. Елдің жағдайы, Бала шағасының жағдайы, жұбайы Сәрсенбибінің жағдай не болмақ.
Неде болса амал жоқ, көппен көрген ұлы той, жаратқан алла жар бола көр. Киік жортқан қу далаға солар келе қояр дейсіңбе, деп күбірлеп өзін өзі жұбатқан болады. Тек, өкінетіні екі-үш жылдықта рулас жамағайындары Мыңбай, Селбайлар Үстүртке көшкенде бізбен бірге жүр, жалғыз үй отырасыңба, айдалада?, дегенде тыңдай қоймап еді. Оның себебі аталарының өсіп, өнген, жатқан жерін қимағандық еді. Енді өзі олай, бұлай болып кетсе бала-шағасының, жұбайының жағдайы не болмақ?, деген беймәлім сезім ішін жалап бара жатқандай.
Отыз екі тістен шыққан сөз отыз екі елге жайылады демекші, малға санақ жүргізбекші, ишан, молдаларды ұстайды екен, деген әңгіме ел ішінде гу, гу етеді. Осыдан қорыққан ауылдастары балаларын оқытудан үзілді, кесілді бас тартты. Ендігі жерде сауаттары ашылып келе жатқан екі қызын оқытудан басқа ермегі қалмады. Жаратқан иеме не жаздым екен, артымда қалып ең болмаса өнерімді алып қалар бір ұл бермегені, деп іштей налитын, бар білгенін жат жұрттық болса да сол екі қызына үйретіп әлек. Көбінесе көп бүк түсіп, теріс қарап жатып алатынды шығарды, көзі ашық оқығаны көп Бекеңнің ойлағаны Ел тағдыры, замана жүгі болатын. Әскер шығатын болыпты дегелі атаның басына зиярат етушілерде азайған, бірен саран жолшыбай соғушылар болмаса, ел аяғы суыған.
1927 жылдың күзінде бір топ атты әскер Шопан ата басына сау етіп жетіп келді. Жолдан шаршаған, күздің салқын желі тоңдырған, келе сала тілеуханаға кіріп жайғасып алды. Ыссы шай ішіп, қарындарына бірдеңе барғасын кейбіреудері маужырап ұйқыға кетті. Камандері болса керек кекиген ұзын тұра описер ұлты татарма деймін, әй- шәйға қаратпастан Бекжанның қолына кісен салды. Онысы қашып кетер деп сақтанған түрі.
-Сен молдасың ба, шыныңды айт, тағы кімдер бар?, деп қуырып барады, қолында тізім, Әжігереев Бекжан молда, деп оқып қояды.
-Мен молда емеспін ескіше сауатым бар бала оқытамын, одан басқа ештеме білмеймін, деп отырып алды.
Оған көнетін әлгілерме ертесіне таң қылаң бере, бес, алты жандығын алдарына салып, өзін дедектетіп айдай жөнелді. Кіндік кескен туған жер, адал жары, екі шиеттей қыздары, киелі Шопан ата қонысы көзден бұлбұл ұшып қала барды. Бекжан сұпы төртпақ денелі, орта бойлы, қуатты мығым адам болатын, елуді енді ғана еңсерген тұла бойы даналықпен қоса күш қуатқа да толы болатын. Бесеуін, бес ұрып, мылтықтарын тартып алып, аяқ қолдарын байлап қашып кетсемба екен, деген содыр ойда келмеді емес. Бірақ артында қалған үй іші қолын жіпсіз байлады. Үш күн бойы тынбай жүріп отырған олар Кетік шахарына жетті.
Маңдайшасына қызыл жалау ілген барақ үй, іші абыр-сабыр, кілең қызыл жағалы, әскери адамдар, кейбіреулері шүлдірлеп орысша сөйлейді. Бірден дедектетіп тергеушінің алдына әкелді, қасында жалпиып Майлыбайдың Тәлпеңі отыр. Үлкен іс бітіріп жүрген кісімсіп қасындағы шикіл сары орысқа шала орысшасымен бірдеңелерді түсіндіріп әлек. Бекжан өзі жайлы әңгіме кетіп жатырғанын айтпай ақ түсінді.
-Саған молда екенін мойындасын, халықтың басын айналдырып улап жүргенін мойындасын, дейді описер мырза.
-Жоқ мен молда емеспін, халықты улағаным жоқ, қайта оқытып сауаттарын аштым.
-Онда неге сені сұпы дейді, өтірік алдайсың, мойындап қол қой мына қағазға. Жынданып түкірігіне шашалған Тәлпең орыс тергеушіден де асып түсті. Ұрып, соғыпта мойындата алмаған олар шарасыздықтан шаршап, алып кетің! , деп айқайлады. Қастарында тұрған қарауыл болса керек, сүйреп апарын тас түрмеге тоғытты. Есін жиып көзін ашса, қолқаны атарлықтай шуаш иіс, бөлме ішінде өзі сияқты отыз шақты адам. Ішінде өзі танитын Қаржау ишан, Жары молда сияқты біразы бар екен.
—Тізім жасап берген Тәлпең ит көрінеді, көріңде өкіргір түбімізге жететін болды, деп қарғанып отыр біреуі. Ит қорлықта жатқандарына үш төрт ай болды, 1928 жылдың көктемі де туғалы тұр, әйтсе де әлі де күн ызғар, өңменіңнен өтер суық жел. Таңертең ертемен барлығын шығарып портқа айдай жөнелді, ешкім ештеңе айтып жатырған жоқ қайда апартындары белгісіз. Ішіндегі Тәлпеңнің жамағайыны, сұрап қоймағасын, жер аударады сендерді деген күңкілі естілді. Әйтеуір атпайды екен, оған да шүкір, дейді кейбіреулері. Сонымен отызында қуып апарып жағада тұрған бу кемесіне тықты. Қара түтінін будақтатқан кеме батысқа қарай жол тартты. Екі күн, екі түн бойы ауыр кеме теңіз толқынын тілгілеп қозғалып келеді. Соңғы кезде баяулап кідірмелеуі көбейді, басқару каютасынан айғай естіледі. Бу қазаны істен шыққан, оның үстіне қырсыққанда телеграф байланысы да жасамай тұр. Ендігі жерде ғайыптан тайып жолшыбай кеме кездеспесе аман қалулары екі талай. Кеме үстіндегі әскери күзетшілерді, теңізшілерді де үрей басқан, дәрменсіздік жайлаған. Қамаудағыларға күнделікті беретін сұлы көжесі де қысқарған, күніне бірақ рет береді. Арадан бір апта өтті, камераға от жағуды доғарғалы бөлме іші азынап, күркілдеп жөтелушілер көбейді.
—Бұлай отыра берсек аштан өлеміз, бір айла істеу керек, кеме ботсыманы зар илеп отыр. Аяқ астынан қарауыл бастығы орыс описері бір шешімге келді.
—Тез арада тұтқындардан құтылу керек, әйтпесе көп ұзамай өзіміз өлеміз. Танауы желпілдеп, қанішердің көзінен от шашып тұр. Құдды осы шешімге келгеніне өзі дән риза сияқты.
Кеменің қамақ бөлмесінің есігін ашып, палаубаға шығыңдар, тез, деген ботсыманның даусы құлақты жарды. Аштықтан бұратылған тұтқындар еріксіз сүйретіле орындарынан тұрып төбеге шыға бастады. Бұлардың арам ойын бірден түсінген Бекжан қасындағылармен қоштаса бастады. Өзегін өртеген әттегенайлар, тұла бойын жайлаған шарасыздық, кеудесін қысып тұншықтырып барады. Кеңес үкіметімен бірге келген халқының басындағы тажал, сол тажалға қарсы тұрар дәрменсіздік өкініші өне бойын бір сәт шарпып өтті.
Бәрін кеме жағасына тұрғызып қойып, мылтық кезеніп секіріңдер, деп айқайлап тұр жаналғыштар. Амалдары құрыған тұтқындар жапа тармағай суға секіре бастады. Осылайша әп сәтте отыз адам көк теңізге шөміп жоқ болды. Еркек тоқты құрбандық деген осы.
Тұтқындарды тиеп шыққан кеменің келетін уақыты өткелі бірнеше күн болған еді. Баку гарнизонының бастығы алдарынан шығып іздеуге пәрмен берді. Үш күн өткенде барып толқын тербеп тұрған нән бу кемесінің үстінен шықты. Кеме басы тып—тыныш, жым жырт, тіршілік нысаны білінбейді. Іздеушілер камандирі палаубаға көтеріліп үнсіз состиып тұрып қалды. Кеменің тұтқындар қамайтын бөлмесі бос, үңірейіп үрейлі аузы ашық жатыр. Кеме экипажының бөлмесіне кіргенде барып болған жағдайды бірден түсінді. Аштықтан, суықтан қырылған экипаж мүшелері жайрап жатты, кеме капитанының көзі ашық қалыпты, көзі әлде үрейге, әлде өкінішке толы бақырайып қатып қалған.

Бейкүнә отыз адамның қаны жібермепті…

Насыреддин Қожырбайұлы

Әңгімелер
Толық

Біз жалғыз емеспіз

БІЗ ЖАЛҒЫЗ ЕМЕСПІЗ
Ғылыми фантастикалық әңгіме

Ғарыш кемесі Наутилиустың ғаламды шарлағанына екі ғарыш жылына тең уақыт өтті. Кеме экипажының мақсаты 18 мың ғаламның ішінде Кеплер -452в сияқты тіршілік өмір сүруге жарамды ғаламшар табу еді. Өздері тұратын ғаламшардың соңғы жылдары ауасы тарылып, күннің жарық мезгілі азайып бара жатыр еді. Ғаламшар ғалымдары бүкіл ғаламды зеріттей келе ғылыми экспедиция шығаруға шешім алған болатын. Экспедиция екі жылдың ішінде ғалымдар жасақтаған он алты экзопланеталар тізімінің он бесінде болып тіршілік етуғе жарамсыз деп тапқан еді. Қалайша, сонда бүкіл ғаламда жалғыз саналы тіршілік иесі біз болдық, бұлай болуы мүмкін емес ғой, деген қорқынышты ой кеме капитаны Сафтың басын қатырған еді. Сонда бес миллиардқа жуық жоғары сана иелері жоқ болып кетеме?
Кеплер -452в тұрғындары адамзат санасының шарықтау шыңына шығып, бүкіл ғаламды бағындаратын күшке иеміз деп көкігенімен, ғаламшардың өз айналу орбитасынан шығып кетуге таяу екенін, тыныс алу күннен күнге қиындап бара жатқан себебін ұға алмай әлекке түсуде. Енді соңғы күн жүйесін зеуірттеу ғана қалды, ара қашықтығы өз ғаламшарларынан 1404 жарық жылындай екен. Наутилиустың жылдамдығы 140 жарық жылына сәйкес екенін ескерсек он шақты күннің ішінде жүйеге енетініміз айқын, дейді капитан Саф . Кеплерге соғып, дұрыстап дайындалып, соңғы алған сынақ нәтижелерінің қортындысын қарап жолға шықпақшы болып шешті.
Экспедиция үйлеріне аман сау келгендеріне мәз болып еді, қуаныштары сап тынды, соңғы кезде орын алған катаклизма күннен күнге өршіп, екі мегаполисты жермен жексен еткен болатын. Ғаламшар ғалымдары қайтадан бас қосып, экспедицияның ауыз тұшытарлық емес есебін тыңдай келе, бір емес, бес ғарыш кемесін шығаруға шешті және тез арада. Біріккен экспедицияның басшысы болып әрине тәжірибелі маман Саф тағайындалды. Жоспар бойынша он алтыншы күн жүйесіне тез арада кіріп, зеріттеп егер тіршілік иесі болса, солардың араларына еніп, (Кеплер -452в тұрығындары үшін кез келген тіршілік иесінің кейпіне кіру түк емес болып қалған) жан жақты зеуірттеп күн жүйесінің тұруға жарамды аймағын табу және сол аймақта белгілі бір мерзімде нақты мәліметтер жинақтап Кеплер ғылыми зеріттеу орталығына жолдау болатын.
Он күн бойы ғалам кеңістігін тілгілеген бес алып кеме үн түнсіз жер орбитасына келіп кірді. Жер планетасына келіп қонбай ақ, тіршілік аймағы екеніне көздерін жеткізген экипаж эврикалап айқайлап қуанып жатты. Тез арада Саф Кеплерге бейне хабар жолдады. Бейнеде жер планетасы жымыңдаған сансыз жарығымен мен мұндалап шақырып тұрған еді. Кеплер планетасы Командармы жан жақты ғылыми мәлімет жинақтауға экспедицияға аттай бір ай уақыт берді. Жердің әр бір бөлігіне Бес бестен жирма бес десант түсірген бес ғарыш кемесі Ай планетасының көлеңке бетіне қонды. Бес күн зеріттеу нәтижесінде уақытша тұрақ ретінде осы планетаны қолайлаған еді. Оның үстіне көлеңке беті үнемі күңгірт тартып бейсеубет көзден сақтайтын, ыңғайлы екенін анықтаған болатын.
Жер планетасында тіршілік иелері даму сатысының өздеріне қарағанда он шақты сатыға кейінде тұратыны анықталды. Әйтеуір байланыс саласы біршама дамып интернет желісі бар екен. Бүкіл интернет желісін Кеплер зеріттеу орталығына қосуға он шақты күн уақыт кетті. Жер планетасы тұрғындарының жөтелген, түшкіргеніне дейін Кеплер зеріттеу оталығы бақылап отыратын халге жеткен еді. Қабылдаған мәліметтерді зеріттей келе жер планетасының жағдайы да мүшкіл екені айқын болды. Ең қауіптісі жерге жақындап қалған астероид еді, астероидтің диаметрі 2.8 шақырым, жылдамдығы тәулігіне 3.2 шақырым. Кеплер ғылыми орталығының болжамы бойынша жер орбитасына екі жарым жылда енетіні мәлім болды. Ол жерге келіп соқса жерді өз орбитасынан мүлдем шығарып қаңғытып жіберетіні айдан анық. Бұнда да сол су тасқыны, зілзала, жанартау атқылы сияқты катаклизма көп болады екен. Бірақ бір айырмашылығы, бұнда сол табиғат апаттарының барлығы дерлік адам факторынан орын алғаны анықталып отыр. Кеплер планетасында апаттар туындауына өркениеттің қатысы болмаса, бұнда бәрі басқаша. Адамзаттың табиғатқа келтірген зиыны шектен шығып, өз бастарына қауіп төндіруде, өкінішке орай адамзат бұл бағытта бірде бір қадам жасамаған. Жирма бес экспедиция мүшелері адам кейпіне кіріп әр салада барлау жұмыстарын жүрізуді бастады. Телепортация, Голограмма байланысын меңгерген оларға бәріде анау айтқандай қиынға түсетін емес. Экспедицияның көңілге түйгендері бүкіл жер шарын әділетсіздік, жемқорлық жайлаған, пирамиданың ұшар басында тек қана қосымша пайда табу мәселесі ғана, адамның көк тиын құны жоқ екені. Кеплерде мүлдем басқаша еді ғой, ең бірінші адам тағдыры, сосын басқалары, сонда да планетаға қауіп төнуде. Себебі неде, бұнда адам түсінбейтін қандай сыр бар?
Бір ай бойы Жерді зеріттеу нәтижесін жан жақты қарай келе Кеплер ғылыми орталығы бір шешімге келді. Жердің қазіргі тұрғындары 7,8 мллрд болса, ресурстары жирма миллиардқа дейін қамтамасыз етуғе жететіні анықталды. Сонда бүкіл Кеплер тұрғындарын көшіріп әкелуге толық мүмкіндік бар. Ол үшін Жер шарын басқарып отырған Үкіметті күйрету, орнына жасампаз қоғам орнату. Бұл қоғамда бірінші орында адамзат тағдыры тұрмақ, табиғатты өз үйіңдей көріп аялай білу керек. Осылайша нақты жоспар құрылып, жердегі десант мүшелері іске де кірісіп кеткен еді. Әлемді жемқорлық жайлаған қоғамда, сол елдердің басшылары да жемқор болатыны мәлім әрине. Қосымша табыс көзін ашу мақсатында өздері ауыруды ойлап тауып, соған өздері ем ойлап тауып, миллиардттап ақша жасайды екен. Сорлы халқы қырылғанына қарамай, өздері келіп ажал қармағына ілігуде. Кеплер миграция мәселесіне жауапты басшысы дессант капитаны Сафқа Жер планетасы бойынша шешуші рольдерге өз адамдарын қойып, жер планетасында төңкеріс жасауға дайындалуды тапсырды. Сафтың алдында ең бірінші адамзат баласының соңғы тұрағы жер планетасын апаттан сақтап қалу, табиғатын, экологиясын қалыпты жағдайға келтіру мәселесі тұрды.
Бұл міндет шын мәнінде өте қиын еді, өйткені жерге таяп қалған астеоридті қоспағанда, жер экологиясының бұзылғаны соншалық CO2 көмірқышқыл газы концентрациясы өмірге қауіпті деңгейге көтерілуге аз қалған. Бұл жағдайды реттеу үшін мұнай өнімдерін пайдалануды тез арада доғарып, өздерінде кеңінен қолданылатын геотермалды энергия күшін, мәңгілік қозғалыс күшін пайдалану тәсілін енгізу еді. Қоршаған ортадан энергия алып электрогенераторларды қоғалысқа келтіру Кеплер планетасында кеңінен қолданылатын еді. Бұл миссияны жүзеге асырудың қиын болатын себебі мұнай, газ өнімдерін пайдаланудан шығару өзімен бірге бүкіл жер шарында үлкен жұмыссыздыққа, саяси дағдарысқа әкелетін еді. Кеплер планетасында бастарынан өткен қиын жағдайды Саф еске түсірді. Цивилизацияның қайбір даму сатысында биороботтарды көптеп шығару Кеплер планетасындағы табиғи сана иелеріне жойылып кету қаупін төндірген болатын. Өзінен өзі дамуды әбден меңгерген биороботтар табиғи сана иелеріне соңыс жариялаған еді. Ғылыми жетістіктерге жету арқасында биороботтарды жаппай жойып әрең аман қалған еді. Сол қиын жағдай жер планетасындада қайталану қаупі бар екені мәлім болды. Тірі организмнен айырмашылығы қарапайым адамға айырып алғысыз биороботтар толып кеткен. Олар үшін адамдық құндылықтар бір тиын еді. Биороботтарды басқару оңай болатын, өйткені оларда принціп жоқ, ұлт, тіл, діл керек емес, бағдарламалары қалай орнатылса солай өмір сүре беретін. Қосымша табысты көбейтуді негізгі мақсат етіп алған қоғам үшін бұл таптырмайтын әдіс болатын. Өкінішке орай олар өз көрлерін өздері қазып жатырғанын сезер емес. Сондықтан экспедицияның алдында сол жасанды сана иелерін әшкерелеп жойып отыру міндеті тұрды.
Жердегі ғылыми астрологиялық обсерватория орталығына кіріп қызмет атқарып отырған Кеплер экспедициясының мүшесі обсерваторияға заманауй жаңа телескоп орнатып берді. Сол телескоптың арқасында жерге жақындап қалған астеоридті жіті бақылауға алып еді. Жер орбитасына жақындаған сайын Кеплер планетасындағы ғылыми зеріттеу орталығы үлкен қарбаласқа түскен еді. Алдарында астероидтті жер орбитасына кірмей тұрып жойып жіберу міндеті тұрды. Ай планетасының күңгірт бетінен ұшып шыққан екі ғарыш кемесі жерге қарай бет алды. Ядролық оқбасымен оқталған ракета бөлігі жерден бұйрық күтуде. Жерден жіті бақылау жүргізіп отырған экспедиция мүшесі ғарыш кемесінің командалық орталығына шифрланған астероидтың координатасын жолдады. Артынан қуып жеткен ғарыш кемесі астероидтан қауіпсіз қашықтықта жүрісін баяулатып аспан денесінің жылдамдығына көшті.
Екі кеме екі жақтан қыспаққа алып кері есеп басталды, 5,4,3,2,1 екі кемеден бір мезгілде бөлініп шыққан ядролық ракета астероидтқа бір мезгілде барып тиді. Жердегілерге көрінгендей аспанда көз қаратпайтын қатты жарылыс болып, сан мыңдаған от жан жаққа шашырап барып біртіндеп басылды. Ертесіне БАҚ та аспанда беймәлім жарылыс болғаны жаряланды, алайда Жер шарының апаттан бір адымдай жерде аман қалғанын ешкім білген жоқ, құпия күйінде қалды.
Күн артынан күн өтіп құпия майданда жеңіске жеткен 25 шетпланеталықтар ақыр соңы тұтынушы қоғамды күйретіп жер шарында жасампаз қоғам құрған болатын. Бүкіл 250 ге жуық мемлекетте біртіндеп басқарушы жүие өзгеріп тынды. Жемқорлық, адам қанаушылық, нәпсіқұмарлық сияқты қоғамға елеулі кері әсерін тигізетін факторлар мүлдем жойылып тынды. Жер бетінде толықтай дерлік бейбітшілік орнады. Осылайша небары үш жылдың ішінде Кеплер тұрғындарын Жерге көшіруге толықтай мүмкіндік туған еді. Күн сайын заманауй жаңа технология дамып адам игілігіне жарап жатты. Бірақ ол озық технологияның аяқ астынан қалай пайда болғаны ешкімді таңдандыра қойған жоқ. Адам кейпіне еніп біртіндеп көшіп келіп жатқан шетпланеталықтар ешкімге күмән келтірген жоқ. Соңғы санақ бойынша Жер тұрғындарының 14 млрд қа жеткені де ешкімді таңдандырған жоқ.
Кеплер планетасынан ұшып шыққан соңғы ғарыш кемесі жолаушылары планетаның өз орбитасынан шығып жарық жылдамдығымен түпсіз галактикаға аға жөнелгенін анық көріп жағаларын ұстады.

Насыреддин Қожырбайұлы

Әңгімелер
Толық