Есімдер мағынасы

Әрбір ата-ана өмірге келген сәбиге әдемі, көркем есім таңдауға тырысады. Бүгінде елімізде қазақы аттардан бөлек, басқа тілдерден енген, көпшілік арасында кең таралған заманауи есімдер жиі қойылады.

Мансұр

Мансұр есімінің мағынасы, араб тілінен – 1) жеңімпаз, жеңіске жетуші. 2) құдіретті.

Есімдер мағынасы
Толық

Әмір

Әмір есімінің мағынасы, араб тілінен – бастық, әкім, билеуші. Біріккен тұлғалы есімдер: Әмірбай, Әмірбек, Әміржан, Әміртай, Әмірәлі.

Есімдер мағынасы
Толық

Рамазан

Рамазан есімінің мағынасы – араб тілінен рамадан – күйдіруші, жандырушы. Араб елдерінде бұл өте ыстық ай. Мұсылман жыл санауының тоғызыншы айы, осы айда туған балаға осындай есімдер қойылған.

Есімдер мағынасы
Толық

Алдияр

Алдияр есімінің мағынасы, араб-иран. аллайар – Алланың досы; тақсыр, ұлы мәртебелі.

Есімдер мағынасы
Толық

Арсен

Арсен есімінің мағынасы, Арсений – көне грек тілінен "арсениос" – батыл, ержүрек деген мағына береді. 

Есімдер мағынасы
Толық

Мирас

Мирас есімінің мағынасы — араб тілінен мұра, артта қалатын көз, тұяқ.

Есімдер мағынасы
Толық

Нұрасыл

Нұрасыл есімінің мағынасы – "нұр" мен "асыл" сөздерінің қосындысы. Асыл – араб тілінен алынған әсил – 1) негіз, түбір, түп нұсқа; 2) шынайы, нағыз; 3) қымбатты, ардақты.

Есімдер мағынасы
Толық

Ислам

Ислам есімінің мағынасы – түп-тамыры "салима", "юслиму", "ислам" яғни, бейбітшілік, аманшылық деген сөздерден бастау алады, ол Алла тағаланың "әс-Сәләм"  деген көркем есімімен сабақтас. Ал шариғаттағы мағынасы – толық мойынсыну, Алланың алдында парыздарды орындау, одан басқа жалған құдайларға табынбау. 

Есімдер мағынасы
Толық

Нұрислам

Нұрислам есімінің мағынасы – "нұр" мен "ислам" сөздерінен құралған. Араб тілінде нұр – жарық, сәуле, ал "ислам" дініміз болғандықтан, Алланың нұры жаусын деген ниетпен қойған. 

Есімдер мағынасы
Толық

Расул

Расул есімінің мағынасы, араб тілінен – 1) хабаршы. 2) елші, уәкіл.

Есімдер мағынасы
Толық