Өлең: Жалған сөздер

Өлең: Жалған сөздер казакша Өлең: Жалған сөздер на казахском языке


Жалғанды жапырып жасырын,
Дүниенің іздемедім асылын.
Талай күнді ұйқысыз өткізсем,
Себепкер сен болғансың ғашығым.

Қызығын қуып жүргенде жай қаланың,
Уақыты өтіп барады бай қараның.
Алыстап кетсемде өзіңенен,
Жүрегім сағынады байқағаным.

Бір жердеміз, бірақ жырақтасың,
Айтып жүрме мендік сұраққа сын.
Сүйгенім үшін мүмкін кінәлімін,
Қайтейін жүрекпен шын ұнатқасын

Білемін жалған өмір,тағдырымда,
Уақытша бәрі бар мұңымда.
Мен барда уақыт таппайтын ең,
Уақыт тауып жүрсіңғой барлығына.

Бір берген өміріме келіп кеттің,
Мен саған жас балаша сеніп кеттім.
Кіммен жүрсеңде өз еркің,
Себебі мен сені ерікті еттім.

Өмірде адаммен адам топтар теңі,
Өзіңше бар қыласың жоқ нәрсені.
Тағдырғой бәрі болады дейсің,
Аңғалым-ай,білмейсіңғой көп нәрсені.

Бүгін жүрек тағыда бүлкілдеді,
Есіңе аларсың алмасаңда бір күндері.
Енді ешқашан сағынбаймын деп алып,
Сағынып жүрген шығарсың мүмкін мені.

Бәрі есімде оңаша қалған кездер,
Қиылып сүзіліп салған көздер.
Сүймеймін, күймеймін,
Бәрі-бәрі жалған сөздер.

Бақытбек Дәурен




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, жалган создер, жалған сөздер, ғашығым, жапырып, нәрсені, мүмкін, жалған, барады, Уақыты, қаланың, жүргенде, Қызығын, болғансың, Себепкер, өткізсем, ұйқысыз, күнді, Талай, асылын, іздемедім, Дүниенің, жалган создер, жалған сөздер, ғашығым, жапырып, нәрсені, мүмкін, жалған, барады, Уақыты, қаланың, жүргенде, Қызығын, болғансың, Себепкер, өткізсем, ұйқысыз, күнді, Талай, асылын, іздемедім, Дүниенің, Өлең: Жалған сөздер қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке