Қыздарға арналған кішкентай қулықтар

Қыздарға арналған кішкентай қулықтар казакша Қыздарға арналған кішкентай қулықтар на казахском языке


«Аяғым ұзын болып көріну үшін не істеймін?», «Арық көріну үшін қалай киінген дұрыс?», «Беті домалақ қыздарға қандай ойығы бар кофта жарасады?» - қыздардың сұлулық жайлы сұрақтары ешқашан таусылмаған. Кейбіріне бүгін жауап табылды.

✅ 1) Ақшыл сары туфли мен қысқа белдемше аяқтарыңызды ұзын етіп көрсетеді;

✅ 2) Жамбастың толықтығын тік пішіндегі шалбарлар мен джинсылар жасырып тұрады;

✅ 3) Егер беліңіз жіңішке, бірақ жамбасыңыз жалпақ болса, онда сізге клеш джинсы мен белге тағылған белдік жарасады;

✅ 4) Киімдегі ұсақ суреттер сырттан кішірейтіп көрсетеді, ал үлкен суреттер керісінше ірілетіп көрсетеді;

✅ 5) Ұзын көйлектер мен белдемшелер бойыңызды қысқартып көрсетеді;

✅ 6) Формасыз киімдер кез келген пішінді бұзып тұрады;

✅ 7) Басы домалақ, өкшесі біздей туфлилер аяғыңызды жіңішке етеді;

✅ 8) Ал басы үшкір туфлилер аяқтарды толықтау етіп көрсетеді;

✅ 9) Қара колготкилер (50 деннен аспайтын) аяқтарыңызды бір-екі келіге азытады, ал қара аяқ-киіммен үндескенде аяқтарыңыз ұзара түспек;

✅ 10) Ашық түсті колготкилер керісінше аяқтарыңызды толығырақ әрі қысқарақ көрсетеді. Бірақ, ақ сары туфлимен ұзынырақ көрінеді;

✅ 11) Мөлдір блузка сырт көзге барлық артықшылықтарыңызды да, кемшіліктеріңізді де көрсететінін ұмытпаңыз;

✅ 12) Егер киімдерді үйлестіре алу қасиетіңіз болмаса, классикалық стильдерге жүгініңіз;

✅ 13) Үш түс ережесі: бейнеңізде үштен артық жасаушы пайдаланбаңыз, әйтпегенде елдің күлкісіне қалуыңыз мүмкін;

✅ 14) Шаш үлгіңіз гардеробыңыздағы киімдермен үйлесуі керек;

✅ 15) Егер бірнеше иіс су пайдалансаңыз, иіс суды киіміңізге сеппеңіз. Иіс бір ай бойы сақталуы мүмкін;

✅ 16) Бет пішіні домалақ қыздарға V-түріндегі ойықтар келеді, ал домалақ ойық сопақ бетті қыздарға жарасады;

✅ 17) Бір ғана стильдегі киімге құмар болмаңыз, әйтпесе бейнеңіз уақыт өте келе қызықсыз болып қалады;

✅ 18) Ботфорты аяқтарды қысқартып көрсетеді;

✅ 19) Футляр пішінді көйлек арық қыздарға да, толық пішінді қыздарға да жарасады. Бірақ жіңішке белді және биязы жамбасты қыздардың үстінде тіпті керемет көрінеді.




KZ » Пайдалы кеңестер жинағы » Қыздарға (бойжеткен) пайдалы кеңес жинағы, көрсетеді, қыздарға, домалақ, жарасады, көріну, болып, жіңішке, аяқтарыңызды, қыздардың, пішінді, көрінеді, қысқартып, туфлилер, керісінше, мүмкін, суреттер, аяқтарды, колготкилер, істеймін, көрсетеді, қыздарға, домалақ, жарасады, көріну, болып, жіңішке, аяқтарыңызды, қыздардың, пішінді, көрінеді, қысқартып, туфлилер, керісінше, мүмкін, суреттер, аяқтарды, колготкилер, істеймін, Қыздарға арналған кішкентай қулықтар пайдалы кеңестер пайдалы кеңестер журналы пайдалы кеңестер қыздарға полезные советы на казахском языке Тұрмысқа пайдалы кеңестер кеңестер жігіттерге ерлерге